Жалпы тұрғындар арасында және оның жеке жастық, жыныстық, әлеуметтік және тағы басқа топтарының ішінде барлық аурулардың таралу жиілігінің деңгейін көрсетеді. Тұрғындардың сырқаттануын зерттеу және сипаттауда үш ұғымды бөліп көрсетеді: өзіндік сырқаттанушылық, аурулардың таралуы және патологиялық зақымданулар.
Өзіндік сырқаттанушылық (біріншілік сырқаттанушылық) дегеніміз берілген жылы тұрғындар арасында тіркелмеген немесе алғаш рет тіркелген аурулар. Сырқаттанушылық (аурулардың таралуы) – бұл тұрғындар арасындағы барлық аурулардың бірлестігі: осы жылы алғаш анықталған, өткен жылы тіркелген, бірақ осы жылы қайта шағымданған аурулар.
Бірінші және екінші көрсеткіштерді 1000 тұрғынға есептейді.
«Патологиялық зақымдану» термині медициналық тексеріс кезінде тұрғындар арасында анықталған патологиялар жиілігін анықтайды. Бұл тексеріс тек ғана ауруды емес, сонымен қатар кейіннен медициналық көмек сұрауға мәжбүр ететін преморбидті формалар, морфологиялық және функционалды ауытқуларды анықтайды. Бұл көрсеткіш жиілігін 100 тексерілген адамға есептейді. Қазір ғылым мен техниканың дамуына, инфекционды және паразитарлы ауруларды емдеу мен профилактикасы жағынан медицина жетістіктеріне байланысты патологияның ерекше типі пайда болды.
Егер 60 – 80 жыл бұрын экономикасы дамыған елдерде сырқаттану және өлім бойынша алдыңғы орынды инфекционды аурулар алса, қазір бұл елдерде бірінші орынға дегенеративті аурулар шықты, ең алдымен жүрек-қантамыр зақымданулары және қатерлі ісіктер. Олардың үлесіне басқа да созылмалы өтетін аурулармен қатар өлім жағдайларының көп үлесі тиеді (70% артық).
Созылмалы, эпидемиялық емес аурулардың маңызы өсетін себебі, тұрғындарды «қатарлау» мен т.б. себептер нәтижесінде олардың таралуы жоғарылайды, сәйкесінше осы аурулармен шақырылатын адамдық және экономикалық шығындар жоғарылайды. Созылмалы, эпидемиялық емес аурулар, әсіресе жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары және қатерлі ісіктер тұрғындар денсаулығының маңызды көрсеткішін анықтайды, соның ішінде өлім, сырқаттанушылық, алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады.
Тұрғындардың сырқаттануын 3 түрі
1 Өзіндік сырқаттанушылық (алғашқы сырқаттанушылық)-берілген жылы тұрғындар арасында тіркелмеген немесе алғаш рет тіркелген аурулар жинағы.
2,Сырқаттанушылық не аурулардың таралуы – бұл тұрғындар арасындағы барлық аурулардың бірлестігі:осы жылы алғаш анықталған, өткен жылы тіркелген, бірақ осы жылы қайта шағымданған аурулар.
3, Патологиялық зақымдану термині –дәрігерлік тексеріс кезінде тұрғындар арасында анықталған морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығың анықтайды.
Аурулықты зерттеу үшін және оны уақыт, кеңістік бойынша салыстыратын керекті бір жағдай – ол казіргі номенклатура, яғни аурулардың, жарақаттанулардың, өлім себептерінің жіктелуін қолдану. Дерттер түрлері және денсаулыққа әсер ететің жағдайлар, халықаралық статистикалық жіктелуінде, яғни оныншы рет қайта қаралуында(халықаралық аурулар жіктелуі, ХАЖ-10) көрсетілген.Осы ХАЖ-10 дерттер нозологиялары 21 сыныпқа бөлінген.
Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң 1997 жылы 19 мамырда қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың меншік нышандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді