Процедураға дайындық.
1. Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алу.
2. Мұрын қуысын қарап, оның тазалығына көз жеткізу. Қажет болған жағдайда мұрынды тазалау (науқастың сіңбіруін сұрау), қабыршықтарды тазалау, стерильді вазелинді маймен жұмсартып, мақта фитилдерімен тазалау.
Мұрынды сумен жууға болмайды,өйткені алған жағындымыздан дұрыс нәтиже ала алмаймыз.Жағынды таңертең науқас дәретханаға бармай, жуынбай тұрғанда жүргізілген дұрыс.
З. Қолды сабынмен жуып, стерилді қолғап пен маска кию.
4. Пробирканы стеклографпен нөмерлеу керек: пробирканы штативке орнатамыз.
Пробирканың реттік нөмері науқастардың аты – жөндерімен сәйкес келуі керек.
Процедураны орындау
1. Сол қолдың 3,4,5 саусақтарымен «Мұрын-2» пробиркасын алып, оң қолмен тампонды ашамыз.
Оң қолдың саусақтары пробирканың қақпағына тимеу керек.
2. Сол қолымызбен зерттелушінің мұрын ұшын жоғары көтеріп,оң қолмен тампонды мұрынның оң жақ қуысына, содан кейін сол жақ қуысының түбіне енгіземіз. Тампон жеңіл бұратылған қозғалыспен төменгі мұрын кеуілжіріне 1.5-2см тереңдікке енгізіледі.
3. Тампонды мұрын қуысынан шығару.
Тампон стерильді емес сыртқы ортада аз уақыт болу қажет.
4. Тампонды пробирканың сыртқы қабырғасына тигізіп алмай, мұқият пробиркага кіргіземіз. Пробирканың ауызы мықтап жабылғанына көз жеткізу.
5. Пробирканы жауып, штативке қоямыз. Штативті бикске салып, аузын жақсылап бекітеміз. Пробиркамен жолдаманың нөмірлерінің сәйкестігіне көз жеткізу.
Процедураның аяқталуы
1. Қолғап пен масканы шешіп, дифферицирленген ерітіндіге салу.
2. Қолды жуып, құрғату.
3. Жолдаманы жазу.
4. Бикстегі алынған материалды бактериологиялық сараптамаға жіберу.Пробирканы арнайы тоңазытқышта 2-3 сағат сақтауға болады.