Кастрациядан кейінгі синдром

Кастрациядан кейінгі синдром (ККС)

Аналық бездерді толығымен оперативті жолмен алып тастағаннан соң немесе сәулелендіру арқылы бірден қызметінің өшіп қалуынан  организмдегі циклдық өзгерістердің тоқтап қалып, вегетативті-тамырлық, жүйелік – психикалық және эндокринді зат алмасу симптомдарының комплексі пайда болады. ККС гонадаларды алып тастау операциясынан кейін 60-80 % әйелдерде кездеседі.

Этиологиялық факторлар:

  • аналық бездерді алып тастағаннан кейін дамиды аурудың ағымына әсер ететін жағдайлар:
  • психикалық жарақаттар;
  • жүйелік;
  • психикалық және созылмалы аурулар;
  • туберкулез, гипертиреоз, бауыр, бүйрек  аурулары.

Даму себептері: Эстрогендердің бірден төмен түсуінен және гонадотропиндердің секрециясының жоғарылауынан бас миының қыртыс асты қозғыштығы артады, бүйрек үсті безінің глюкокортикоидты функциясы төмендеп, қалқанша безінің функциясы жоғарылайды.

кастрациядан кейінгі синдром

Кастрациядан кейінгі синдром клиникасы

1.Вегетативті – тамырлы бұзылыстар:

  • Гипергидроз
  • Бастың ауруы
  • Бастың айналуы
  • Құйылулар
  • Жүректің ауруы мен қысылуы

2.ОЖЖ-нің бұзылыстары 2 жылдан кейін дамиды:

  • Қозғыштық
  • Жылауықтық
  • Ұйықтамау
  • Есінің нашарлауы

3.Эндокринді – зат алмасулық бұзылыстар:

  • Семіздік
  • Остеопороз
  • Атеросклероз
  • Гиперхолестеринемия
  • Гипергликемия

Диагностика:

  • Анамнез;
  • Клиникалық көріністер;
  • Жалпы, арнайы және қосымша зерттеу әдістері (функционалды диагностика тестілері, гормоналды зерттеулер, ЭЭГ, краниография) т. б.

Кастрациядан кейінгі синдром емі

Емді әйелдің жасына, ЭГП, операцияның көлеміне байланысты жүргізеді

  • Тыныштандыратын, жалпы күшейткіштер, физиопроцедуралар, витаминотерапия, транквилизаторлар қолданылады;
  • Жас әйелдерге гормоналды емес терапиямен қоса гормоналды терапия тағайындалады;
  • Емдеу өте ұзақ, қалыпты менопауза уақытына дейін жүргізіледі.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!