Өкпені жасанды желдету алгоритімі
- Науқасты арқасымен қатты және тегіс беткейге жатқызу.
- Науқастың оң жағынан бас жағында орналасу.
- Науқасытың мойнын, кеуде қуысын, ішін киімнен босату.
- Науқастың ауыз қуысын шырыштан бөгде заттардан тазарту.
- Басын артқа шалқайтып, жағын көтеріңкірейді, аузына дәкелі сүлгі салады.
- ӨЖТ жүргізу: екі саусақпен науқастың мұрнын қысу, терең тыныс алып, науқастың ернін өз ернімізбен нығыз ұстап, оның тыныс алу жолдарына ауа жіберу.
- Науқастың кеуде клеткасы көтерілген кезде ауа жіберуді тоқтатамыз. Егер кеуде клеткасы аяғына дейін орнына келмесе, науқас тыныс шығарған кезде аузын ашып ұстап тұру керек.
- Кеуде клеткасы орнына келгенше, біраз кідіру.
- Жасанды тыныстандыруды жасына сай тыныс алу жиілігіне теңестіре жүргізеді:
- Туғаннан 2 айға дейін – 50
- 2 айдан 12 айға дейін – 40
- 1 жастан 5 жасқа дейін – 30
- Өкпенің жасанды желдетуінің дұрыс жасалуының критериі болып, желдету кезіндегі кеуде клеткасының қозғалысы табылады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: