Әйелдер кеңесі және оның атқаратын қызметтері, маңызы
Әйелдер кеңесі – диспасерлік типтегі амбулаторлы-емханалық мекеме, оның жұмысында қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың негізгі мақсаты ретінде алдын алу мен емдеудің ұжымы толығымен көрсетіледі.
Әйелдер кеңесінің мақсаты – әйелдерді сауықтыру бағытталған емдік – профилактикалық көмек көрсету, аналық және перинатальдық аурушаңдықтың пен өліміне арналған профилактикалық шаралар көрсету.
Әйелдер кеңесінің басты мақсаты – ісік алды ауруларды анықтап, онкологиялық ауруларға профилактика жүргізу. Профилактикалық тексерулердің 3 түрі бар: комплексті, бағытталған, индивидуальді. Профилактикалық тексерулерді тұрғындарда 20 жастан бастап жүргізеді, ол жылына 2 рет цитологиялық және кольпоскопиялық тесерулермен бірге жүргізіледі.
Бұл мақсатқа жету үшін әйелдер консультациясында келесі шаралар орындалуы керек:
Жүктіліктің, босанудың асқынуының, босанудан кейінгі және гинекологиялық ауруларға бағытталған емдік-профилактикалық шаралар жүгізу, ұрықтың перинатальді қорғанысын қамтамасыз ету;
- Квалифицирленген акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету;
- Контрацепция әдістері туралы, түсіктерді ескерту;
- Тәжірибеге патологиялық жүктіліктің профилактикасы мен емін, босанушылар мен гинекологиялық аурулардың , акушердік-гинекологиялық көмектің амбулаторлық берілу формасының және әдістерінің заманауи диагностика әдістерін енгізу;
- Санитарлық –ағарту жұмыстарын жүргізу;
- Ана мен баланы қорғау заңдарына сәйкес әйелге әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау көрсету;
- Салауатты өмір салтын жүргізу;
- Жүкті әйелдер, босанушылар мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге тексерілуге қол жетімділік көрсету;
- Отбасын жоспарлау тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізу.
Әйелдер консультациясында жүргізілетін жұмыстар арнайы есептік құжат формасында көрсетіледі.
Әйелдер консультациясының құрылымы: Регистратура, жүктілерді, босанушыларды, босанған әйелдерді, гинекологиялық аурулары бар әйелдерді қабылдайтын акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеті, манипуляциялық бөлме, емдік процедураларды жүргізетін физиотерапиялық кабинет, терапевт, стоматолог, венеролог және әлеуметтік-құқықтық сұрақтармен кеңесетін заңгер кабинеті. Бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, контрацепция сұрақтарымен кеңесетін, кабинеттер ұйымдасытырылған. Сонымен қатар лаборатория, УДЗ кабинеттері бар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 07.04.2010 жылғы №239 бұйрығына сәйкес:
- Біріншілік қабылдау – жүктіліктің 12 аптасына дейін ұсынылады
- Екінші қабылдау – жүктіліктің 16-17 аптасында ұсынылады
- Үшінші қабылдау – жүктіліктің 24-25 аптасында ұсынылады
- Төртінші қабылдау – жүктіліктің 30-32 аптасында ұсынылады
- Бесінші қабылдау – жүктіліктің 36 аптасында ұсынылады
- Алтыншы қабылдау – жүктіліктің 38-40 аптасында ұсынылады
- Жетінші қабылдау – жүктіліктің 41 аптасында ұсынылады