Сәулелі диагностика әдістері

Сәулелі диагностика – қалыпты және патологиялық өзгерген адам ағзалары мен жүйелерінің құрылымы мен қызметін зерттеу, ауруларды тану және алдын алу үшін сәулені қолдану туралы ғылым.

Сурет деп оптикалық диапазонда түзілген кез келген сәулелену түрінің таралуын көзбен қабылдай алуды түсінеміз.

Рентгендік кескінді алу негізі: Рентген сәулелері науқастың денесі арқылы өтіп, тіндердің тығыздықтарына байланысты жұтылады. Рентгенограммада көлеңкелі кескін туындайды. Көлеңкелердің оптикалық тығыздықтары тіндердің тығыздықтарына, оның минералды құрылысына тікелей байланысты.

Аталып өткен кез-келген әдістер кезінде барлық кескіндер қатты көшірме түрінде алынады– рентгендік пленка, фотопленка, қағаз, поляроидты пленка, термоқағаз, магнитті ленталар, электронды тасымалдаушылар (қатты және жұмсақ дисктер, флештер); немесе бекітулі түрде –рентгендік құралдың экранында, электронды-сәулелі түтікте, дисплейде);

Алынған кескіндерді қарап немесе компьютерлік техниканың көмегімен бағалайды. Компьютерлік техника зерттелуші көрсеткіштерді сандық бағалауда ерекше маңызды. Мәліметтерді өңдеу мен сақтауға арналған әртүрлі бағдарламалар пакеті қолданылады;

СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕХНИКАСЫ

Дәстүрлі тікелей ұқсас технологиялар

  • рентгенография, рентгеноскопия

Цифрлы технологиялар

  • компьютерлік томография (КТ, МСКТ)
  • сонография, допплерография
  •  магнитті-резонансты томография (МРТ)
  • есептеуші рентгенография
  • есептеуші ангиография (АГ)
  • есептеуші сцинтиграфия
  • позитронды эмиссионды томография (ПЭТ)

Рентгенологиялық диагностиканың әдістері

  1. Негізгі әдістер – рентгенография және рентгеноскопия.
  2. Томография (қабатты зерттеу) –сызықтық томография және компьютерлік томография.
  3. Флюорография
  4. Контрасты зерттеу әдістері
  5. Интервенционды рентгенология

Цифрлы рентгенографияның артықшылықтары мен кемшіліктері

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ :

  • Жоғары нәтижелілік (кассеталар мен химиялық өңдеудің болмауы).
  • Қоршаған орта мен денсаулыққа жақсы әсер етуі  (химикалийлермен қарым-қатынас жоқ).
  • Қайта түсірілімдер санының азайтылуына байланысты, науқастың сәулеленуінің азаюы.
  • Телемедицинаны және PACS қолдануда артықшылықтары.

    КЕМШІЛІКТЕРІ :

  • Жабдық бағасының қымбаттығы.

Компьютерлік томография

Компьютерлік томография кезінде детекторлар дененің зерттелуші бөлігінің әрбір бөлшекті көлемімен жұтылған рентгендік кванттардың сандарын тіркейді. Ерекшеленген кесінді тіннің кішкентай тікше пішіндері  (вокселдер) түрінде қарастырылады.Әрбір детектор осы жағдайдағы тікше пішіндегі сәуленің жұтылуын бағалайды. Компьютер жұтылған  энергияның орташа көлемін санап,былайша айтқанда,барлық тікше пішіндердегі сәуленің жұтылу  коэффициенттерінің  картасын жасайды.

Жұтылудың салыстырмалы көлемдерін бағалау үшін Хаунсфилд шкаласы қолданылады. Хаунсфилд шкаласы бойынша  0-ге тазартылған су тығыздығы, +1000-ға – тұтас сүйек тіні тығыздығы,-1000-ға – ауа тығыздығы тең деп саналады.

Көпқатпарлы КТ алу негізі. 

  1. Шешілуге жоғары қабілеттілік
  2. Кескін алудың жоғары жылдамдығы
  3. Зерттелуші аумақтың үлкен созылғыштығы
  • Кішкене құрылымды кескіндерді алуда жақсы нәтиже
  • Жүрек тамырларының кескіндерін катетеризациясыз алу
  • Тамырлар кескінін үлкен ұзындықта алу
  • Перфузияны зерделеу
  • Сүйек тінінің минералдық қанығуын зерделеу

Ультрадыбысты диагностика

Ультрадыбысты диагностика тіндердің ультрадыбысты толқынды бейнелеу қабілетіне негізделген.Ең үлкен ультрадыбысты қарсылық, яғни импеданс, екі ортаның шекарасында туындайды – сұйықтық және тығыз тін, ауа және тығыз тін. Қабылдағышта бейнеленген сәулелену сигналы электрлік сигналға ауысады, одан соң ол мониторда жарықтанушы нүктелер түрінде пайда болады.Жарықтанушы нүктелердің  жарықтығы эхосигнал қарқындылығына байланысты .

Негізінен- тығыз орталар  ультрадыбысты бейнелейді, сұйық орталар ультрадыбысты өткізеді, газотәрізді орталар ультрадыбысты өшіреді.Осылайша, ультрадыбыс сұйықтық пен тығыз тіндерді дәл ажыратуға мүмкіндік береді.Сұйықтықты визуализациялау мүмкіндігі ультрадыбысты диагностиканың басқа әдістермен салыстырғанда үлкен артықшылығы болып табылады.

УДЗ кезіндегі кескінді сипаттаушы негізгі белгілер болып эхогенділік немесе анэхогенділік табылады. УДЗ кезіндегі патологиялық өзгерістердің симптомдары болып қалыпты тіннің гипер-, гипо- и анэхогенді түзілістері  табылады.

УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған:

  1. Бір өлшемді зерттеу  (эхография)
  2. Екі өлшемді зерттеу  ( сканирлеу, сонография)
  3. Допплерография.

Негізгі клинико-эхографиялық синдромдар:

  • ағзаның паренхимасының диффузды қалыңдауы;
  • тығыз ошақ;
  • қуыс.

Магниттік – резонансты томография

 

Компьютерлік томографиямен салыстырғандағы магнитті-резонансты томографияның артықшылықтары:

  1. Жоғары шешу  қабілеті.
  2. Сәулелік әсері жоқ.
  3. Ақ-қара кескіннің әртүрлі  түстілігі.
  4. Алдын-ала дайындалуды қажет етпейді (премедикация және контрасты заттар).
  5. Кескіндер қалыңдығы 5-6 см,кескіндер араларындағы  қашықтық 1 мм.

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері: жүктіліктің бірінші триместрі, бірақ тератогенді әсер анықталмаған.

Абсолютті қарсы көрсеткіштері:

  • бөгде металлды денелердің болуы
  • электрокардиостимулятордың болуы
  • инсулинді  помпаның  болуы

Магниторезонансты томография кезінде радиожиілікті толқындардың (және статикалық магниттік аудандардың) атомды ядромен қарым-қатынасы болады.

Магниторезонансты визуализация  физикалық эффект нәтижесінде болады –ядролардың күшті  кернеулікті (тұрақты) магнитті аудан векторы айналасындағы процессиясы .

Сыртқы электромагнитті сигналды өшіргеннен кейін ядролар өздерінің алғашқы қалыптарына келеді және бұл кезде  электромагнитті толқынды шашады.

МР-антенна немес қабылдаушы катушкамен тіркелетін сигнал қарқындығы ,МР-кескінді алудың негізі ретінде қолданылады.

Рентгенодиагностикадағы контрасты заттар

Рентгенонегативті контрасты заттар:

  • ауа, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газ тәрізді заттар.

Рентгенопозитивті контрасты заттар:

  • Иодты су ерітінділер;
  • иодты майлы ерітінділер;
  • өлшемдер (взвеси)

Суда еритін контрасты заттар

  • Ионды – урографин,гипак
  • Ионды емес – ультравист,омнипак, магневист, визипак

Контрастылау әдістері:

  1. Тура, ол кезде контрасты зат тікелей тамыр немес қуыс ішіне енгізіледі.
  2. Концентрация  және элиминация принциптері бойынша контрастылау, ол кезде контрасты заттың немесе мүшеде таңдамалы жиналып, одан кейін функциональды анатомиялық жолдар арқылы шығарылады.

РАДИОНУКЛИДТІ ЗЕРТТЕУЛЕР

  1. Гамма-сцинтиграфия
  2. Бірфотондық  эмиссионды томография
  3. Позитрондық  эмиссионды томография

Позитронды эмиссиялы томография (ПЭТ) – сәулелі диагностиканың жаңа функциональді әдісі, ол радиофармпрепараттарды (РФП), таңбаланған қысқа өмір сүруші сәулелеуші радионуклидтерді  пайдалануға негізделген.

Денситометриялық зерттеу

Остеопороздыь(сүйек тінінің тығыздығын) диагностикалауда рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеу қолданылады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!