Жүйке тіні, ұлпасы, құрылысы, ерекшелігі
Организмдегі нерв тiнiнiң маңыздылығы нерв жасушаларының (нейрондар) тiтiркендiргiштi қабылдау, қозу, импульсті түзу және оны өткiзу сияқты негiзгi қасиеттерiмен айқындалады. Нерв тiнi нерв жүйесi мүшелерiнің құрылысының негiзi болып табылады.
Жүйке тінін әрбір әдебиетте әртүрлі, көпшілігі жүйке деп ал басқалары болса нерв тіні деп аударып жүр. Сондықтан біз осы материалда екі ұғымда да қолданатын боламыз.
Нерв тiнi арнайы қызметтер атқаратын нейрондар мен нейроглиядан тұрады. Нейроглия нейрондардың қызметiн қамтамасыз етедi және тiректiк, трофикалық, шектеушi, секреторлық, қорғаныштық қызметтерiн атқарады.
Нерв (жүйке) жасушалары
Нейрондар немесе нейроциттер нерв жүйесінің маманданған жасушалары. Олар сигналдың қабылдануына, өңделуіне және жеткізілуіне жауапты. Нейрондар- ды қызметтеріне және тармақ- тарының санына қарай жіктейді. Нейрондар дене және тармақтардан тұрады. Бұл тармақтар – аксон (нейрит) және сандары әр түрлi, тармақталған дендриттер болып жiктеледi. Аксон арқылы импульс жасуша денесiнен өтедi.
Нейрон құрылысы
Дендриттер нерв жасушалары- ның өсінділері. Олардың құрамында хроматофильді субстанциясының кесегі, митохондриялар, көптеген микротүтіктер және нейрофиломенттер болады.
Аксон арқылы жасушаның денесінен импульс беріледі. Онда митохондриялар, нейротубулдер және нейрофиламенттер, сондай– ақ тегіс эндоплазмалық тор болады.
Нейрондардың қызметтерiне байланысты жiктелуі:
- афферентті (немесе сезiмтал, рецепторлы) – импульсты қабыл- дайды;
- ассоциативтi (кiрiстiрмелi) – нейрондар арасындағы байланысты жүзеге асырады;
- эффекторлы – импульсты жұмыс- шы мүшелердiң тiндерiне өткiзедi.
Псевдоуниполярлы нейрондар арқалық ганглилерде, биполярлылар сезу мүшелерiнде кездеседi. Көбiнесе нейрондар мультиполярлы. Нейро- бластарда униполярлы форма болады. Нейрондар денесi пирамида, ұршық, алмұрт, жұлдызша немесе домалақ тәрiздi болуы мүмкiн. Олардың құрамында барлық негiзгi органеллалар – Гольджи кешенi, ЭПТ, митохондриялар, лизосомалар болады.
Нерв тiнін анилиндi бояумен бояған кезде, нейрондар цитоплазмасында базофильдi түйiршiк тәрiздi хроматофильді заттар айқындалады (тигроидты зат).
Бұл заттар перикариондар мен нейрондардың дендриттерiнде орналасқан. Хроматофильдi зат – бұл түйiршiктi эндоплазмалық тордың, бос рибосомалардың және полисомалардың жиынтықтары.
Нейроглия нерв тiндерiнде тiректiк, шектеушi, трофикалық, секреторлы және қорғаныштық қызметтерiн атқарады. Орталық және перифериялық нерв жүйелерiнiң глияларын ажыратады.
Макроглия. Ол нерв түтiгiнiң глиобласт- тарынан дамиды. Макроглия түрлері:
- эпендимоциттер,
- астроциттер
- олигодендроциттер жатады.
Эпендимоциттер ми қуыстары мен жұлынның орталық өзегiн астарлайды. Бұл жасушалардың пiшiндерi цилиндр тәрiздi. Олар секреторлы қызмет атқарады – жұлын сұйықтығын секреттейдi. Кейбір эпендимо- циттерде қозғалмалы кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйықтығының жылжуына ықпал етеді. Көптеген эпендимоциттердің базальді беті тегіс, бірақ кейбір жасушалардың нерв тініне тереңдеп өтетін ұзын өсіндісі болады. Мұндай жасушалар танициттер деп аталады.
Астроциттер (грек. аstron – жұлдыз) – органеллалары аз, тармақталған жасуша. Олар негiзiнен тiректiк және шектеушi қызметтерін атқарады. Астроциттердің протоплазматикалық және талшықты екі типін ажыратады. Протоплазматикалық астроциттер орталық нерв жүйесінің сұр затында, ал талшықты астроциттер ақ затында орналасады.
Олигодендроциттер орталық және шеткілік нерв жүйесiнде нейрон денесiн қоршайды. Олар нерв талшықтарының қабығы мен нерв ұштары құрамында болады. Олигодендроциттер қызметi – трофикалық, миелиндi синтездеу, жасушалар тармақтары айналасында қабық түзу (олар нейролеммоциттер немесе Шванн жасушалары деп аталады).
Микроглия фагоцитоздаушы жасушалар, олар сүйек кемiгiнiң промоноциттерiнен дамиды. Оның қызметi – нерв тiндерiн инфекциядан, зақымданудан қорғау және терв тінінің бұзылған өнімдерін шығару. Микроглия жасушалары жылжымалы, көлемi аса үлкен емес, денесi ұзыншақ пiшiндi болады. Бұл күйiнде микроглиялар түйiршiктi шарлар деп аталады. Осы сипатталған морфология тармақталған микроглияға тән. Олардың фагоцитоздық қабілеті төмен. Тармақталған микроглия орталық нерв жүйесінің сұр және ақ заттарында кездеседі.
Нерв (жүйке) талшықтары
Қабықтармен қапталған нерв жасушаларының өсінділері нерв талшықтары деп аталады. Құрылысы бойынша нерв талшықтарын ажыратады:
- миелиндi нерв талшығы
- миелинсiз нерв талшығы
Миелиндi нерв талшықтары орталық және перифериялық нерв жүйесінде кездеседi. Олар миелинсiз нерв талшықтарынан жуандау. Миелиндi талшықта бiр бiлiктi цилиндр, миелиндi қабат және нейролеммалар болады. Қалыптасқан нерв талшығында екi қабатты: iшкi – миелиндi қабат және сыртқы – нейролемманы ажыратады. Миелиндi қабатта липидтер көп, сондықтан осмий қышқылымен өңдеген кезде ол қоңыр – қара түске боялады. Бұл қабатта жiңiшке ашық сызық – миелин кертпелерi кездеседi. Миелиндi қабық тұтас болмай әр аралықтарда ұзындықтары бiркелкi емес сегменттер түзiп, үзік- үзік болып келедi. Бұл үзік жерлерде миелинді қабат болмайды және үзiлген жерiн Ранвье ұстаушысы деп атайды.
Нерв талшығының бiлiктi цилиндрi нейроплазмадан түзiлген. Ол сыртынан нерв өткiзушi аксолеммамен қапталған. Миелиндi талшықта импульс өткiзу жылдамдығы миелинсiз талшыққа қарағанда жылдам, себебi онда импульс Ранвье ұстаушысы бойымен секiру арқылы жылдам берiледi.
Миелинсiз нерв талшықтары вегетативтi нерв жүйесi құрамында болады. Олар бiрнеше бiлiктi цилиндрлер мен нейро-леммоциттерден түзiлген қабықтан тұрады.
Нерв (жүйке) ұштары
Нерв ұштарының 3 тобын ажыратады:
- нейрон аралық синапстар, олар нейрондардың арасындағы байланыстарды жүзеге асырады;
- эффекторлы, олар нерв импульсын жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өткiзедi;
- рецепторлы (сезімтал) нерв ұштары.
Нейрон аралық синапстар
Синапстар – нейрондар арасындағы арнайы байланыс, бұл жерде импульс бiр нейроннан екiншi нейронға немесе етті және безді құрылымдарға өтедi. Синапстар импульсті өткізу бағытын анықтайды. Егер аксонды электр тоғымен тітіркендірсе, онда импульс екі бағытта жүреді, бірақ нейрон денесі мен оның өсінділеріне қарсы жүретін импульс басқа нейронға берілмейді
Аксон тармақшаларының орналасуына байланысты синапстарды ажыратады:
- аксодендриттi (бiр нейрон аксонының терминалды тармағы басқа нейронның дендритiмен синапстық байланысқа түседi)
- аксосоматикалық (нейронның терминалды тармағы басқа нейронның денесiнде аяқталады)
- аксоаксональді (бiр нейронның терминалды тармағы екiншi нейронның аксонында аяқталады).
Эффекторлы нерв ұштары қозғалтқыш және секреторлық болып бөлінеді.
Қозғалтқыш нерв ұштары – бұл соматикалық немесе вегетативтi нерв жүйесiнiң аксондарының ұшты аппараты. Олардың қатысуымен нерв импульсі жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өтедi. Қозғалтқыш нерв ұштары көлденең жолақты бұлшық еттерде нервтi-еттi ұштар деп аталады.
Рецепторлы нерв ұштары. Олар сыртқы ортадан және iшкi мүшелерден әртүрлi тiтiркенудi қабылдайды. Осыған байланысты рецепторлардың екi тобын ажыратады: экстерорецепторлар, интерорецепторлар.
Экстерорецепторларға есту, көру, иiс, дәм сезу рецепторлары жатады. Интерорецепторларға висцеро – рецепторлар жатады.
Барлық сезімтал ұштар құрылыс ерекшелiктерiне байланысты рецепторлы ұштар бос және бос емес болып бөлiнедi. Бос ұштар бiлiктi цилиндрдiң тек соңғы тармағынан тұрады, ал бос емес рецептор нерв талшығының түгел компонентiнен тұрады, яғни бiлiктi цилиндр тармақталған және глия жасушалары бар.
Бос емес нерв ұштары дәнекер тiндi қабықпен қапталуы мүмкiн – бұл инкапсулденген нерв ұштары. Дәнекер тiндi қабығы жоқ нерв ұштары капсулденбегенге жатады.
Бос емес нерв ұштары негiзi суықты, жылуды қабылдайды. Мұндай ұштар эпителиге тән. Дәнекер тiндерiнде рецепторлар әртүрлi. Оларға бос емес инкапсулденген рецепторлар – Фатер – Пачиннiң пластинкалы денешiгi жатады.
Инкапсулденген нерв ұштарына сондай-ақ бұлшық ет және сiңiр рецепторлары жатады.
Рефлекторлық доға
Рефлекторлық доға – бiр – бiрiмен синапс арқылы байланысқан нейрондар тiзбегi. Олар қозуды сезгiш нейрондар рецепторынан жұмысшы мүшенiң эфференттi ұшына дейiн өткiзудi қамтамасыз етедi. Ең қарапайым рефлекторлық доға екi нейроннан тұрады: сезгiш және қозғалтқыш. Көп жағдайларда сезгiш және қозғалтқыш нейрон- дар арасында кiрiстiрмелi немесе ассоциативтi нейрондар орналасады.