Псевдофурункул қазақша
Жас нәрестелерде немесе емшек жасындағы балаларда көптеп кездесетiн терi ауруы. Терiнiң, тер және май шығаратын бездерiнiң ұшы жабылып қалғанда терiнiң iшi торсиып, домалық iрiңдiктер пайда болады. Оның соқтасы болмайды. Жарған кезде iшiнен сап-сары iрiң шығады және шектелген iрiңдiк қалтасы көрiнедi.
Жалған сыздауықтар баланың желкесiнде, бас терiсiнде, мойнында жиi кездеседi. Жалпы жағдайы аса қатты нашарламаса да дене қызуы 37-380С шамасына дейiн көтерiледi, бозарып, анемия бiлiнедi. Ұзаққа созылған жағдайда бауыр, көкбауыр iсiнуi мүмкiн.
Емдеу – баланы ауруханаға жатқызу арқылы жүргiзiледi. Бiрен-саран iрiңдiктердi жансыздандырмай-ақ жара бередi, ал iрiңдiк көп болса, әрине жалпы наркоз беру пайдалы. Тiлу, жара абсцестерiнiң көлемiне сәйкес. Ірiңдiктiң iшiн 3% сутегi тотығымен тазалап, 5-10% гипертониялық ас тұзының ерiтiндiсiмен таңып тастайды. Күнде немесе күн ара марганцовкамен балаға былау жасалып, қоздырушы емдеу тәсiлдерi пайдаланылады. Витаминдер мен сыра ашытқысы берiледi. Қан, плазма құйылады. Егер жалған сыздауық-тар толық кетпей қойса, донорлардан тiкелей қан құюға болады. Бұл үшiн арнайы иммундаудан өткен донорлады пайдаланған жөн.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Фурункул (сыздауық)
- Балалардағы сыздауық
- Балалардағы лимфаденит және аденофлегмона
- Нәрестелердегі некроздық флегмона
- Қол ұшы флегмонасы
- Сібір жарасы