Етеккір алды синдромы (ЕАС)
Күрделі патологиялық симптомокомплекс, етеккір алдында 2-10 күн бұрын басталып, етеккір басталысымен аяқталады. Үдемелі салмағы 30-40 жастан асқандарда 47-57 %.
Этиологиялық факторлар:
- Стресс, індетті аурулар (нейроинфекция);
 - Туберкулез, ревматизм;
 - Асқынған тұқымқуалаушылық;
 - ООЖ, жүрек қан тамыр, ас қорыту жүйелерінің аурулары;
 - Бас сауытының жарақаттары;
 - Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары.
 
Даму себептері: ЕАС дамуының бірнеше теориялары бар: гормоналды дисфункциялы, сулы интоксикациялық, психосоматикалық, аллергиялық простогландинді. Негізгі даму себебі болып – туа және жүре пайда болған гипоталамо-гипофизарлы – бүйрек үсті безі жүйесінің жетіспеушілігі кезінде ОЖЖ әртүрлі бөлімдерінде пайда болады.
Етеккір алды синдром жіктелуі
Клиникалық көрінісіне байланысты
Жүйелік психикалық формасы
- көбіне 24-34 жаста болады;
 - науқас қозғыш, агрессивті немесе депрессивті болады;
 - аяқ қолы жансызданады;
 - әртүрлі дыбыстарға, иістерге сезімтал болады;
 - сүт бездерінің ісінуі байқалады.
 
Ісінулік формасы
- көбіне 20-24 жаста болады;
 - науқастың сүт бездері ісінеді, ауыршаң болады;
 - беті мен аяқ-қолдары ісініп кетеді, іші кебеді;
 - терісі қышиды;
 - науқас тершең, әлсіз болады;
 - зәрдің жалпы көлемі азаяды;
 - көздің аймағы ісінеді;
 - дене салмағы жоғарылайды;
 - гипернатриемия, гипокалиемия байқалады.
 
Цефалгиялық формасы
- көбіне 16-19 жаста болады;
 - науқастың басы қатты ауырады;
 - қозғыш болады;
 - жүрегі айниды, құсады;
 - басы айналады;
 - иістерге, дыбыстарға сезімталдығы жоғарылайды;
 - жүрек аймағы ауырады.
 
Кризді формасы
- қан қысымы жоғарылайды;
 - қорғанышты сезім болады;
 - кеуденің артында ауыру сезмі пайда болады;
 - аяқ қолдары суып, жансызданып кетеді;
 - жүрек соғысы қатты, тахикардия болады.
 
Атипті формасы
- жалпы гингивит,
 - стоматит;
 - циклдық бронхтық астма;
 - бастың ауыруы;
 - гипертермия;
 - аллергия болады.
 

Симптомдардың санына, клиниканың айқындылығына байланысты формалар:
- Жеңіл формасы: Аурудың 3-4 симптомы кездеседі.
 - Ауыр формасы: Аурудың 5-12 симптомы кездеседі
 
Сатыларға байланысты
- Компенсаторлы аурудың жеңіл формасына ұқсас
 - Субкомпенсаторлы аурудың симптомдары жылдан жылға өрши береді
 - Декомпенсаторлы аурудың симптомдары етеккір тоқтағаннан кейін де сақталып, сау күндер азайып, науқастың жұмысқа қабілеті төмендейді.
 
Емі:
- Еңбек және демалыс режимі, етеккір циклының 2 фазасында суды аз ішу керек;
 - Физиотерапия (аэротерапия, бетті мойынды аймақты гальванизациялау, электрофорез, гелиотерапия, УФО, санаторлы-курортты ем);
 - Транквилизаторлар (элинеум, френолон, тыныштандыратын препараттар, етеккір циклының 10-14 күндері нейролептиктерді тағайындау);
 - Витаминотерапия (А, В6, Е тобы), антигистаминды препараттар (димедрол, тавегил, диазолин, кистин);
 - Құрамында калий бар диуретиктер;
 - Гормоналды терапия (етеккір циклының 16 күнінен бастап, 10 күн бойы прогестагендер, етеккір циклының 5 күнінен 25 күніне дейін синтетикалық эстроген- гестагенді препараттар, етеккір циклының 2 фазасында прогестагенді 8-10 күн бойы 1,25 мг парлодел тағайындайды), ал 40 жастан асқан әйелдерге етеккір циклының 2 фазасында прогестагенді андрогендермен бірігіп береді (8 күн бойы тіл астына, 3 емдеу курсы, арасында демалыс 2-3 ай).
 
 
 
