Кастрациядан кейінгі синдром (ККС)
Аналық бездерді толығымен оперативті жолмен алып тастағаннан соң немесе сәулелендіру арқылы бірден қызметінің өшіп қалуынан организмдегі циклдық өзгерістердің тоқтап қалып, вегетативті-тамырлық, жүйелік – психикалық және эндокринді зат алмасу симптомдарының комплексі пайда болады. ККС гонадаларды алып тастау операциясынан кейін 60-80 % әйелдерде кездеседі.
Этиологиялық факторлар:
- аналық бездерді алып тастағаннан кейін дамиды аурудың ағымына әсер ететін жағдайлар:
 - психикалық жарақаттар;
 - жүйелік;
 - психикалық және созылмалы аурулар;
 - туберкулез, гипертиреоз, бауыр, бүйрек аурулары.
 
Даму себептері: Эстрогендердің бірден төмен түсуінен және гонадотропиндердің секрециясының жоғарылауынан бас миының қыртыс асты қозғыштығы артады, бүйрек үсті безінің глюкокортикоидты функциясы төмендеп, қалқанша безінің функциясы жоғарылайды.
Кастрациядан кейінгі синдром клиникасы
1.Вегетативті – тамырлы бұзылыстар:
- Гипергидроз
 - Бастың ауруы
 - Бастың айналуы
 - Құйылулар
 - Жүректің ауруы мен қысылуы
 
2.ОЖЖ-нің бұзылыстары 2 жылдан кейін дамиды:
- Қозғыштық
 - Жылауықтық
 - Ұйықтамау
 - Есінің нашарлауы
 
3.Эндокринді – зат алмасулық бұзылыстар:
- Семіздік
 - Остеопороз
 - Атеросклероз
 - Гиперхолестеринемия
 - Гипергликемия
 
Диагностика:
- Анамнез;
 - Клиникалық көріністер;
 - Жалпы, арнайы және қосымша зерттеу әдістері (функционалды диагностика тестілері, гормоналды зерттеулер, ЭЭГ, краниография) т. б.
 
Кастрациядан кейінгі синдром емі
Емді әйелдің жасына, ЭГП, операцияның көлеміне байланысты жүргізеді
- Тыныштандыратын, жалпы күшейткіштер, физиопроцедуралар, витаминотерапия, транквилизаторлар қолданылады;
 - Жас әйелдерге гормоналды емес терапиямен қоса гормоналды терапия тағайындалады;
 - Емдеу өте ұзақ, қалыпты менопауза уақытына дейін жүргізіледі.
 
 
 

