Аборт жасау жайлы
Жасанды түсік (аборт) бұл хирургиялық немесе медикаментозды түрде жүктілікті 22 аптаға дейінгі тоқтату. Жасанды түсік әйелдің қалауы бойынша және дәрігердің қатысуымен, барлық асептика және антисептика әдістері сақтала отырып, қарсы көрсетілімдерді ескере отырып жасалады.
Әйел қалауы бойынша жүктілікті 12 аптаға дейінгі аралықта үзу жасанды ерте түсік деп, ал 13-22 аптаға дейінгі аралықты жасанды кеш түсік дейді. Ерте деп бөлетін себебі, бұл кезде жатыр қуысындағы ұрық жұмытқасын әйелге ең минималді зиян келтіре алуға болады. Бұдан кейінгі кезде жүктілікті үзу асқынулар санын жоғарылата түседі. Жалпы жүктілікті кез келген уақытында үзу асқынулармен жүруі мүмкін.
Жүктілікті 12 аптаға дейінгі кезде үзу. Ерте түсік (аборт)
Бұл операция жасау кезінде әйел гинекологиялық креслода жатады. Операция бастамас бұрын қасаға аумағындағы түктерді алады, қуықты, ішекті босатады. Сыртқы жыныс ағзаларын дезинфицирлеуші ертінділермен өңдейді. Жансыздандыруды венаішілік немесе ингаляциялық наркоз арқылы жүргізеді.
Жүктілікті 5 аптаға дейін үзу вакум –аспирация әдісімен жүргізіледі. Бұл кезде жатыр мойынын кеңейтіп ашу қажет емес, ұрықты алу арнайы канюля (диаметрі 4-6 мм.) арқылы жүргізеді. Бұны мини аборт деп атайды. Мини аборттан кейін УДЗ арқылы жатыр қуысын тексеру керек.
Жүктіліктің ерте уақытында (6 аптаға дейін) медикаментозды түрде түсік жасатуға болады. Бұл простогландиндер аналогымен, Ru-486 қолдану арқылы жүргізіледі. Ru-486 –бұл стероидты гормон, ол прогрестерон рецепторларымен байланысады. Диагнозды анықтап, әйел жүктілікті үзу жайлы шешім қабылдағаннан кейін оған 3 таблетка (600 мг) Ru-486 ішке қабылдайды. 48 сағат өткен соң әйелге бұлшық етке 0,5 мг сульпростон (Е2 простогландин аналогы) енгізеді. 4-6 сағаттан кейін 96% жүктілерде түсік пайда болады. Бірақ бұл кезде Ru-486 препаратына қарсы көрсетілімдер бар екенін ұмытпау керек. Медикаментозды абортқа қарсы көрсеткіш болып келесілер жатады:
- Кортикостероидтармен ұзақ уақыт терапия;
- Гемостаз жүйесіндегі бұзылыстар;
- Бүйрекүсті безінің созылмалы жетіспеушілігі;
Аборт жасауда ұрық жұмыртқасын кюреткамен алу 3 этапта жүреді.
- Жатырды зондтау;
- Жатыр мойыны каналын кеңейту;
- Кюреткамен ұрық жұмыртқасын алу;
Жасанды түсіктен кейін сыртқы жыныс ағзаларын дезинфекциялаушы ерітіндімен тазалап, қынапқа арнайы айнамен еніп, қынап ішін тазалайды. Жатыр мойынын ашып кеңейткеннен кейін ұрық жұмытқасын бұзып, жою процесін кюреткамен жасайды. Абортцанг құралымен жатыр қуысында қалып қойған ұрық бөліктерін алып шығады. Кейін жатыр қуысын қырып тазалау үшін өткір емес (тупой) кюретканы №6 пайдаланады. Одан кейін жатыр жиырылып, оның көлемін кішіреюіне байланысты бұдан кіші және өткір кюреткаларды пайдаланады.
Ұрық жұмыртқасын жатырдан бөлген кезде қан ағу байқалады. Бірақ қан кету бұл кезде 50-75 мл аспайды. Егер ұрық жұмыртқасы толықтай бірден алынса онда сықыр тәрізді дыбыс естіледі, жатыр жиырылып, қан ағу тоқтайды.
Жасанды түсікті (аборт) 6-12 апта аралығындағы жүктілікке инструментальді түрде жасау үшін вакум –экекохлеация әдісімен жүргізеді. Вакум –экскохлеатор бұл металдан құралған кюреткадан тұрады, оның бастапқы бөлімінде тесік болады. Соңында резиналы шлангпен жалғасқан, шланг электросорғышқа (вакум –отсос) және резервуарқа қосылады. Жоғарыда айтқандай жатыр мойынын кеңейткенен кейін, жатырға канюля енгізіп, электросорғышты (электронасос) іске қосып жатыр қуысында теріс қысым тудырады (0,5-0,6 атм.). Абайлап жатыр қуысының барлық бөліктеріне жүргізіп шығады. Шыққан ұрық жұмыртқасы шланг арқылы сорылып, арнайы шыны банка ішіне түседі. Бұл вакуум аспирация әдісі басқа әдістерден қарағанда механикалық жараны аз тигізеді.
Операция жасағаннан кейін әйел құрсағына суық мұзды қойып, жатырды жиырылтатын заттарды енгізеді.
Жүктіліктің сонғы кезіндегі жасанды түсік
Жүктілікті соңғы кезінде үзу әдістеріне (13-22 апта аралығында) келесілер жатады: жатырдың қозғыштық қасиетін күшейту, интра- және экстраамниальді түрде гипертониялық ерітінділерді немесе простогландиндерді енгізу, кіші абдоминальді және қынаптық кесар тілік операциясы.
Жатырдың жиырылу қабілетін жоғарылату арқылы түсікке витаминогглюкозакальцилік фонды пайдаланады. Жатыр мойыны каналын кеңейту үшін простоландин және ламинария қолданады. Ламинария құрғақ, теңіз балдыры болып табылады. Ол ылғалды ортада көмемі үлкею қабілеті бар. Әртүрлі таяқша тәрізді ламинарияны цервикальді каналға салып 6-8 сағатқа қалдырады. Жатыр каналына простагландиндерді (F2a және E2) дәкеге орап енгізу, сонымен қатар таблетка, жақпамай ретінде қолдану жатыр мойынының жетілуіне, оның жұмсаруына, созылғыш болуына бірнеше сағатқа алып келеді. Осы кезде түсік бірнеше сағат ішінде болады. Егер ұрықтың сыртқа шығуы жүрмесе, жатырдың жиырылуын қолдан окситоцин, простогландин, жансыздандырушы препарат енгізеді. 30-40 мин кейін осы препараттарды енгізгеннен кейін жатырдың жиырылуы пайда болады. Нәтижесінде ұрық сыртқа шығып, түседі.
Кең таралған әдістердің бірі ол жүктіліктің 2 триместрінде амнион ішіне 20% гипертониялық ерітінді (натрий хлориды және простогландин) енгізу.
Гипертониялық ерітінді әр аптаға 10 мл көлеммен енгізіледі. Ертіндіні баяу 23-30 мл асырмай енгізіп отырады. Бұл ерітіндіні трансабдоминальді, трансцервикальді және тарсвагинальді амниоцентез арқылы енгізеді. Ерітіндіні енгізгеннен кейінгі және толғақ басталғанға дейінгі латентті кез 17-21 сағ.дейін болуы мүмкін.
Кез келген гипертониялық ерітіндіні енгізу әдісі қауіпті болып табылады. Себебі ерітінді жатыр ішіне тиген кезде, жатырда некроз (өлі тіндену) тудырған кездер белгілі. Гипертониялық ерітіндімен жасанды түсікке қарсы көрсеткіш болып бүйрек аурулары және гипертониялық ауру жатады.
Кесар тілік операциясы (қынаптық және абдоминальді) жүктілікті консервативті әдіспен үзуге қарсы көрсеткіш болғанда қолданылады. Қазіргі уақытта қынап арқылы кесар тілік операциясы қолданылмайды. Себебі ол зақымдалуды көп әкеліп, ыңғайсыз метод. Абдоминальді кесар тілігі жүктіктің соңғы кездерінде жүргізілетін әдеттегі кесар тілігінен айырмашылығы жоқ. Жатыр тілу жасап, ұрықты алып шығады. Кіші кесар тілігі кейінгі жүктілікке жағымсыз әсер көрсетеді, себебі бұдан кейін жатырда тыртық қалады.
Жасанды түсіктен кейінгі асқынулар:
- Жүктілікті ерте және кеш кездерінде үзу келесідей өте қауіпті асқынуларға алып келеді:
- Құрсақ ішлік қан кету. Бұл жатырдың тесілуімен (перфорациясы), кейде жатыр қан тамырларының зақымдалуымен түсіндіріледі.
- Жатырдан қан кету;
- Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары;
- Етеккір цилінің бұзылуы;
- Бедеулік
Ұқсас материаларды қарай кетіңіз: