Созылмалы гастрит

Созылмалы гастрит (СГ), созылмалы гастродуоденит (СГД) – созылмалы рецидивті үдеуге бейім асқазан (және 12 елі ішек) шырышының қабыну – дистрофиялық бұзылысы.

Созылмалы гастрит этиологиясы (себептері):

1) Экзогендік себептердің ішіндегі ең сенімділері:

  • дәрі-дәрмектер, әсіресе глюкокортикостероидтар, СҚҚД
  • тағамдық аллергия (эозинофильдік гастрит)
  • паразитарлық инвазиялар, әсіресе лямблиоз
  • Психоэмоционалды жүктемелер

Эндогендік СГ басқа аурулар бойында дамиды

  • қант диабетінің І типі
  • аутоиммунды тиреоидит
  •  созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Қазіргі кезде гастрит этиологиясында 3 топ қарастырылады, осыған сай 3 формасын ажыратады:

  1. Экзогендік – инфекциялық, яғни Helicobacter pylori-ге қатысты В-гастрит – бактериалдық (85%)
  2. Эндогендік (аутоиммундық А гастрит) – асқазан клеткаларына қарсы денелер түзіледі (1-3%)
  3. Эндо-экзогендік – дәрі-дәрмектер мен айқын ДГР-те кездеседі (С-гастрит – химиялық немесе реактивті). (10-12%)

Созылмалы гастрит патогенезі

  1. Нр – тіркес СГД.  Жұғу отбасында немесе фекальды-оральды жолмен, таза емес эндоскоп, зонд арқылы асқазанға кіреді.
  2. НР асқазанның антральды бөлігін жайлайды, сонан кейін денесіне, 12 елі ішекке жайғасады
  3. Вирулентті факторлар түзеді (муциназа, фосфолипаза А, уреаза, токсиндер)
  4. СО2 және аммиак бөлінім, ол эпителийді жарақаттайды
  5. Асқазан рН (қышқылдығы) жоғарылайды, J-клеткалар гастринді көп түзіп, секреция күшейтеді
  6. Қабыну процессі дамиды, ІgA, цитокининдер түзіледі

Осындай өзгерістер 12 елі ішекте де болады. 12 елі ішек асқазан-ішек жолының “гипофизі” болғандықтан (А.М.Уголев), гормондар түзілісі бұзылады, моторика мен секреция өзгереді.

Аутоиммундық гастрит – ең басынан асқазан бойындағы басты клеткалар жарақаттанып, атрофияға ұшырайды.

С-гастрит (реактивті, химиялық)

  • дәрі-дәрмектер, ДГР
  • жергілікті әсері → Н+ қосу
  • жалпы әсері → циклооксигеназа ингибициясы
  • простагландер азаюы
  • бикарбонаттар мен шырыш түзілуі кемиді
  • лейкотриендер, бос радикалдар түзіледі, микроциркуляция
  • нашарлап, эрозиялар пайда болады.

Созылмалы гастрит патоморфологиясы

  1. басты белгі – қабыну
  2. атрофия – әсіресе А гастритінде
  3. Эпителий регенерациясының бұзылуы (метаплазия)

Яғни негізгі үш морфологиялық критерий – қабыну, атрофия, дисрегенерация – процесстің белсенділік, тереңдік, орны және адаптациялық мүмкіндігі туралы толық мәлімет береді.

Гастрит және гастродуоденит жіктелуі

Формасына байланысты:

  • Жедел
  • Созылмалы

Орналасуына (локализациясына) байланысты:

  • Антральды
  • Фундальды
  • Пангастрит
  • Дуоденит
  • Антродуоденит
  • Жайылмалы гастродуоденит

Эндоскопиялық көрінісіне байланысты:

  • Беткейлі
  • Эрозивті
  • Атрофиялық
  • Гиперпластикалық

Ауру кезеңі:

  • Өршу
  • Субремиссия
  • Ремиссия

Гистологиялық көрінісі:

Қабыну:

  • жеңіл
  • орташа
  • айқын

Атрофия:

  • шамалы
  • аз
  • көрнекті

Ішектік метаплазия

Гастрит кезіндегі барлық жіктелуіді қолдана отырып дұрыс диагноз қою мысалдары:

1) Созылмалы гастродуоденит, гиперпластикалық антральды гастрит, дуоденит, жалпақ эрозиялармен, көрнекті қабыну белсенділігімен, Нр (+), секреторлық қабілеті жоғары, өршу кезеңі
2) Созылмалы гастрит, фундальды, атрофиялық орта дәрежелі, ішектік метаплазия, Нр (-), секреторлық қабілеті төмен, ремиссия кезеңі

Созылмалы гастрит клиникалық көрінісі

Науқас шағымдары: іш ауруы қатты, жиі, ұстама тәрізді, эпигастрий маңында.  Ауру сезімі көбінесе ашқарынға білініп, тамақтан соң азаяды.

Өршу мерзімдігі: әдетте қыркүйек-қазан айлары – мектепке барып, тамақтану стереотипіне байланысты, ал наурыз-сәуірде науқастардың метеолабильдігіне байланысты көрінеді.

Клиникасында 2 типті ажыратады:

  • жара тәрізді
  • дискинетикалық

СДГ-тің 40%-да латентті ағым байқалып, морфологиялық өзгерістер дәрежесі клиникалық белгілерімен үйлеспеуі мүмкін. Бұл шырыш қабатта нерв талшықтарының болмай, негізінен моторика бұзылысының  айқындалуымен түсіндіреді.

Созылмалы гастрит диагностикасы

  1. ФГДС
  2. РН метрия
  3. Нр (Хеликобактер пилори) инфекциясын анықтау
  4. Гастродуоденальды аймақ моторикасын функционалдық тексеру
  5. Рентген түсірілімі
  6. Гастро- және дуоденобиопсия

Тексерудің негізгі қорытындылары: Диагноз қою негізі – ФГДС-те көзге байқалатын өзгерістер (көбіне беткейлі гастрит, дуоденит), РН-метрияда асқазан қабілеті сақталуы не жоғары. Сирек жағдайда гипо немесе антацидтік жағдай анықталады. Мұны шын атрофия емес, 12 елі ішектен сілтілі құрамның түсуімен түсіндіреді.

Хеликобактериоз диагнозын қою тәсілдері:

І. Инвазивті (биопсия қажет)

  • гистологиялық
  • бактериоскопиялық
  •  бактериологиялық
  • биохимиялық (уреаза тесті)

ІІ. Инвазивті емес

  • Серологиялық
  • ПТР – полимеразды тізбекті реакция
  • Тыныстық
  • Нр антигенін нәжісте анықтау (ИФА)

 

1. Гистологиялық әдіс хеликобактериоз диагнозының “алтын стандарты”. Нр гематоксилин-эозинмен немесе арнайы бояулармен анықтайды.

2. Бактериоскопия – биоптаттан шыныға цитологиялық жағынды жасалады.

Нр жайылуының 3 дәрежесін анықтайды:

  • І дәреже жеңіл – көру аймағында 20-ға дейін микроб денелер
  • ІІ –орташа – 20-50-ге дейін, ІІІ – жоғары – 50-ден аса микроб денелер

3.Бактериологиялық – арнайы ортада Нр өсіру. Себуді биоптаттан жүргізеді.

4.Биохимиялық – биоптат мочевина мен индикатор бар ортаға қойылады. Биоптатта Нр уреазасы болса, мочевина СО2 мен аммиакқа ажырайды, соңғысы индикаторға әсер етеді.

Созылмалы гастрит емі

1.Асқазан гиперсекрециясын реттеу

  • сіңірілмейтін антацидтер: гелюксил-лак, алмагель, гестал т.б. күніне 3-4 рет тамақтан кейін 1 сағат өткен соң, курс 3-4 апта. 
  • Н2 –гистаминоблокаторлар: ранитидин, фамотидин, роксатидин. Күніне 1-2 рет 1/2  – 1 табл., 1-2 апта бойы.
  • Н+, К+, АТФ-аза – протондық насос ингибиторлары:    омепразол, пантопразол, лансопразол. Күніне 1-2 рет, 2 апта бойы.
  • екіншілік вегетодистония, базальдық секреция жоғары болса, холинолитиктер: гастроципин, телензепин. Күніне 2 рет, тамақ алдынан 30 минут бұрын, 2-3 апта бойы.

Нр инфекциясын емдеу Халықаралық консенсус (Маастрихт – 2,2000) ұсынысына сай жүргізіледі.

Балаларға арналған ұсыныстар:

  • Нр инфекциясы балаларда созылмалы гастрит туғызады
  • Нр инфекциясы балаларда ойық жара ауруымен тіркес
  • Нр эрадикацисы созылмалы гастриттен жазылуға әкеледі
  • Нр эрадикациясы ойық жара ауруының ұзақ ремиссиясына әкеледі
  • Жоғарғы асқазан ішек жолдарының ауру симптомдары органикалық дертке келсе, тексерудің ең қажеттісі ФЭГДС пен биопсия болуы тиіс, т.б.

Нр (Хеликобактер пилори) эрадикациясы

Үштік ем: (Протондық насос ингибиторы +2 антибиотик қолданылады)

І қатар

  • ПНИ + амоксициллин + кларитромицин
  • ПНИ + амоксициллин + метронидазол
  • ПНИ + кларитромицин + метронидазол

Төрттік (квадро ем) ем (Протондық насос ингибиторы+ 2 антибиотик+ коллоидтық висмут препараты)

  • Де-нол + ПНИ + амоксициллин + метронидазол
  • Пилорид + кларитромицин + метронидазол

Ем тиімділігіне 4 апта өткен соң баға беріледі

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!