Ерте босану (мезгілінен бұрын босану)

Ерте босану практикалық акушерияда өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені анаға да балаға да өте асқынуға әкелуі мүмкін.
Ерте босану кезіндегі перинатальды өлім көрсеткіші уақытында босану кезіндегі өлім көрсеткішінен 20 есе жоғарырақ, өйткені нәресте организмі әлі толығымен жетілмеген болып табылады. 

Ерте босану жоғары қауіп тобындағы әйелдерге факторлар әсер етеді. Ерте босанудың барлық факторлары 4 топқа бөлінеді:
1.Әлеуметтік-биологиялық (жасы, қызметі, зиянды әдеттер, өмір жағдайлары)
2.Акушерлік-гинекологиялық анамнез (менструальды цикл сипаты, алдыңғы жүктілік пен босанулар нәтижелері, жатырдың ауытқу қаупі)
3.Экстрагенитальды аурулар (жүктілік кезіндегі инфекциялар, жүрек ақаулары, гипертониялық ауру, бүйрек аурулары, қантты диабет)
4.Осы жүктіліктің асқынулары (ауыр гестоз, резус сенсибилизация, антифосфолипидті синдром, көпсулық,көпұрықтық, плацентаның жолда жатуы)  
Осы факторлар неғұрлым бір-бірімен қосарланып кездескен сайын ерте босану қаупі соғұрлым жоғарырақ

 Клиникалық көрінісі

Клиникалық көріністеріне қарай босанулар басталып кеткен және қауіпті болып бөлінеді.

Қауіпті ерте босану іштің астының және белдің аздап ауырсынуымен көрінеді. Кейде шағымдар мүлдем болмайды. Пальпация кезінде жатырдың тонусының жоғарлауы және қозғыштығы анықталады. Ұрықтың жүрек соғуы өзгермейді. Қынаптық зерттеуде жатыр мойынында өзгерістер анықталмайды. Басталып кеткен босануда ауырсыну қатая түседі, толғақ тәрізді сипат алады. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны қысқарған немесе тегістелген. Көп жағдайда қағанақ суының кетуі байқалады. Жатыр мойнының 4 см-ге дейін ашылуы босанудың латентті І кезеңінің белгісі болып табылады, ал 4 см-ден артық ашылуы активті кезеңнің басталуының белгісі .

Диагностика

•Диагностика критерийлері
1.Уақытынан бұрын босану болып саналады егер:
•Толық 22 аптадан 37 аптаға дейінгі мерзімде;
2. Клиникалық құжатталған жатырдың жиырылулары  (20 минутта 4 рет, 60 минутта 8 рет) келесідей белгілердің біреуімен бірге болса:

•Ұрық көпітрішігінің жыртылуы;
•Ұрық көпіршігі бүтін және жатыр мойынының 2 см артық ашылуы;
•Бүтін ұрық көпіршігі және жатыр мойынның 80 % дан артық мөлшерінің тегістелуі;
•Ұрық маңы көпіршігі бүтін және жатыр мойнының динамикалық құрылымдық өзгерістері.

 

Босануды жүргізу

Ерте босануды жүргізу келесі факторларға байланысты:
1.Босану ағымының сатысы (басталып кеткен, угрожающий)
2.Жүктілік мерзімі
3.Анасының жағдайы  (соматикалық аурулар, гестоз)
4.Ұрық жағдайы (ұрықтың гипоксиясы, даму ақаулары)
5.Ұрық көпіршігінің жағдайы (бүтін немесе ашылған)
6.Жатыр мойынының ашылу дәрежесі (4 см-ге дйін не одан жоғары)
7.Қан кетудің болуы және оның қарқындылығы
8.Инфекцияның болу болмауы

*Босанудан кейінгі кезеңде инфицирлену белгілері анықталмаған жағдайда  антибактериальды терапия жүргізілмейді

 

Консервативті тактика (жүктілікті ұзарту)

1) Басталған немесе угрожающих мерзімі 36 аптаға дейінгі,
2) бүтін ұрық көпіршігімен жатыр мойнының  араны 4 см-ге дейін ашылуы,
3) ұрықтың жақсы жағдайында
4) инфекцияның болмауы мен ауыр акушерлік және соматикалық патологиясы болмаған жағдайда жүргізіледі. 

Емдеу комплексі

1.Төсектік тәртіп
2.Жеңіл және бай витаминдік диета
3.Емдік дәрі-дәрмектер
4.Физиотерапия
5.Рефлекс және психотерапия
6.Валериана және пустырник, тазепам, сибазон, седуксен
7.Спазмолитиктер (метацин, нош-па, папаверин)
8.Антипростагландиндер  (индометацин)
9.Кальций антогонистері (изоптин)
10.Токолитикалық әсерлі   β-адреномиметик (партусистен, бриканил, алупент)
 

  • Емді тамырішіне тамшылатып енгізуден бастап, бірітіндеп таблетка түрінегі медикаментозды емге көшеді.
  • Сосын физиотерапиялық ем-шаралармен бекітіледі (магний электрофорезі, синусоидальды модулирленген ағыммен)
    34 аптаға дейінгі түсік алды кезінде босанудан кейін нәрестеге респираторлық дисстресс синдромға қарсы емдік профилактикалық шаралар жүгізіледі
  • 3 күн бойы жүкті әйел кортикостероидтарды (дексометазон тәулігіне 8 мг, преднизалорн 60 мг) беріледі, олар ұрықтың сурфактантантын жақсартып, өкпенің жұмісін жақсартады.
  • 1 аптадан кейін кортикостероидты терапияны қайталауға болады.

РДС профилактикасы

  • РДС профилактикасы жүктіліктің 24– 34 апта аралығында жүргізіледі.
  • Бұлшықетке дексаметазонның 4 дозасы 6 мг-нан 12 сағат интервалымен (24 мг 48 сағ ішінде) немесе бетаметазон 12 мг б/е 24 сағ сайын.
  • Глюкокортикоидтарды 22-23 аптада қолдану тиімсіз.
  • Глюкокортикоидтармен едмдеудің қайталама курстары нәрестенің қауіпсіздігі үшін және тиімділігінің жоқ болуы себебінен жүргізілмейді.

Нифидипинмен токолиз кезіндегі қажет мониторинг

  • Ұрық жағдайын бақылау, пульсті, АҚҚ әрбір 30 мин сайын алғашқы бірінші сағатта, кейін сағат сайын алғашқы 24 сағатта, сосын әрбір 4 сағат сайын өлшеу.
  • Босану әрекетін тоқатқаннан кейін тиіділігі мен қауіпсіздігі дәлелденбегендіктен токолиз қажет емес.
  • Нифидепинді көтере алмаушылқта резервтегі ß-миметик және окстиоцин антагонистерні қолдануға болады.
  • Токолитикалық препараттарды монотерапия тәртібінде беріледі. Токолитикатреді комбинирлеп қолдану жанама әсерлер туу қаупін жоғарлатады.
  • Хорионамнионит кезінде токолитиктерді қолдануға болмайды!!!

Ерте босануды жүргізудің ерекшеліктері

  • Үздіксіз психологиялық қолдау, жүктіге акушерлік жағдайдың болжамы және босанудың нәресетеге әсері жөнінде түсіндіру
  • Ерте босану Кесар тілігіне көрсеткіш болып табылмайды. Ұрықтың басымн келуінде табиғи жолмен босандырылады.
  • Босану кезінде ауырсынуды басу кезінде ұрықтың тынысалу орталығын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды (опиаттар)
  • Эпизиотомия, пудендальды анестезия жүргізбеген жөн.
  • Босану бөлмесінде температура 28 С төмен болмау қажет.
  • Кіндіктің ерте кесуін болдырмау қажет 30 сек дейін.

 

 

  • Госпитализацияға көрстекіштері: ерте босану белгілерінің болуы;
  • Негізгі медикаменттер: дексаметазон, нифедепин, окситоцин, эритромицин, ампициллин
  • Қосымша медикаменттер тізімі: бетаметазон, гинипрал, атосибан.

Емдеу тиімділігінің индикаторы:

1.РДС профилактикасы;
2.Ерте неонатальды сепсис профилактикасы;
3.Сәйкес деңгейге көшіру;
 

 

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!