Адам ағзасы жайлы сіз білмеген 100 факт
Адам ағзасы жайлы қызықты 100 факті
- Адам денесіндегі қан тамыр болмайтын жалғыз ағза ол –көздің қасаң қабығы. Ол оттегіні тікелей сыртқы ортадан алады.
- Адам миының сыйымдылығы 4 Терабайттан асып түседі.
- 7 айға дейінгі бала бір уақытта тамақты жұтып та, дем ала да алады.
- Сіздің бассүйегіңіз 29 шақты әртүрлі сүйектерден құралған.
- Түшкірген кезде ағзадағы барлық функциялар тоқтайды, тіпті жүрек соғысы да тежеліп қалады.
- Жүйке импульсі 274 км/сағ. жылдамдықпен берліледі. Адам ыстық не, суықты қолымен сезгенде бірден қолын тартып алатыны содан.
- Бір күн ішінде адам миы, жер бетіндегі барлық телефондардан көп электрлік импульстарды тудырады.
- Адам денесіндегі күкірттің бәрін жинап алсақ, онымен орташа көлемдегі иттің бойындағы қан сорғыш жәндіктердің бәрін өлтіруге болар еді.
- Адам бойындағы барлық көміртегіні пайдаланып 900 қарындаш жасауға, майды пайдаланып 7 сабын жасауға, суды пайдаланып 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.
- Адам жүрегі өмір бойы 182 тонна қан айдап үлгереді.
- Сіз осы жолақты оқып отырғанда, ағзаңызда 50000 жасуша жаңаға ауысып үлгереді.
- Ұрық өзінің 3 айында, саусақ іздеріне ие болады.
- Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда жиірек соғады.
- Оңақай адамдар солақайларға қарғанда 9 жылдай артық өмір сүреді.
- Сүйіскен кезде шамамен 2/3 адамдар басын оңға қарай еңкейтеді, ал қалғандары солға қарай.
- Адам өзінің 90% түстерін ұмытып қалады.
- Адам ағзасындағы қан тамырлар жалпы ұзындығы 100000 километрге тең.
- Көктемгі уақытта адамдардың тыныс алу жиілігі күзгімен салыстырғанда 1/3 ке көбірек.
- Өмірінің соңында адам шамамен 150 триллион бит ақпаратты есіне сақтайды.
- Адам денесіндегі 80% жылу бас арқылы сыртқа кетіп қалады. Сондықтан салқын күндері бас киім міндетті түрде кию керек.
- Ұяттан қызарған кезде, сіздің асқазаныңыз да бірге қызарады.
- Қатты шөлдеу барлық денедегі 1% суды жоғалтқанда пайда болады. 5% артық деңгейде су жоғалтқанда есінен тануға, ал 10% суды жоғалту— өлімге алып келеді.
- Адам денесінде 700 жуық ферменттер бар.
- Адамдар –арқасымен жатып ұйықтай алатын жалғыз жандар.
- 4 жастағы бала күніне орташа есеппен 450 ге жуық сұрақ қояды
- Әр адамға ғана тиесілі саусақ іздері адамдардан басқа коалаларда да бар.
- Тек 1% бактериялар ғана ауру тудырады.
- Барлық адамзат баласын ыңғайлы түрде 1000 метрлік куб ішіне жатқызып қоюға болады.
- Кіндіктің ғылыми атауы— умбиликус.
- Тіс— ағзадағы қалпына келе алмайтын жалғыз дене бөлігі.
- Адамға ұйқыға кету үшін орташа 7 минут керек.
- Оңақай адам тағамды оң жақ жағымен шайнаса, ал солақай керісінше басым бөлігін сол жақ жағымен шайнайды екен.
- Барлық әлемдегі адамдардың тек 7 % солақайлар.
- Алма мен банан иісі арықтауға көмектеседі екен =)
- Адамның өмір бойы өсетін шашының жалпы ұзындығы орташа есеппен алғанда 725 километрге тең болады.
- Құлағын қозғалта алатын адамдардың тек 1/3 бөлігі ғана тек бір құлағын жылжыта алады.
- Орташа статистикалық адам, өмір бойы 8 кіші өрмекшіні жұтып қояды екен.
- Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 килограммға тең.
- Ағзадағы барлық кальцийдің 99% тісте орналасқан.
- Ерін саусақ ұшынан жүздеген есе сезімтал болып келеді. Бірін-бірін сүйгенде адам пульсі минутына 100 соққыдан да жиілеп кетеді.
- Адам жағының абсолютті шайнау күші тек бір жағындаға ғана 195 килограммға тең.
- Сүю кезінде бір адамнан екіншісіне 278 түрлі бактериялар түрі беріледі. Бірақ олардың 95% қауіп келтірмейді.
- Партенофобия — қыздық пердеден қорқу фобиясы
- Тіс эмальі — адам ағзасы жасаған ең қатты зат. .
- Егер адам ағзасындағы барлық темірді жинаса, тек қол сағатқа арналған кіші бұранда ғана шығады.
- Тұмауды шақыратын 100 ге жуық вирус түрі бар.
- Ұзақ уақытқа созылған сүйісу ауыздағы қышқылдықты, сағыз шайнаудан да жақсы қалпына келтіреді.
- Басымызбен қабырғаға соғылып, біз сағатына 150 ккал жоғалтамыз.
- Адам -жануар әлеміндегі түзу сызықты сыза алатын жалғыз тірі жан.
- Өмір бойы, адам терісі орташа 1000 рет ауысып, жаңарады.
- Күніне бір қорап шылым шегетін адам, жарты жылда жарты табақша смоланы зәрімен шығарады екен.
- Әйелдер ерлерге қарағанда көздерін 2 есе жиі жыпылықтатады.
- Адам ағзасында тек 4 минерал бар: апатит, арагонит, кальцит жәнекристобалит.
- Нағыз махаббатқа толы сүйісу, мида парашютпен секірген немесе қарумен оқ атқан тәрізді химиялық реакцияларды іске асырады екен.
- Ер адамдар 130 см төмен, ал әйелдер 120 см төмен болса –ергежей (карлик) деп аталады.
- Саусақ тырақтары аяқтікіне қарағанда 4 есе жылдам өседі.
- Көз көзді адамдар басқаларға қарағанда ауруға сезімтал болып келеді.
- Адам миында секундына 100000 химиялық реакция жүріп жатады.
- Балалар тізе тостағаншасыз (коленный чашечка) дүниеге келеді. Ол тек 2-6 жас аралығында қалыптасады.
- Егер біржұмыртқалы егіздердің біреуінде бір тісі болмаса, ол екіншісі егізде де болмайды.
- Адам өкпесінің аумағы, теннистік корд ауданымен тең.
- Адам өмір бойы сүйісуге орташа есеппен 2 апта уақытын кетіреді.
- Сары шашты адамдарда сақал –мұрт қара-қоңыр түстілерден қарағанда жылдам өседі.
- Лейкоциттер 2-4 күн бойы өмір сүрсе, ал эритроциттер 3-4 ай бойы белсенді болады.
- Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет –тіл.
- Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығымен тең болады. Ересек адам жүрек салмағы шамамен 220-260 граммға тең.
- Адам дүниеге келгенде, оның ағзасы 14 миллиард жасушадан тұрады, және бұл көрсеткіш өлгенше дейін көбеймейді. Керісінше 25 жастан кейін күніне 100 мыға азайып отырады.
- Бала туғанда ағзасында 300 жуық сүйек болса, ал ересек жасқа келгенде сүйек саны 206 ға дейін азаяды.
- Жіңішке ішек адам тірі кезінде 2 метр ұзындықта болады. Ал адам өлгеннен кейін ішек бұлшықеттері жазылып, оның ұзындығы 6 метрге дейін ұзарады.
- Оң жақ өкпенің сыйымдылығы, сол жаққа қарағанда көбірек.
- Ересек адам күніне 23000 рет тыныс алу және тыныс шығару актісін жасайды.
- Ер адам ағзасындағы ең кіші жасушалар -сперматозоидтар.
- Адам аузында шамамен 40000 бактерия бар.
- Адам ағзасында шамамен 2000 дәм сезу рецепторлары бар.
- Адам көзі 10 миллион түстерді ажырата алады.
- Махаббат экстазына жауап беретін химияллық қосынды (фенилэтиламин) шоколад құрамында бар. (сүйіктілеріңізге шоколад силаудың мәне осында жатса керек)
- Адам жүрегі қаннды 4-қабатты үйдің деңгейіне дейін көтеретін қысым тудырады.
- Ұйқы кезінде адам, теледидар көргеннен қарағанда көбірек калория жұмсайды.
- Балалар көктемде тезірек өседі. (көктемде толыққанды тамақтану керек екенін енді ұқтыңыз ба?)
- Жыл сайын, оңақай адамдарға арналған механизімдерді пайдалану арқасында, 2 мыңға жуық солақай өледі.
- Адам күлгенде 17 бұлшықетті пайдаланады, ал мұңайғанда 43 бұлшықет жұмыс істеп, бет пішінін өзгертеді.
- 60 жаста көпшілік адамдар өздерінің дәм сезу рецепторларының тең жартысына жуығын жоғалтады.
- Ұшақпен ұшқан кезде, адам бойының өсуі екі есе жылдамдауы мүмкін.
- Барлық адамдардың тек 1%-ы инфрақызыл, ал тағы 1%-ы ультракүлгін көру спектрінде көре алады.
- Егер сіз жабық бөлмеге қамалсаңыз, оттегі жетіспеуден емес, көміртегі диоксидінен уланудан қайтыс болар едіңіз.
- Статистикаға сүйенсек, тек 2 миллиард адамдардан тек 1 адам ғана 116 жастан артық өмір сүреді.
- Адам 24 сағатта орташа алғанда 4800 сөз сөйлейді.
- Көз ішіндегі торлық қабық 650 кв. мм ауданды алып жатады. Оның ішінде 137 миллионы жарық сезуші, 130 миллионы қара-ақ түсті ажыратуға, қалған 7 миллионы түрлі түсті ажыратуға арналған жасушалар.
- Біздің көзіміз туғаннан бірдей көлемде болады. Ал мұрнымыз бен құлағымыз өмір бойы өседі. Бірақ бұл процесс өте баяу болғандықтан, біз оны байқамаймыз.
- Таңертеңгі уақытта адам, кешкіге қарағанда 8 миллиметрге ұзындау болып келеді.
- Көз қозғалтқыш бұлшықеттер күніне 100000 рет қозғалады. Дәл осынша рет жиырылу үшін аятарымыз күніне 80 километр жүру керек.
- Жөтел — өкпеден сыртқа қарай жедел түрде 60 миль/сағ жылдамдықпен шығатын ауа ағымы.
- Германиялық ғалымдардың айтуы бойынша, адамдарда жүрек ұстамасының ең жиі болатын күні дүйсенбі.
- Адам сүйегі –болат темірден 5 есе мықтырақ.
- Ашық көзбен түшкіру мүмкін емес. Байқап көріңіз =)
- Тырнақтың жылдам өсуі –тұқым қуалайды.
- Сау адам аштықтан қарағанда, ұқысыздықтан жылдам өліп кетеді. 10 күн ұқысыз жүрген адам өлімге душар болса, ал аштықтан тек бірнеше аптадан кейін бірақ өлім келеді.
- Өмірдің орташа ұзақтығы— 2475576000 секунд,
- Өмір бойы біз орташа есеппен 123205750 сөз айтамыз.
- Есінеген кезде адам құлағы бірнеше секундқа саңырау болады