Сабақ жоспары

 Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Студентерге әскери анттың маңызын және жауынгерлік туыды сақтау бойынша әскери қызметшінің жауапкершілігін тісіндіру.
  2. Студентерді жауынгердің адамгершілікті, батылдық қасиеттерін, тәртібін, қырағылығы мен әскери антына берік болуды тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ

Уақыт: 2 сағат (100 мин)

Өткізілетін орны: оқу аудиториясы

    Оқу құралдарымен жабдықтары

1.Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының ішкі Жарғысы. 05.07.2007 ж. № 364

Сабақ өту тәртібі мен оқу сұрақтары және уақыт есебі

№ п/пОқу сұрақтарыОқытушының

 іс-әрекеті

Оқушылардың

 іс-әрекеті

 

Уақыт

(мин)

1.Кіріспе бөлімі

Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін.

5 мин.
2.Негізгі бөлім:

1. Әскери ант–сарбаздың Отан алдында адалдығын дәлелдейтін ант. Әскери ант қабылдау тәртібі. Әскери анттың мазмұны

 

 

2. Бөлімнің Жауынгерлік Туы және оны әскери бөлімге тапсыру тәртібі. Жауынгерлік Туды сақтау және оны жоғалтқаны үшін жауапкершілік.

 

Оқушыларды сұрақтарды қою арқылы бағалаймын. Түрлі жағдайлардағы  іс-әрекетері туралы сұрақ қойып бағалаймын.

 

 

Оқушылар жарғылардан сұрақтарды оқып жауап береді.

 

90

45

 

 

 

 

45

 

 

 
3.ҚорытындыТақырыптың атауын, оқу сұрақтарын қайталап өтемін. Бағаларды айтамын. Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.Сұрақтарын береді. Өзіндік дайындығына берелгін сұрақтарды жазып алады.5мин

Кіріспе

  1. Әрбір әскери қызметші Қарулы Күштердің қатарына қабылданған кезде жеке тәртіпте әскери ант қабылдайды және оны өз қолын қойып бекітеді.

Әскери қызметші әскери антты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында қабылдайды.

Негізігі бөлім:

1.Бірінші сұрақты талқылауға кірісемін -45 мин.

«Әскери ант – сарбаздың Отан алдында адалдығын дәлелдейтін ант. Әскери ант қабылдау тәртібі. Әскери анттың мазмұны»

  1. Әскери антты:

толықтыруға келген сарбаздар мен матростар, келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш айқындалған азаматтар – арнайы бағдарламаны өткеннен және олар Конституция мен Қазақстан Республикасын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама талаптарын, сарбаздың (матростың) негізгі  міндеттерін, Әскери анттың, әскери бөлім Жауынгерлік Туының және әскери тәртіптің мәнін меңгергеннен кейін әскери бөлімге келген күннен бастап бір айдан кейін, бірақ екі айдан кешіктірілмей;

бұрын әскери ант қабылдамаған әскери (арнаулы) оқу орындарының тыңдаушылары, курсанттары – оқу орнына қабылдаған сәттен бастап осы мерзім өткеннен кейін;

әскери (арнаулы) оқу орындарының оқушылары – әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан кезде;

бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер – оқу-жаттығу жиындары басталғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей;

жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялаумен – бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер – әскери бөлімге келгеннен кейін қабылдайды.

  1. Әскери жиындардағы бұрын әскери ант қабылдамаған әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер әскери бөлім командирінің, әскери (арнаулы) оқу орны, мекеме бастығының басшылығымен оны қабылдайды.
  2. Әскери ант қабылдау уақыты, орны мен тәртібі әскери бөлім командирінің бұйрығында жарияланады. Әскери антты қабылдау күні осы әскери бөлім үшін мереке күні болып табылады.
  3. Белгіленген уақытта әскери бөлім оркестрмен жаяу сапқа салтанатты, ал соғыс уақытында далалық киім нысанында қарумен роталық (взводтық) лектер сызығына тұрғызылады.

Жауынгерлік Ту белгіленген тәртіппен сапқа тұрғызу орнына алып шығарылады.

Әскери ант қабылдар алдында бөлім командирінің командасы бойынша әскери қызметшілер сабының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты көтеріледі, жеке құрам Мемлекеттік әнұранды орындайды. Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін бөлім командирі қысқаша сөзінде Конституцияның талаптарын, әскери анттың және Отанға адал болуға әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерге жүктелетін құрметті міндеттің мәнін естеріне салады.

Түсіндірме сөзінен кейін әскери бөлім командирі ту ұстаушы мен оның ассистенттеріне саптың ортасына шығу үшін команда береді, содан кейін «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және бөлімше командирлеріне жеке құрамға  әскери ант қабылдатуға кірісуге бұйырады.

Бөлімшелер командирлері әскери ант қабылдайтын әскери қызметшілерді саптан кезекпен шақырады. Әрбір әскери ант қабылдаушы бөлімше сабының алдында мемлекеттік немесе орыс тілінде әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан кейін арнайы тізімдегі өз тегінің тұсындағы бағанға өзі қол қояды және саптағы өз орнына барып тұрады.

Әскери ант қабылдайтын адамдарға тізімдер бланкілері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген үлгі бойынша алдын ала дайындалады және бірінші парағында Мемлекеттік елтаңба мен әскери анттың мәтіні болады.

Ант қабылдау аяқталғаннан кейін әскери ант қабылдағандардың жеке қолдары қойылған тізімдерді бөлімшелер командирлері әскери бөлім командиріне тапсырады.

Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді, ал барлық бөлімді толық құқылы жаңа буынмен құттықтайды. Әскери бөлім құттықтауға созылыңқы үш дүркін «Урамен» жауап береді. Оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайды. Содан кейін қолбасшылық өкілдері мен шақырылғандар сөз сөйлейді. Әскери бөлім командирі: «ТУ ҰСТАУШЫ, САПҚА ТҰР» деген команда береді.

Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты маршпен өтумен және  әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын әкетумен аяқталады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығару мен әкету Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Төмен температурада және қолайсыз ауа райында әскери ант қабылдау үй-жайда өткізілуі мүмкін. Бөлім командирі сөз сөйлегеннен кейін бөлімшелер үй-жайларға тарайды. Әскери ант қабылдау аяқталғаннан кейін бөлімшелер команда бойынша салтанатты маршпен өту үшін көрсетілген орынға қайтадан сапқа тұрғызылады.

Белгіленген күні әскери ант қабылдамаған әскери қызметшілер оны келесі күндері Жауынгерлік Тудың жанында бөлім командирінің басшылығымен қабылдайды.

  1. Әскери ант қабылдау жауынгерлік және еңбек даңқы орындарында, сондай-ақ Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің бауырластар зираттары басында қабылдануы мүмкін.
  2. Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің тізімін бұйрықта жариялайды.

Әскери ант қабылдағандардың тізімі әскери бөлім штабында нөмірленген, тігілген және сүргілі мөрмен мөрленген жеке папкада бес жыл бойы сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады, онда елу жыл бойы сақталады.

Әскери қызметшінің әскери билетінде, есептік-қызметтік карточкасында (жеке ісінде) «Әскери ант қабылдады (күні, айы, жылы, әскери бөлімнің атауы)» деген белгі қойылады, ол штаб бастығының қолымен және бөлімнің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

  1. Рәсімді уақтылы, нақты орындау және әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді есепке алу үшін командир, ал әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің тізімінің сақталуы үшін әскери бөлім штабының бастығы жауапты болады.

2.Екінші оқу сұрағын жариялаймын-45 мин.

«Бөлімнің Жауынгерлік Туы және оны әскери бөлімге тапсыру тәртібі. Жауынгерлік Туды сақтау және оны жоғалтқаны үшін жауапкершілік»

  1. Жауынгерлік Туды әскери бөлімге ол құрылғанда Қазақстан Республикасының Президенті атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілдері тапсырады.

Жауынгерлік Туды тапсыру кезінде әскери бөлімге Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы беріледі.

  1. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін әскери бөлім сапқа салтанатты, ал далалық жағдайларда және соғыс уақытында далалық киім нысанында қарумен Саптық жарғыда белгіленген тәртіппен тұрғызылады

Жауынгерлік жағдайларда Жауынгерлік Туды тапсыру кезінде әскери бөлімді сапқа тұрғызу тәртібі жауынгерлік жағдайды ескере отырып айқындалады.

  1. Жауынгерлік Туды сапқа тұрғызу орнына шығару үшін Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген бастықтың қарамағына әскери бөлім командирі негізінен ордендермен және медальдармен наградталған офицерлерден немесе сержанттардан (старшиналардан) ту ұстаушы мен екі ассистент, ту ұстаушы взвод тағайындалады. Ассистенттер қылышпен қаруланады.
  2. Белгіленген уақытта ту ұстаушы Жауынгерлік Туды қабында алып шығады және Жауынгерлік Туды тапсыратын бастықтың соңынан үш адым жерде әскери бөлім сапқа тұрғызылған орынға жүреді. Бұл ретте ту ұстаушы Жауынгерлік Туды сол жақ иығына Саптық жарғыда көрсетілген күйде ұстайды; ту ұстаушының оң және сол жағында онымен қатар ассистенттер жүреді.

Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам сапқа қырық-елу адымға жақындағанда әскери бөлім командирі команда береді.

Мысалы: «Бригада, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)». Егер бригада карабиндермен қаруланған болса, онда: «Бригада, ТІК ТҰР. Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін қарауыл-ҒА».

Оркестр «Қарсы алу» маршын ойнайды. Оркестр ойнауды бастасымен ту ұстаушы ассистенттермен және ту ұстаушы взводпен тоқтайды. Ту ұстаушы Жауынгерлік Туды Саптық жарғының талаптарына сәйкес оны аяғының жанында еркін түсірілген оң қолымен ұстап, оң аяғына тура қояды

  1. Әскери бөлім командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адамға жақындап, оның алдына екі-үш адым жерге тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Армия генералы мырза. 41-ші механикаландырылған Суворов орденді бригадасы Жауынгерлік Туды тапсыру жағдайына байланысты сапқа тұрғызылды. Бөлім командирі ұлан полковнигі Дүйсекеев».

Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адамға баяндау үшін бөлім командирі тоқтаған сәтте оркестр ойнауын тоқтатады.

  1. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам баянатты қабылдап, сап ортасының алдына тұрады, әскери бөліммен сәлемдеседі және «ЕРКІН ТҰР» командасын береді. Әскери бөлім командирінің «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша ту ұстаушы взвод саптың сол қапталындағы өз орнына барып тұрады, ал ту ұстаушы ассистенттерімен Жауынгерлік Туды тапсырушы адамға жақындайды және оның соңынан екі-үш адым жерде сол (оң) жаққа қарай сапқа қарсы тұрады. Жауынгерлік Туды тапсыру үшін келген адам ту ұстаушыға жақындайды. Ту ұстаушы оған Жауынгерлік Туды тапсырушы жақындасымен Жауынгерлік Туды еңкейтеді және оны екі қолымен көлденең ұстайды. Жауынгерлік Туды тапсырушы Жауынгерлік Тудың қабын шешеді және Жауынгерлік Туды жазады. Содан кейін ту ұстаушы Жауынгерлік Туды тік қойып және оны оң қолымен ұстап, сапқа қарсы тұрады.

Жауынгерлік Туды тапсырушы адам «ТІК ТҰР» командасын береді және Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасын (бұдан әрі – Грамота) оқиды, одан кейін оны әскери бөлім командиріне тапсырады. Әскери бөлім командирі Грамотаны қабылдап, оны ассистентке береді. Жауынгерлік Ту бөлім командиріне тапсырылады. Оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

  1. Әскери бөлім командирі оркестр Мемлекеттік әнұранды орындағаннан кейін Жауынгерлік Туды ту ұстаушыға береді және Грамотаны алады. Содан кейін әскери бөлім командирі: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, АДЫМ – БАС» командасын береді. Ту ұстаушы «Адым» командасы бойынша Жауынгерлік Туды сол иығына алады.
  2. Әскери бөлім командирі, оның соңында үш адым жерде ту ұстаушы Жауынгерлік Тумен және ассистенттер бөлім сабының сол қапталына жүреді, одан кейін саптың маңдайшебі бойымен (саптан он-он бес адым жерде) саптың оң қапталына өтеді. Оң қапталға шыға отырып, әскери бөлім командирі ту ұстаушыны ассистенттерімен сапта оларға белгіленген орынға тұрғызады. Оркестр қозғалыс басталысымен және ту ұстаушы сапта тоқтағанға дейін «Қарсы алу» маршын орындайды. Әскери бөлім Жауынгерлік Туды созылыңқы «Урамен» қарсы алады.

Ту ұстаушы орнына тұрғаннан кейін әскери бөлім командирі оркестрге ойнауды тоқтату үшін белгі береді, саптың ортасына шығады және Жауынгерлік Туды тапсырған адамның қасына тұрады, содан кейін оның нұсқауы бойынша «Еркін тұр» командасын береді, ал егер бөлімнің «қарауылға» күйінде карабиндері болса, онда алдын ала «Аяқ-ҚА» командасын береді.

  1. Жауынгерлік Туды тапсырған адам әскери бөлімді Жауынгерлік Туды алуымен құттықтайды, бөлімше құттықтауға үш дүркін созылыңқы «Урамен» жауап береді. Одан кейін әскери бөлім командирі жауап сөз сөйлейді.
  2. Рәсім аяқталғанда әскери бөлім Жауынгерлік Туды тапсырған адамның алдынан салтанатты шерумен өтеді. Салтанатты шерумен өткенде әскери бөлім сапқа қайта тұрғызылады және Жауынгерлік Ту оны сақтау орнына Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен апарылады.
  3. Жауынгерлік Туды алғаны туралы әскери бөлім бойынша бұйрық беріледі, онда Жауынгерлік Туды сақтау үшін орын, ту ұстаушы мен ассистенттер айқындалады.
  4. Жауынгерлік Тудың саптағы күйі, оны шығару және әкету тәртібі Саптық жарғымен, ал оны күзету тәртібі Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысымен айқындалады.

Әскери бөлімге орден тапсыру тәртібі

  1. Әскери бөлімге орден тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша адамдар жүргізеді.
  2. Әскери бөлім орден тапсыру үшін Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен қарумен сапқа тұрғызылады.

Жауынгерлік жағдайларда орден тапсыру кезінде әскери бөлімді сапқа тұрғызу тәртібі жауынгерлік жағдайды ескере отырып айқындалады.

  1. Орден тапсыратын адам бөлім командирінің баяндауын қабылдап және жеке құраммен амандасып, сап ортасының алдына тұрады.

Бөлім командирі «Ту ұстаушы, МАҒАН КЕЛ» командасын береді. Осы команда бойынша штаб бастығының көмекшісі (орынбасары) Жауынгерлік Тудың алдына екі адым жерде тұрып: «Менің соңымнан, АДЫМ – БАС» деп команда береді және орден тапсыратын адамға жақындап, ту ұстаушы мен ассистенттерді сапқа қарсы қояды, ал өзі олардың оң жағына қарай тұрады.

Одан кейін орден тапсыратын адам саптың алдында Қазақстан Республикасы Президентінің бөлімді орденмен наградтау туралы Жарлығы мен Грамотасын оқиды, содан кейін Грамотаны бөлім командиріне береді, ал орденді бөлімнің Жауынгерлік Туына қадайды. Оркестр Мемлекеттік  әнұранды орындайды. Оркестр ойнауды аяқтағаннан кейін орден тапсырған адам бөлімді мемлекеттік наградасымен құттықтайды. Бөлім құттықтауға үш дүркін созылыңқы «Урамен» жауап береді.

Бөлім командирі жауап сөз сөйлейді.

  1. Жауап сөз сөйлегеннен кейін бөлім командирі: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, АДЫМ – БАС» командасын береді. Бөлім командирі команда беріп, оның соңынан үш адым жерде штаб бастығының көмекшісі (орынбасары), одан әрі екі адым жерде ту ұстаушы Жауынгерлік Тумен және ассистенттер саптың сол қапталына қарай жүреді, ал содан кейін саптың маңдайшебі бойымен (саптан он-он бес адым жерде) бөлімнің оң қапталына қарай жүреді, онда штаб бастығының көмекшісі (орынбасары), ту ұстаушы мен ассистенттер оларға сапта айқындалған орынға тұрады.

Оркестр ту ұстаушының қозғалысы басталысымен және сапта тоқтағанға дейін «Қарсы алу» маршын орындайды. Бөлім Жауынгерлік Туды созылыңқы «Урамен» қарсы алады. Қорытындысында әскери бөлім орден тапсырған адамның алдынан салтанатты шерумен өтеді.

  1. Әскери бөлім наградталған Қазақстан Республикасының ордендері Жауынгерлік Туға матаның бет жағына ордендердің үлкендік тәртібімен тағылады.

Бірінші орден матаның жоғарғы жиегінен он бес сантиметр және ағаш сабынан он сантиметр, қалған ордендер ағаш саптың бойымен жоғарыдан төмен қарай бір-бірінен бес-он сантиметр аралықта тағылады.

Ордендерді Жауынгерлік Туға тағу үшін матада қажет болған кезде тесіктер жасалады, олар жібекпен оралады.

Жауынгерлік Туды сақтау және ұстау тәртібі

  1. Жауынгерлік Ту бейбіт және соғыс уақытының барлық шарттары мен жағдайларында өз әскери бөлімімен бірге болады. Оны әр уақытта қарауыл күзетуі, ал оны әскери бөлімге шығару кезінде ту ұстаушы взвод күзетуі тиіс. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы:

әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде және ол елді мекендерде орналасқан кезде – бөлім штабының үй-жайында;

полигонда (лагерьлерде), оқу-жаттығуларда, жауынгерлік жағдайда – әскери бөлім командирі көрсеткен жерде болуы тиіс.

Бейбіт уақытта ерекше жағдайларда бірнеше әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын бірге сақтауға рұқсат етіледі.

  1. Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде Жауынгерлік Ту сабына жиналған күйде ордендермен, ордендер және тулар ленталарымен бірге әскери бөлімнің елтаңбалы сүргілі мөрімен мөрленген шынылы шкафта постыда сақталады. Ол тік күйде ту тұғырына (ағаш сапты бекітуге арналған ойықты тұғыр) орнатылуы тиіс.

Постыда Жауынгерлік Тумен ерлігі мен жауынгерлік айбыны үшін Қорғаныс министрінің вымпелі күзетілуі мүмкін.

  1. Әскери бөлімді автомобиль, темір жол, су, әуе көлігімен тасымалдаған кезде және басқа да жағдайларда Жауынгерлік Ту оралған күйінде және әскери бөлімнің елтаңбалы сүргілі мөрімен мөрленген қабында сақталады. Жауынгерлік Ту үшін жеке автомбиль, купе (вагон), каюта, ұшақ (кабина) бөлінеді. Жауынгерлік Тумен бірге ту ұстаушы, ассистенттер мен қарауыл жүреді, сондай-ақ құпия құжаттарымен жәшік тасымалдануы мүмкін.
  2. Жауынгерлік Туды дұрыс сақтау және ұстау үшін әскери бөлім штабының бастығы тікелей жауап береді. Ол:

жеке өзі немесе өзінің орынбасары мен көмекшілері арқылы сақшылардың постыда Жауынгерлік Тудың жанында кезекшілік атқаруын жүйелі тексеруге;

Жауынгерлік Туды айына бір реттен сирек емес, бұл ретте ордендердің  санын, жай-күйі мен нөмірлерін, ордендер ленталары мен матаның жай-күйін, қабының, бауларының, шашақтарының, сабының және ұштығының дұрыстығын тексере отырып, қарауды жүргізуге;

Жауынгерлік Туды қарау кезінде анықталған кемшіліктерді бұл туралы әскери бөлім командиріне баяндай отырып, жоюға шаралар қабылдауға;

бұл туралы әскери бөлім командиріне баяндай отырып, онда қарау уақытын, Жауынгерлік Туды қарау кезінде табылған кемшіліктерді және оларды жоюға қабылданған шараларды белгілей отырып, арнайы журнал жүргізуге міндетті.

  1. Жауынгерлік Туды қарауды штаб бастығы ту ұстаушының, ассистенттер мен қарауыл бастығының қатысуымен жүргізеді. Жауынгерлік Ту қапта болған жағдайда штаб бастығы оны қарау үшін жазуды бұйырады. Осы бұйрық бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды көлденең күйге түсіреді, ассистенттердің біреуі қабын алады, ал ту ұстаушы сабын жайлап айналдыра отырып, Жауынгерлік Туды жазады. Ассистенттер ту ұстаушыға көмектеседі және бауларының, шашақтарының шатыспауын, матаның жерге (еденге) тимеуін қадағалайды. Бұл ретте ордендердің саны мен жай-күйі, ордендер, ту ленталары мен маталардың жай-күйі, қабының, бауларының, шашақтарының, сабының және ұштығының дұрыстығы тексеріледі.

Штаб бастығының Жауынгерлік Туды орау туралы бұйрығы бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды оның матасы жерге (еденге) тимейтіндей етіп көлденең күйге түсіреді. Одан кейін бір ассистент матаны ұштарынан ұстайды және оны жайлап тартады, ал ту ұстаушы мен екінші ассистент сабын жайлап айналдыра отырып, бет жағын ішке қаратып, бұл ретте қыртыстар болмауын және ордендік ленталардың, шашақтар мен баулардың шатаспауын қадағалай отырып, матаны орайды. Шашақтар оралған матаның бойымен тартылған бауларға жиналады.

Мата оралып болған соң, ассистенттер Жауынгерлік Туға қабын кигізеді, штаб бастығы оны елтаңбалы сүргілі мөрмен мөрлейді және одан кейін Жауынгерлік Туды қарауылға күзетуге тапсырады.

  1. Жауынгерлік Туды әскери бөлімге шығару және оны қарауылға күзетуге тапсыру кезінде оны жазуды және орауды ту ұстаушы мен ассистенттері штаб бастығының немесе оның көмекшісінің (орынбасарының) тікелей бақылауымен осы қосымшаның 22-тармағында көрсетілгендей жүргізеді.
  2. Егер Жауынгерлік Ту қапталған күйінде сақталса, оның матасын кептіру үй-жайдан тыс көлеңкеде немесе үй-жайда жүргізіледі. Жауынгерлік Туды кептіру уақытында ту ұстаушы мен ассистенттер күзетеді.
  3. Әскери бөлімнің күштерімен және құралдарымен Жауынгерлік Тудың матасын жөндеуге тыйым салынады. Тек сабына, ұштығы мен бауларына аса қажетті жөндеу жүргізуге рұқсат етіледі.

Жауынгерлік Тудың матасын жөндеу қажет болған жағдайда әскери бөлім командирі команда бойынша Жауынгерлік Тудың матасын арнайы шеберханаға жіберу туралы өтініш жасауға міндетті. Рұқсат алған кезде Жауынгерлік Тудың матасы фельдбайланыс арқылы шеберханаға жіберіледі.

Жауынгерлік Тудың матасын жөндеуге тапсыру актімен ресімделеді.

Қорытынды;

Өзіндік дайындық сұрақтары:

  1. Әскери ант мазмунын жаттау.

Өңдеген: әскери кафедра аға оқытушысы

капитан                                  М.Ташменов 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!