Ми жұлын пункциясын жүргізу

Жұлын ми пункциясын жасау алгоритімі

Құрал жабдықтар: мандрені бар ине (Бир инесі), йод, спирт, штативке салынған мақталы-дәкелі тығындары бар 3 стерильды пробиркалар, стерильды лоток, стерильды сүлгілер, лейкопластырь, су манометрі.

  • Науқаспен немесе оның ата-анасымен жағымды қарым-қатынас орнату. Процедураның мақсатын, жүргізілуін түсіндіру. Оның өткізілуіне жазбаша рұқсат алу. Науқасты кушеткаға, үстелге немесе төсектің шетіне қарай оң жақ бүйіріне жатқызу. Қол-аяқтарын ішіне қарай максимальды жақындатып, омыртқа доғасын жазу.
  • Дәрігер қолын өндеу: ең алдымен спиртке, кейін йодонатқа малынған тампонмен сүрту.
  • Пункция орнын белгілеу: йодты тампонмен мықын сүйектерінің жоғарғы нүктелерін қосатын сызықты өткізу. Бұл сызық 4-ші бел омыртқасының қырлы өсіндісінің үстінен (5-ші бел омыртқасының жоғарғы шеті) өтеді. Пункцияны 3-4-ші немесе 4-5-ші бел омыртқаларының арасында жасайды.
  • Операция алаңын тесу орнынан бастап (3-ші және 4 -ші бел омыртқасы арасында) алдымен йодпен, соңынан спиртпен, стерильді құрғақ тампонмен құрғатып сүртеді.
  • Науқасты қатаң түрде бүйірінде, сандарын ішке, ал басын кеудеге келтіріп жатқызу, арқасы кушеткаға перпендикулярлы және осы қалыпты сол және оң қолмен бекіту (көмекшінің көмегімен).

ми жұлын пункциясы

  • Пункция жасар алдында Вишневский бойынша жергілікті инфильтративты анестезия жүргізілу керек. Тескеннен кейін мандренді инеден алып инеге манометрді бекітіп, ликвордың қысымын мм.су бағанасында өлшеу.
  • Манометрді абайлап ағытып, инеден ағып жатқан ликворды кезекпен 3 стерильды пробиркаға 1,5 мл-ден толтыру.
  • Инені шығарған соң, тескен орынды спиртпен сүртіп, стерильды салфетканы салып, оны лейкопластырмен теріге бекіту.
  • Науқасты палатаға ауыстырып, төсекке жатқызу. Науқасқа төсекте жастықсыз 2-3 сағаттай, одан кейін бүйірлетіп 12 сағаттай жату қажеттілігін айту. Науқасты пункциядан 3 сағат өткен соң, жатқан қалпында тамақтандыруға рұқсат беру.
  • Жолдаманы толтырып, ликворы бар пробиркаларды белгілеп, зертханаға жеткізу (1- бактериологиялық зерттеуге, 2 – цитозды анықтауға, 3 – биохимиялық зерттеуге).

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!