Сомоджи синдромы

Сомоджи синдромы немесе инсулиннің артық қолданылуы

Сомоджи синдромы дегеніміз инсулиннің созылмалы түрде артық қолданылуы. Тағы басқаша бұл синдромды постгипогликемиялық гипергликемия немесе рикошетты гипергликемия деп атайды. Ақырғы атауларын байланысты Сомоджи синдромы жиі дамитын гипогликемиялық жағдайларға жауап ретінде пайда болады.

Түсінікті болу үшін мысал, науқас адамда қандағы қант деңгейі 11,6 ммоль/л, соны біле тұра ол инсулин дозасын аз жасады, бірақ біраз уақыттан соң жеңіл гипогликемия симптомдарын байқады. Белгілі себептерден осы жағдайда еш шара жасамады. Біраз уақыттан соң, өзін жақсы сезіне бастады, бірақ келесі қант өлшерін өлшеген кезде қандағы глюкоза мөлшері 15,7 ммоль/л екенін байқады. Осы жағдайды ескере отыра, көбірек  инсулин енгізуді шешті.  Уақыт өте қалыпты инсулин дозасы қандағы қант деңгейін түсірмеді, бірақ гипергликемия сақталды. Науқас осы жағдайды шешу үшін науқас глюкоза деңгейін жоғарылатты.  Нәтижесінде тек жағдайы төмендегенін байқады, жиі бас ауруы, дене салмағын қосу байқалды, үнемі аштық сезімі мазалады және өзін бір түрлі қызық ұстай бастағанын байқаған, ал қант деңгейі біресе жоғары, біресе төмендеп отырған. Бұл Сомоджи синдромының мысалы, бірақ себебі әртүрлі болатын жағдайларда бар, бірақ барлығының патогенезі бір болып саналады. Инсулинді шамадан артық қолдану инсулин қолданылатын науқастарда диабеттің екі түрінде де кездесуі мүмкін.

Гипогликемия жағдайынан соң неліктен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды?

Бұл синдром жиі гипогликемия жағдайына жауап ретінде пайда болады. Ағзада глюкоза деңгейінің төмендеуі ағзаға үлкен стресс болып табылады және ағзаға қауіпті жағдай болып табылады. Белгілі деңгейден глюкоза деңгейінің төмендеуі  кезінде ағзада қорғаныш механизмі қосылады. Бұл механизм кезінде барлық контринсулярлы гормондар бөліне бастайды: кортизол, адреналин, норадреналин, өсу гормоны және глюкагон. Ағзада контринсулярлы гормондардың жоғарылауы кезінде гликоген ыдырай бастайды, ол бауырдағы глюкоза қоры тек шұғыл жағдайларда іске асатын процесс. Нәтижесінде бауыр қанға үлкен көлемде глюкозаны лақтырады, қанда глюкоза деңгейі екі есе жоғарылайды. Соңында глюкометрде глюкоза деңгейі жоғары болады (15–17–20 ммоль/л және одан жоғары). Кей жағдайларда гипогликемия өте тез туындайды, науқас ол жағдайды сезініп те үлгермейді, тек аздаған әлсіздікті сезеді. Бұндай гипогликемия жағдайы жасырын деп аталады. Кейін науқас гипогликемия жағдайын жиі бастан өткерсе, ол жағдайды сезіну қабілетін жоғалтады. Бірақ гипогликемия жағдайы азайып, болмаған жағдайда қайтадан ол жағдайды сезіну қабілеті қалпына келеді. Контринсулярлы гормондар бөлінуі нәтижесінде майлар мобилизациясы дамиды, олар ыдырап кетон денелері пайда болады, кетон денелері өкпе және бүйрек арқылы шығарыла бастайды. Осылай ацетон зәрде әсіресе таңғы уақытта пайда болады. Сондықтан контринсулярлы гормон әсерінен, тіптен жоғары емес зәрдегі глюкоза деңгейіне ацетон пайда болады. Инсулинді артық қолданған кезде науқас үнемі тамақ қабылдағысы келеді және тез дене салмағы жоғарылайды, бірақ кетоацидоз кезінде дене салмағы керісінше азаюы қажет болу керек.

Сомоджи синдромы

Сомоджи синдромының көріністері.

  • Тәулік бойы глюкоза деңгейінің әртүрлі ырғағы
  • Жиі гипогликемия: жасырын және анық
  • Зәр мен қанда кетон денелерінің пайда болуы
  • Дене салмағының жоғарылауы және үнемі аштық сезімі
  • Инсулин дозасын жоғарылату кезінде жағдайының нашарлауы және инсулин дозасын төмендеткен кезде жақсару
  • Тұмау кезінде глюкоза көрсеткіштерінің жақсаруы, себебі инсулинге тәуелділік жоғарылайды және осы доза ағзаға қалыпты болып саналады

Ересектер мен балалардағы жасырын гипогликемия көріністері:

  • Шұғыл пайда болған бас ауруы немесе әлсіздік, көмірсу қабылдаған соң басылады
  • Шұғыл көңіл – күйдің өзгерістері, жиі негатив, сирек – эйфория байқалады
  • Көз алдында шыбын – шіркейлердің пайда болуы және тез басылады
  • Ұйқының бұзылысы, ұйқы беткей, жиі жаман түстер көру
  • Таңғы уақытта өзін жаман сезіну, ояну өте қиын
  • Тәулік бойы ұйқышылдықтың болуы

Балалардағы жасырын гипогликемия көрінісі болып, егер бала белгілі ойынға беріліп ойнап отырып, кенет қозғыш күйге ауысып немесе әлсіз болып қалса. Далада жүрген бала аяқтарындағы әлсіздікке, жүруінің қиындығына және отырғысы келетінін айтады. Гипогликемия кезінде түнгі ұйқы кезінде балалар жылайды, ұйқысы мазасыз және оянуы қиын болады. Осындай бақылаусыз гипогликемия жағдайы 72 сағатқа созылады, осы уақытта ағзадағы гормональды жағдайдың қалпына келуін тосу қажет. Сондықтан егер күн сайын гипогликемия жағдайы болса, глюкоза деңгейін қалпына келтіру қиын болады. Гормондар қалпына келген соң, жаңа гипогликемия жаңадан толқын тудырады.

Сомоджи синдромы кезінде не істеу қажет?

Науқас адам жоғары глюкоза деңгейін көрген кезде, инсулин дозасын жоғарылата бастайды, бұндай жағдайда глюкоза жоғарылауына не себеп болғанын анықтау қажет. Бұл кезде бұрынғыдай жағдайды ұстану қажет (тағам, ұйқы, физикалық жүктеме) Егер бұл жағдай бірнеше рет қайталанса не істеу қажет екенін ойластыру қажет.

Кей жағдайларда науқастарда ұзақ уақыт бойы глюкоза деңгейі жоғары деңгейде сақталады. (11-12 ммоль/л, тағамнан соң 15- 17 ммоль/л) Біраз уақыттан соң науқас өз жағдайын қалпына келтірмекші болғанда, қиындықтар туындайды. Себебі осы уақыт аралағында науқас ағзасы жоғары деңгейдегі глюкоза деңгейіне үйреніп алады және оны қалыпты деп санайды, бірақ бұл қалыпты жағдай емес, себебі асқынулар туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейін сау адамдарда болатын қалыпты деңгейге түсіру 5,0 ммоль/л науқаста гипогликемия жағдайын туындатады. Бұл жағдайда жедел глюкоза деңгейін төмендетуге тырысудың қажеті жоқ, уақыт өте, баяу глюкоза деңгейін төмендету бұрынғы сезімталдықты қалпына келтіреді. Ал кей жағдайларда жай инсулин дозасын төмендету көмек бермейді. Ағза қалпына келу үшін бірнеше шаралар жасау қажет (қолданылатын көмірсу деңгейін тексеру және қажет болса азайту, үнемі физикалық жүктемені қосу). Егер сіз үнемі таңғы уақытта жоғары деңгейдегі глюкоза деңгейін байқасыңыз, бірден базальды инсулин деңгейін төмендетуге асықпаңыз. Себебі Сомоджи синдромын «таңғы шапағат» немесе базальды инсулин жеткіліксіздігінен ажырату қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қант диабеті
  2. Қант диабеті кезіндегі диета
  3. Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
  4. Қантсыз диабет

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!