Статистикалық жиынтық. Бақылау бірлігі. Жалпы және іріктелген жиынтық. Пепрезентативтілік туралы ұғым

Статистиканың негізгі принциптері – жалпы халықтың немесе кқпшілік жағдайын зерделеу. Тек зерттеуге қажетті көлемдегі топтарды бақылай отырып, қоғам дамуын сипаттай алмайтын жеке құбылыстарды шығарып тастау арқылы қоғам дамуының заңды мәселелерін ашуға, анықтауға мүмкіншілік туады. Мысалы: Операциядан кейін 1-2 асқыну операциясын және оның әдістерін тиімсіз деуге болмайды. Тек қана осындай көптеген операцияларды зерделей отырып, осы емдеу туралы заңды қолтынды жасауға болады.

Емгерлер осы заңды құбылыстарды тануға қажетті статистика әдістерін меңгергенде ғана статистикаға қажетті зерттеу объектісін, басқаша айтқанда статистикалық жиындынтықты, дұрыс таба алады.

Статистикалық жиынтық – жекеленген, бірақ өзара ұқсас, ортақ қаситеттері бар элементтерінің (бақылау бірліктерінің) белгілі бір уақыт және кеңістік шегіндегі тобы. Мысалы: бір жерде қалада, селода тұратын халық саны, белгілі бір жылда туған немесе өлген адамдар саны, бір дертпен сырқаттанған адамдар саны.

Статистикалық  жиынтық. Бақылау бірлігі. Жалпы және іріктелген жиынтық. Пепрезентативтілік туралы ұғым

Бақылау бірліктері дегеніміз – статистикалық жиынтық құрайтын әрбір бастапқы (алғашқы) элемент немесе жеке құбылыс. Бақылау бірліктерінің саны «П» әріпімен белгіленеді.

Әрбір бақылау бірлігі – ұқсастық және айырмашылық немесе есептік белгісі бар объект, құбылыс, Негізгі есептелінетін белгі, Ұқсас (біріңғай) белгілеріне қарай бақылау бірліктері жиынтыққа бірігеді. Айырмашылық немесе есептеу белгілері (есептелінетін) деп бақылау бірліктерін бір-бірінен айыруға мүмкіндік беретін белгілерді айтады. Есертеу белгілерінің қасиеттерінің ерекшелігіне қарай атрибутты, сипаттық жіне сандық болып бөлінеді, ал атқаратын қызметі жағынан факторторлық және нәтижелік болып бөлінеді.

Атрибуттік бірліктер, белгілер сөз арқылы беріледі, олар сипатмадан тұрады, Мысалы: жынысы, ұлты, диагноз емдеу әдісі, т.с.с. Сандық белгілер сан арқылы беріледі.Мысалы: АҚ, ЭТЖ, жасы, препарат дозасы, емделген күннің саны т.б.

Факторлық белгілер деп – басқа белгілерге әсер ететін, өзгеруін қамтамасыз ететін белгілерді айтамыз.

Нәтижелік белгілер факторлық белгілерге байланысты бағынышты өзгеріп отырады.Мысалы: Адамның жасы ұлғайған сайын  факторлық белгі, оның салмағы және бойы өзгереді.

Статистикалық жиынтықтар жалпылама және іріктелген жиынтық деп бөлінеді. Жалпылама жиынтық хзерттеу жүргізу кезінде осы зерттеуге қатынасы бар барлық бақылау бірліктерін қамтитын бірліктер тобы. Мысалы: бір қала  халқының нсаулығын зерттеу қажет болса, осы қалада тұратын барлық адам – жалпылама жиынтық. Бірақ көпшілік жағдайда барлық, жалпылама жиынтықпен жұмыс істеу қиын, кейде тіпті мүмкін емес.Сондықтан, әдетте зерттеу жұмыстары үшін осы жалпылама жиынтықтың, оны сипаттай алатын, белгілі бір шағын тобы іріктелініп алынады. Ол іріктелген жиынтық деп аталады.Іріктелген жиынтық көмегімен  барлық негізгі жиынтыққа тән заңдылықтар туралы түсінік алуға болады.Іріктелген жиынтық көрсетілімді репрезентативті, яғни онда жалпылама жиынтыққа тән барлық белгілер болу керек.Көрсетілімді қамтамасыз ету үшін ол екі талапқа жауап беру керек.Іріктелген жиынтық мөлшері жағынан жалпылама жиынтықпен мүмкіндігінше жақын болуы керек және жалпылама жиынтыққа ұқсас болуы керек.

Осы себеппен іріктелген статистикалық жиынтықпен жұьыс істеу кезінде алдын-ала оның көлемін анықтап алу қажеттілігі туындайды.

Егер зерттеу нәтижесі орташа шамалармен берілетін болса бақылау бірліктерінің саны немесе іріктелген статистикалық жиынтық көлемін анықтау үшін формула өолданылады:

       T2*δ2

N=       Δ²

 

 

мұнда:

n —  Қажетті көлем, немесе алынатын бақылау бірлітерінің саны.

t  —  Қажетсіз болжамның 95%тік ықтималдығында 2-ге тең, ал Р 99% болғанда 3ке тең.

Орташа квадраттық ауытқу денгейі.Егер осы тектес зерттеулер бұрын жын жүргізлген болса солардың деректерінен , ал жүргізілмеген болса шағын көлемді, байқау үшін жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталынып алынады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне және анықталып отырған белгі ерекшелітеріне байланысты зерттеушінің өзі белгілейтін болуы мүмкін қатенің шекті деңгейі немесе сенім деңгейі.

Δ= t*m

m —  Іріктелген жиынтықтың жалпылама жиынтықпен айырмашылығына байланысты көрсетімділік қатесінің мөлшері.Егер іріктеліп , таңдалынып алынған жадығаттар, деректкр саны үлкен, яғни 30-дан көп болса, олардың айырмашылығының шамасы кемінде 2 ден\ғгейінде болады.

 

Егер зерттеу нәтижесі салыстырмалы шамалармен берілетін болса қажетті бақылау бірліктерінің саны мынадай формула арқылы анықталынады:

n =  t2  * p * q / Δ²

n -бақылау бірліктерінің саны

t  -сенім коэфиценті, 2.3

p -бұрынғы жүргізілген зерттеулер нәтижесінен алынған процентпен берілген көрсеткіш.Егер ондай зерттеу нәтижесі болмаса 50/ деп алынады.

q =100-Р

Проценпен берілген зерттеу мақсаты және міндеттеріне байланысты анықталынатын шекті рұқсатты қате деңгейі, әдетте оль 5/ аспауы керек.

Статистикалық жиынтықты жинау жолдары: тұтас немесе жаппай қамту, былайша айтқанда зерттелетін барлық құбылыстарды еспке алу.Іріктеу зерттелетін құбылыстардың кейбірін есепке алу.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 14 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 272Регистрация: 11-10-2014
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...