Жарақаттың жалпы ағзаға әсері. Шок. Коллапс, естен тану. Жарақаттық шок, патогенезі, клиникасы, емі, алдын-алу. Жарақаттық токсикоз, патогенезі, клиникасы мен емі. Терминальды жағдайлар. Жабық жарақаттық зақымдалулар. Жұмсақ тіндер мен ішкі ағзалардың (кеуде, құрсақ бөлігінің және бас сүйегінің) жарақаттық зақымдалуы. Патогенезі, клиникасы. Алғашқы көмек көрсету, емі

  1. Тақырыбы: Жарақаттың жалпы ағзаға әсері. Шок. Коллапс, естен тану. Жарақаттық шок, патогенезі, клиникасы, емі, алдын-алу. Жарақаттық токсикоз, патогенезі, клиникасы мен емі. Терминальды жағдайлар. Жабық жарақаттық зақымдалулар. Жұмсақ тіндер мен ішкі ағзалардың (кеуде, құрсақ бөлігінің және бас сүйегінің) жарақаттық зақымдалуы. Патогенезі, клиникасы. Алғашқы көмек көрсету, емі.

2.Мақсаты: Студенттерді жарақаттық токсикоздың және терминальды жағдайлардың патогенезі, клиникасы және емдеу жолдарымен таныстыру.

3.Оқыту мақсаты: Студенттерді алғашқы көмек көрсетуді (аурухана алды сатыда) тәжірибе жүзінде үйрету және жарақатты токсикоз кезінде арнаулы (соның ішінде дәрілік терапия) көмек көрсету. Студенттерді терминальды жағдайлардың клиникасы және емдеу әдістерімен таныстыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1. Ұзақ қысылу синдромы. Анықтамасы. Патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы.
2. Ұзақ қысылу синдромының емдеу принциптері.
3. Позициялық қысылу синдромы туралы түсінік.
4. Терминальды жағдайлар. Анықтамасы. Патогенезі. Клиникасы.
5. Терминальды жағдайдағы реанимациялық жағдайдағы іс-әрекеттер. Реанимациялық іс-әрекеттердің тиімділігін бағалау.
  1. Оқыту әдістері: студенттерді кіші топтарға бөлу, жетекші ғалымдардың тарихтағы ролі туралы дискуссия жүргізу, ұзақ қысылу синдромының патогенезі туралы атақты хирургтардың үлесі, студенттердің жұптасып жұмыс істеуі – жарақаттық токсикоз кезіндегі алғашқы және арнаулы көмек көрсету, детоксикацияның экстракорпаральды әдістерін қолдану. Жарақаттық токсикозды емдеудегі жаңа технологиялар туралы презентация. Жағдайлық есептерді шешу.
  2. Әдебиеттер.
  3. Жалпы хиругия бойынша дәрістер.
  4. Петров В.С. Общая хирургия. – С.- Петербург, 2000
  5. Стручков В. И., Стручков Ю. В. Общая хирургия- М.:Медицина, 1998
  6. Гостищев В. К. Общая хирургия. – М.:Медицина, 1996
  7. Рычагов Г. П. Общая хирургия. – Минск, 2002
  8. Дұрманов Қ. Д. Жалпы хирургия,2006
  9. Бақылау: жарақаттық токсикоз кезіндегі алғашқы көмек көрсету тәжірибелік қабілеттерін тексеру, позициялық қысылу синдромы, сұрақтар, тест, жағдайлық есептер.

Сұрақтар:

Жарақаттық токсикоздың сатыларын атап шығыңыз.

Ұзақ қысылу синдромы кезіндегі алғашқы көмек көрсету.

Краш-синдромы кезінде экстракорпоральды дитоксикация емдеу әдісінің қай түрі қолданылады.

Позициялық қысылу синдромының пайда болу себептері.

Биологиялық өлімнің клиникалық өлімнен айырмашылығы.

Биологиялық өлімнің белгілері.

Жағдайлық есептер:

  1. Жұмыс кезінде адамды аяғына мотор құлап, қысылды. 30-40 мин кейін аяғын босатты. Фельдшерге науқас өзін жақсы сезінетінін және жұмысты жалғастыра алатынын айтты. Қарау кезінде: тері түсі бозғылт, тамыр соғысы жиі және әлсіз. Тері және сүйектің зақымдалуы байқалмаған. Науқасқа не болды? Фельдшердің іс-әрекеттері қандай болуы тиіс?
  • + Ұзақ қысылу синдромы. Транспорттық иммобилизациядан кейін, науқасты ауруханаға жіберу.
  • Жарақаттық шок. Науқастағы ауру сезімін басу. Реанимациялық бөлімшеге жатқызу.
  • Есінен тану. Мүсәтір спирті.
  • Миының шайқалуы. Нейрохиругиялық бөлімшеге жатқызу.
  • Науқас дені сау және жұмысын жалғастыра алады.
  1. Автомобиль апаты нәтижесінде жүргізушінің аяқтары көліктің қозғаушысымен басылып қалған. 2 сағат бойы науқастың аяғын босату мүмкіншілігі болған жоқ. Тері жабыны бозғылт. Әлсіздікке және жүрек айнуға шағымдану. Пульсы минутына 100 рет. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Санның алдыңғы бойлығында қозғаушының басушы бөлшегінен іщке басылған. Науқаста кандай зақымдалулар бар? Алғашқы медициналық көмектің сатысы және сипаттамасы.
  • + Науқаста ұзақ қысылу синдромы. Эластикалық бұрауды салғаннан кейін(уақытын көрсету) қозғаушының астынан аяқтарды босату, науқасты ауырсынуын басу. Транспорттық иммобилизациядан кейін, науқасты ауруханаға жіберу.
  • Науқаста жарақаттық шок. Транспорттық иммобилизациядан кейін, науқасты ауруханаға жіберу.
  • Науқастың дені сау, үйіне баруға болады.
  • Науқас есінен танған, мүсәтір спиртін иіскету.
  • Науқаста аяқтарының жұмсақ тіндерінің жарақаты. Амбулаторлы жағдайда физиоемдеу курсын өту.
  1. Ер адам 30 жаста, жаз уақытында алькогольмен мас жағдайда дуалға сүйеніп ұйықтап қалған. Сол кезде оң қолы дуал таяқтарының арасында қысылып қалған. Науқаста не дамуы мүмкін?
  • +Позициялық қысылу синдромы
  • Жарақатық шок
  • Естен тану
  • Коллапс
  • Аллергиялық реакция
  1. Толық стадионда футбол ойыны өтіп жатты (сыйымдылығы 100 мың адам).Белгілі бір жағдайларға байланысты стадионнан шығатын есіктер істен шыққан, біреуінен басқа. Ойыннан кейін жалғыз есікте адамдар көптеп жиналуына байланысты адамдар қысыла бастады. Адамдар жарақат алды. 45 жанкүйерлер ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Сіздің диагноз.
  • +Ұзақ қысылу синдромы
  • Жарақаттық шок
  • Мидың шайқалуы
  • Дененің әр түрлі бөліктерінің көгеруі, жарақаттануы.
  • Естен тану
  1. Жас қыз қыс мезгілі кезінде өзеннің үстімен өткен кезде, мұз астына түсіп кетеді. Құтқарушылар қызды 30 минуттан кейін шығарып алады. Сіздің диагноз. Мұндай науқас өмірлік қалпына келе ма? Жоқ па?
  • +Клиникалық өлім. Гипотермия кезінде зат алмасу баяулайды, мидың жүйке жасушалары ұзақ өмір сүреді. Ренимациялық әрекеттер тиімді.
  • Биологиялық өлім. Реанимациялық әрекеттер пайдасыз.
  • Клиникалық өлім. Ми өлді, мұндай науқасты құтқкару тиімсіз.
  • Агониялық жағдай. Реанимациялық әрекеттер пайдалы.
  • Жарақаттық шок. Реанимациялық әрекеттер пайдалы.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!