Бет сүйегінің сынықтары

Бет сүйектерінің көптік сынықтары

Тікелей жарақат кезінде, биіктіктен құлағанда пайда болады. Көрсетілген жарақаттар көп жағдайда үйлескен болып келеді. Бұл жарақаттардың 98% бас сүйек – ми жарақаты қатар жүреді.

Клиникасы: бет сүйектерінің ауыр көптік сынықтары сыртқы онша білінбейді, себебі, айқын ісінумен жамылып тұрады. Жұмсақ тіндерді, тістерді, жақтарды қарап тексергенде бет қаңқасының сүйектерінің патологиялық қозғалғыштығы байқалады. Беттін жараларына интенсивті қан кетулер, жараның жиектерінің кеңінен үңіреюі, өте тез дамитын жұмсақ тіндердің ісінуі тән болады.

Бет сүйегінің сынықтары

Шұғыл жәрдем: ауруханаға дейінгі этапта мүмкіндігінше қан кетуді тоқтату керек, жараны жуып, стерильді таңғышты салу керек. Ауруханаға жатқызу: бөтен текті заттары бар мұрынның қосалқы қуыстарының өтпелі жарақаттары бар науқастар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылады. Олар отырған қалыпта немесе жағдайы ауыр болса ішке немесе бүйіріне жатқызып тасымалданады.

Бассүйек ми жарақатын да тақырыпқа сай оқи кетіңіз.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!