Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) – нефрондардың сандық және қызметтік өзгерістері бүйректің гемеостатикалық қызметінің бұзылысына, жиі ШСЖ-ның 50%-ға төмендеуіне алып келетін клиникалық белгілер жиынтығы болып табылады. Бүйрегі ауыратын балаларда СБЖ – шумақтық сүзілістің 1,73 м² дене көлеміне 20 мл/минутына төмендеуі, креатининнің қан сарысуында 2 мг% (0,177 ммоль/л) және мочевина 50 мг % (8,3 ммоль/л)-ге 3-6 ай бойы жоғарлауына байланысты анықталады.

Этиологиясы. СБЖ-нің 5 жасқа дейінгі себептері : туа пайда болған құрылымдық және обструкциялық кемістіктер. 5 жастан кейін- жүре пайда болған аурулар:

– Фокальды сегментарлы гломерулосклероз;

– Созылмалы гломерулонефрит;

– Гемолитикалық-уремиялық синдром;

– Өршімелі тұқым қуалайтын нефропаия (нефрит, бүйрек дисплазиясы);

Human kidneys, medical 3D illustration

Патогенезі. Қызмет етуші нефрондардың төмендеуі келесі бұзылыстарға әкеледі:

  • бүйректің концентрациялық қабылетінің төмендеуіне және полиурияға;
  • электролиттерді (натрий, калий) жоғалту арытуына және электролиттер бұзылыстарына (гиперкалиемия, гипокалиемия, гипонатриемия);
  • экстрацеллюлярлы сұйықтықтың гомеостазының бұзылыстарына;
  • гиперазотемия, ацидоз, гипергидратацияға;
  • олиго-анурияға;

СБЖ-нің өршуіне ықпал етеді:

  • Емдәмде ақуыздың көп болуы;
  • Персистирлеуші протеинурия немесе жүйелі гипертензия.
  • Созылмалы және жасырын вирустар (микоплазмалы, хламидия, герпетикалық, энтеровирусты және т.б);
  • Ішек дисбактериозы, іш қату, асқорыту жүйесінің созылмалы патологиясы.

 

Диагноз. Клинико-лабораториялық мәліметтер негізінде қойылады.

Емі: СБЖ-нің І сатысында негізгі ауруды емдеу және симптоматикалық болады. ІІ сатысында белокты 1,5 г/кг шектеумен емдәм тағайындау. Азотемия жоғары болса тәуліктік белок көлемі 0,6-0,7 г/кг-мен, көмірсумен және маймен байытылған емдәм тағайындалады. Джиордно-Джиованнета емдәмінде ет, балық, сүзбелер алынып тасталады. Гипокалиемияда диетаға калиге бай тағамдар (банан, өрік, мейіз, қара өрік) қосылады. СБЖ барлық науқастарға Вс, В1,В2,Е,В6 жоғары мөлшерде тағайындалады.

Симптоматикалық ем:

– Ацидозда-гидрокарбонат енгізу;

– Гипертензияда – тұссыз емдәм, гипотензивті препараттар (каптоприл, диазоксид, раувольфиии препараттары, альфа-метилдоп) зәр айдайтын дәрілермен (фуросемид) біріктіріліп беріледі.

– Остеопатия және гипокальцемияда –кальций препараттары, витамин Д;

– Анемияда- гемоглобин деңгейі 50 г/л төмен болса эритроцитті массамен трансфузия жасалады.

СБЖ-де гемодиализ ІІІ-ІҮ сатыларында қандағы креатинин деңгейі 0,528 ммоль/лден жоғары және эндогенді креатинин 10 мл/мин 1,73м аз болғанда жасалады. Гемодиазиз аптасына 2-3 рет жасалады.

Алдын алу: СБЖ -ны уақытында анықтап , сәйкес ем тағайындау.

Болжамы: себебіне байланысты. І сатысында егер уақытында анықталып, емделсе қайтымды. Балалар арасында 80% науқастарда терминальды саты болады.

Диспансеризация: өмір бойы жүргізіледі.

– Айсайынғы қарау, қан қысымын өлшеу, қан, зәр анализі, Зимницкий сынамасын жасау.

– Тоқсан сайын биохимиялық анализ (креатинин, мочевина, электролиттер, белок фракциялары, қышқылды-сілтілі жағдайды) және зәр (электролиттер) тапсыру. Клиренс креатинин, реабсорбция коэффиценті. Ыссы және құрғақ аймақтарда санаторлы-курортты ем қабылдауға болады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!