Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-41/2020 бұйрық (24.04.2020): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № ҚР ДСМ-41/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 сәуірде № 20484 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-41/2020
Қабылданған күні
24.04.2020
Актіні өзгерту күні
30.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер
  2. Жылу беру маусымы ұзақтығының коэффициенттері
  3. Экологиялық коэффициенттер
  4. Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффициенті

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-170/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 24 сәуірдегі № ҚР ДСМ-41/2020 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына 23-қосымша

Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер

р/с №АтауыӨлшем бірлігіТариф, теңге
1Карантиндік емдеуге жатқызу бойынша тарифтөсек-күн10 413,96
2Провизорлық емдеуге жатқызу бойынша тарифтөсек-күн11 619,8
3Тәулік бойы стационарлардағы емделген жағдай үшін тарифтөсек-күн15 113,34
4Полимеразды тізбекті реакция әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНК-сын анықтауға диагностикалық зерттеу тарифіқызмет11 499,46
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер 1-қосымша

Жылу беру маусымы ұзақтығының коэффициенттері

№Өңірдің кодыОблысЖылыту маусымы ұзақтығының коэффициенті
111Ақмола облысы1,0049
215Ақтөбе облысы
335Қарағанды облысы
439Қостанай облысы
555Павлодар облысы
659Солтүстік Қазақстан облысы
763Шығыс Қазақстан облысы
871Нұр-Сұлтан қаласы
923Атырау облысы1,0028
1027Батыс Қазақстан облысы
1147Маңғыстау облысы
1243Қызылорда облысы
1319Алматы облысы1,0000
1431Жамбыл облысы
1551Түркістан облысы
1675Алматы қаласы
1751Шымкент қаласы
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтерге 2-қосымша

Экологиялық коэффициенттер

№Өңірдің кодыОблысӨңірКоэффициент
11536Ақтөбе облысыБайған ауданы1,0779
21548Мұғалжар ауданы1,0779
31556Темір ауданы1,0779
41564Шалқар ауданы1,2595
51568Ырғыз ауданы1,0779
63560Қарағанды облысыҰлытау ауданы1,0779
73548Қарқаралы ауданы1,0243
84310Қызылорда облысыҚызылорда қ.1,1557
94319Байқоңыр қ.1,1557
104332Арал ауданы1,2595
114336Жалағаш ауданы1,1557
124340Жаңақорған ауданы1,1557
134344Қазалы ауданы1,2595
144346Қармақшы ауданы1,1557
154348Сырдария ауданы1,1557
164352Шілікті ауданы1,1557
175116Түркістан облысыАрыс қ.1,0779
185126Түркістан қ.1,0779
195148Отырар ауданы1,0779
205156Созақ ауданы1,0779
215164Шардара ауданы1,0779
226332Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы1,0283
236318Аягөз қ.1,0243
246334Аягөз ауданы1,0243
256336Бесқарағай ауданы1,0283
266338Бородулиха ауданы1,0243
276340Глубоковск ауданы1,0243
286344Жарма ауданы1,0243
296346Зайсан ауданы1,0202
306320Зырян қ.1,0202
316348Зырян ауданы1,0202
326350Көкпекті ауданы1,0202
336322Курчатов қ.1,0243
346324Риддер қ.1,0243
356328Семей қ.1,0243
366358Тарбағатай ауданы1,0202
376362Ұлан ауданы1,0243
386364Ұржар ауданы1,0202
396368Шемонайха ауданы1,0243
406310Өскемен қ.1,0243
415552Павлодар облысыАққу ауданы1,0202
425556Мамыр ауданы1,0243
435536Баянауыл ауданы1,0162
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтерге 3-қосымша

Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффициенті

№Медициналық ұйымның атауыТүзету коэффициенті
КДҚстационар
1Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының "Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны1,06911,0121

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-41/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-41/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-41/2020, қырық бірінші бұйрық, ҚР ДСМ-41/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.