Еңбекке жарамдылық сараптамасы. Уақытша еңбекке жарамсыздық. Тұрақты еңбекке жарамсыздық.

Еңбекке жарамдылық сараптамасы – жарақат алу немесе ауру себебімен, еңбекке жарамсыздық ұзақтығын және деңгейін анық-тау; еңбекке жарамсыздық себептерін анықтау; мүгедектік тобын анықтау.

Уақытша еңбекке жарамсыздық – белгілі салдарынан кәсіби қызметін атқара алмауы, бірақ, уақытша немесе қайтадан қалпына келетін құбылыс.Уақытша еңбекке жарамсыздық, тұрақты еңбекке жарамсыздықтан айырмашылығының негізгі критериі – клиникалық және еңбек болжамының жайлы болуы.

Еңбек болжамы, клиникалық болжамына тәуелді, бірақ сәйкес келе бермейді. Клиникалық болжам жағымсыз болуы мүмкін, ал еңбек болжамы жайлы болып қала береді. Әдеттегідей, мұндай жағдай, шұғыл патологиялық үрдістен кейін тұрақты қалдық құбылыстар және созылмалы аурулар болғанда, бірақ қызмет атқаруға қабілетінің қалуы.

  • Еңбекке жарамсыздық парағымен куәләндырады, кейбір жағ-дайда, уақытша еңбек жарамсыздық анықтамасы беріледі.
  • Еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке жарамсыз екеніңізді растайтын құжат. Қызметтен уақытша босатылып және уақытша еңбек жарамсыздық, аяқ ауырлық және босану жөнінде жәрдемақы алуға негіз болып табылады.
  • Еңбекке жарамсыздық туралы анықтама – қызметтен уақытша босатылып және жеке жағдайда, ауру жалақының сақталауына негіз болып табылады.
  • Еңбекке жарамсыздық парағын, мемлекеттік әлеуметтік сақ-тандырылған, әрбір жұмыс істейтін азаматқа беріледі. Қыз-меттен босатылған азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді. Жұмысы жоқтар, жұмыссыздық жәрдемақы алатындарға, қажет болғанда еңбекке жарамсыздық анық-тамасы берілу мүмкін.

Еңбекке жарамсыздық парағын беруге құқылы емдеу – профи-лактикалық ұйымдар береді. Жекеменшік медициналық қызмет-пен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдар, еңбекке жарамсыздық парағын, тек арнайы лицензия болғанда ғана беруге құқылы. Дәрігерлер болмаған жағдайда, денсаулық сақтау ұйымы-ның бұйрығына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын орта білімді медициналық маман бере алады. Бұйрықта – еңбекке жарамсыздық парағын бере алатын мамандардың тізімі және қан-ша күнге бере алатыны бекітілген.

Тұрақты жарамсыздық (мүгедектік) – ұзақ, тұрақты немесе шектеулі еңбекке жарамсыздық, аурумен, жарақатпен, анатомиялық ақаулықпен байланысты, ағза функцияларының бұзылуы.

Мүгедектік – динамикалық категория, себебі, денсаулық жақсару немесе нашарлауы мүмкін. Клиникалық және еңбек болжамына, ағза функцияларының зақымдалуына, аурудың ауырлығына қарай, мүгедектік үш топқа бөлінеді.

  • Бірінші топ – өзін – өзі күте алмайтын және басқалардың көмегін қажет ететін ауруларға беріледі.
  • Екінші топ – басқалардың көмегін қажет етпейтін, ағзаның тұрақты, толық немесе ұзақ еңбекке жарамсыздығы бар ауруларға беріледі. Бұларға еңбектің барлық түрі қарсы көрсетілген.
  • Үшінші топ – еңбекке жарамдылық едәуір төмендеген және соған байланысты, дәрежесі төмен (басқа маман) еңбек түрін қажет ететін ауруларға беріледі; осы топқа жататын мүгедектер, жұмысты табуға қыйынға соғады.

Мүгедектік тобын берілу үшін, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізіледі. Медициналық – әлеуметтік сараптамалық комиссия территориалдық принциппен жұмыс істейді: республикалық комиссия, облыстық, аудандық, ауданаралық, қалалық, каладағы аудандық, біріншілік үзбе.

Медициналық – әлеуметтік сараптама, тек толық функционалдық зерттеулер, қалпына келтіру емдеуден өткесін, медициналық, психологиялық, еңбектік – әлеуметтік реабилитациядан кейін ғана жүргізіледі. Мүгедектердің еңбек жағдайы, сипаты туралы медициналық – әлеуметтік сарамтамалық комиссияның қортындылары, администрациялық ұйымдаға және мекемелеге міндетті.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!