Балалардағы тірек қимыл жүйе ерекшелігі

Тірек – қимыл жүйесі құрылымының балалардағы ерекшелігі

Нәрестенің сүйек құрылымы көптеген шеміршектік тіндерден құралуымен, гаверсов каналы  дұрыс емес формалы  болатын, сүйектердің ретикулярлы құрылымымен, сүйек мойнында қан тамыры көптігімен, сүйек қабының қалыңдығымен ерекшеленеді. Қаңқа құралатын шеміршек пен сүйектер салмағы  жалпы дене салмағынан 15-20 % құрайды.  Сүйектену процесі сүйектің дәнекер тінді шеміршекті моделінде сүйектену ядролары пайда болуымен  басталады. Құрсақ ішінде пада болатын сүйектену ядролары біріншілік ядро, ал туғаннан соң пайда болатын ядролары екіншілік болып табылады. Қаңқа толықтай 806 сүйектену ядросы пайда болғанда құрылады.

Сүйектену ядросының пайда болуы тұқым қулаушы сипатта болады, Бірақ олардың пада болуы мен дамуы бірнеше факторларға байланысты: этно-территориальды, жыныстық, социальды жағдайлар. Қыз балаларда сүйектену ядросы ұлдарға қарағанда ертерек дамиды. Емшек еметін жаста сүйектену ядросының пайда болуының айырмашылығы 1 аптаға сай, бес жасқа дейінгі балаларда бір жыл және одан жоғары.  Ұзын түтікті сүйектерде диафиз сүйектену процесі құрсақ ішілік дамиды. Туатын кезде сүйектену нүктелері жамбас сүйектің дистальды эпифизінде болады, ол ұрықтың жетіп дамығандығын көрсетеді. Кейін апофиздерде сүйектену нүктелері дамиды, ең ақырғы метафиз сүйектенеді, ол қаңқаның өсуінің соңын көрсетеді.

Жаңа туған балада қаңқасында  28 г. Cа, бір жастық балада 3 есе өседі, 18 жаста – 1035 г. Са.

Нәрестенің бас сүйегінің ерекшелігі

Нәресте бас сүйегі шамалы үлкен өлшемді болып келеді. Бет аймағы милық бөлікке қарағанда аздау (ара – қатынасы 1/4 , ересекте – 1/2). Милық бөліктің көбірек болуы құрсақ ішілік кезеңде ОНЖ дамуымен байланысты (бас ми). Альвеолярлы өсінділердің дамымауы, тістердің болмауы, параназальды кеңістік және мұрын қуысының дамымауы, беттік сүйек рельефінің тегіс болуы беттік бассүйек аймағының кіші көлемін көрсетеді.

Бассүйек төбесінің сүйектерінде көптеген дәнекер тіндері бар. Сүйек шеттері тегіс, арасындағы кеңістік дәнекер тінмен толтырылған, сол арқылы сүйектің шамалы қозғалысын босану кезінде қамтамасыз етеді (коноригурация көрінісі). Төбе сүйектің бұрыштарында дәнекер тін қал ретінде сақталады. Емізік тәрізді және біз тәрізді қал үлкен емес көлемде болады және қалыпты жағдайда туатын кезге қарай жабылады (немесе туған соң алғашқы айда), желке  – бірінші жарты жылда,  маңдай ромб түрінде, үлкен өлшемдері екінші жылы жабылады.  Жаңа туған нәрестенің бас сүйегі бес бұрышты болып келеді, себебі төбе сүйегі, желке және маңдай төбешіктері жақсы дамыған.

Бассүйек негізінің сүйектерінде шеміршек тіні үлкен көлемде сақталады,  ол постнатальды кезеңде сүйектенеді және уақытша және үнемі синхондроз ретінде сақталады.  Емізікше тәрізді өсіндінің ұяшығы ұрықтық даму сатысында болады және дамуы үш жаста аяқталады.

Бассүйек туған кезден бастап өмір соңына дейін үлкен өзгерістерге ұшырайды.

Бірінші кезең туған кезден бастап 7 жасқа дейін.

Туған соң алғашқы алты айда бассүйектік ми көлемі 2 есе үлкейеді, бассүйектік шұңқыр тереңдейді. Өмірдің алғашқы жылында  желке сүйегінде шеміршек және жарғақты тін жоғалады. Тігістердің дамуы басталады. Сүйектер рельефты бола бастайды.

Бір жастан екі жасқа дейін милық бассүйек көлемі үш есе өседі, ал бес жасқа дейін ересек адамның бассүйек  көлемінен ¾ болады. Милық және бет сүйектік бассүйек бірдей көлемде дамиды, бас кеңейеді. Бассүйек негізі ересек адам көлемінде болады. Үлкен желкелік саңылаудың диаметрі қалыптасады. Тістердің өсуіне байланысты жоғары және төменгі жақтың биіктігі ұзарады нәтижесінде бет формасы, ауыз және мұрын аймағы өзгеріске ұшырайды. Маңызды кезең тігістердің қалыптасуы болып табылады. (шамамен 3 жасқа қарай).

Бала жасындағы сүйектер ерекшелігі

Sufura metorica бес жасқа қарай жабылады.  Тігістердің уақытынан бұрын жабылуы бастың коникалық формасына әкеледі.

Екінші кезең 8 жастан 13-14жасқа дейін – бассүйек өсуінің баяулауы  байқалады, бірақ  жоғары жақ, мұрын бөлігі, көз аймағының үлкеюі байқалады.

Үшінші кезең жыныстық дамудан (14 –16 жас)  20 – 25 жасқа дейін, бой өсуі тоқтаған кезде.

Беттік сүйек милық сүйекке қарағанда интенсивті өседі (әсіресе ер адамдарда).  Бассүйек негізі көлденең және артқы бағытта да өседі. Ауалық мұрын қойнаулары, төмпешік, ми сайлары дамиды.

Сүйек байланыстарының жасқа сай ерекшеліктері

Жаңа туған нәрестеде байланыстың барлық тірі болады, тек тігістер болмайды. Синовиальды байланыстар немесе буындар дамыған  және үш буындық компоненттен тұрады –  буындық сөмке, буындық беткей және буындық саңылау. Буындық беткей рельефтері  көптеген буындарда анық дамымаған, кейбір буындар  әртүрлі буындық беткейлерден тұрды. Буындық дискілері, менискі, буындық еріндері жіңішке, толық дамымаған болады.  Буындық капсулалар тығыз байланысқан, ал біршама байламдарға олардың болбыр орналасқан талшықтарын түзетін  жеткіліксіз дифференцировка сай.

Буындардың белсенді дамуы 2 – 3 жас аралығында тез жүреді, қозғалыс белсендігінің жоғарылауына баланысты. 3 – 8 жастағы балаларда буындық қозғалыстардың көлемі жоғарылайды, бір уақытта буындық капсула және байламдардың коллагенизациясы болады. 9 жастан 12 жасқа дейін буындық шеміршектің құрылуы баяулайды.  Буындық беткейдің және капсула мен байламның  дамуы 13-16 жаста аяқталады.

Омыртқа жотасы.

Нәресте омыртқасы тік емес және толықтай иілімді болмайды. Тек 3-4 айда бала басын ұстайды және мойындық иілім пайда болады– мойындық  лордоз (алдыға иілім). Бала отыра бастаған кезде (4-6 ай), кеуделік кифоз (артқы иілім) пайда болады. Кешірек белдік лордоз пайда болады, вертикальды кезеңге ауысқанда пайда болады. Толықтай омыртқалық иілім 18-25 жаста аяқталады.

Нәрестелердегі омыртқа аралық дискілер ересек адамға қарағанда,  қалыңдау және омыртқалық жотаның ұзындығының жартысын алады.    Фиброзды сақиналар бозбалалық жасқа дейін  жақсы васкуляризацияланған, тамырлардың қайта дамуы 13 жастан басталады және 25 жасқа аяқталады. Омыртқа аралық шеміршектің үлкен көлеміне байланысты омыртқаның қозғалысы ересектермен салыстырғанда қозғалмалы.

Кеуде торы.

Нәрестенің кеуде клеткасының  сагиттальды өлшемі фронтальдыдан көбірек. Алғашқы дем алудан және өкпенің кеңеюінен қиылған пирамида немесе колокол формасына ие болады.  Қабырғасы басы және алдыңғы ұштары бір деңгейде орналасады. Кеуде астылық бұрыш 70 тен 120 дейін болады. Кеуде торының айналымы бас айналымынан біршама аздау (30-34 см). Қабырғалық доға жіңішке, ұзын және эластикалық болады.

Шала туған балаларда қабырғалар соңы төмен түскен болады, кеуде торы төмен орналасады, кеуде астылық бұрыш өткір болады.

7 жастық кезеңде кеуде торының жоғары шеті 2-3 деңгейге, ал ересектерде 3-4 кеуделік омыртқаға сай болады. Бұл төмендеу кеуделік тыныс алу типінің пайда болуына және қабырғалардың спираль  тәрізді формасына байланысты.  Мешел кезінде кеуде торы  – «тауықтық кеуде» формасына ие болады.

Жамбас астауы нәрестелерде кеуде торына қарағанда жіңішке. Жамбас формасы воронка тәріздес болады, жоғары диаметрі 2,7 см, алдыңғы артқы өлшемі көлденең өлшемге қарағанда көбірек. Тек екінші жылы көлденең өлшемі ұзағырақ болады. Жыныстық жетілу жасына дейін жамбас баяу өседі. 8-9 жасқа дейін ұлдар мен қыздардың жамбасы бірдей өседі, кейін ұлдарда ол биіктігі бойынша өседі.

Нәрестелердегі жиі патология жамбас – мықын буындарының дисплазиясы, туа пайда болған санның шығуы. Себебі ұршықтық ойыс овал тәрізді және тереңдігі азырақ және байланыстырушы аппарат әлсіз.

Нәрестенің табаны тері астылық клечатканың біршама қабатына байланысты жалпақ болып көрінеді, бірақ анатомиялық табан көлемі дамыған.

Қол буындары анатомиялық дамымаған және постнатальды кезеңде де дамиды. Тез иықтық және қол буындары дамиды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы травматизм, жарақаттар
  2. Балалардағы қол сүйектерінің сынуы
  3. Балалардағы кома ерекшелігі. Емдеу тактикасы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!