Қалай ұйықтаған денсаулыққа пайдалы?

Қалай ұйықтаған денсаулыққа пайдалы?

Қытай медицинасында адамның бір қырымен жатып ұйықтағанының пайдасы мол екендігі айтылады. Сол жақ «иығынан жату асқорыту үдерісін жақсарта түссе оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытса керек. Кейде «етбетіңнен жатпа бетіңді жоғары қаратып ұйықтама» дегендерді де жиі естіп жатамыз. Бірақ бүгінде мамандар бұл пікірмен келіспейді.

Загрузка...

Денсаулыққа пайдалы ұйықтау

Мамандардың айтуынша, шалқасынан жатудың пайдасы айтарлықтай. Мойын мен бел еркін жатып, аяқ пен қол демалып қалады және де ол жүрек тамырларын тыныс алу жүйесін, ас қорытуды дұрыстайды екен. Ал қан қысымы жоғары адамдарға жастықты биік қойып, шалқасынан жатып ұйықтаудың көмегі тиеді. Сонымен қатар шалқасынан жату жас көрінуде де үлкен рөлге ие. Шалқадан жатып ұйықтаған адамның беттегі бұлшық еттері босаңсып, терісі жазылады. Ал етбетінен жатсаңыз, бетке тез әжім түсуі мүмкін. Десе де етбетінен жатқанда, омыртқа аралығындағы шеміршек босаңсиды. Бұлай жату тек қарны аш кезде ғана пайдалы. Тойып тамақ жеп болған соң етбетінен ұйықтау гастритке ұшыратады.

Қырынан жатқан адам қорылдамайды екен. Сол жақ қырымен ұйықтау өкпесі ауыратындар үшін пайдалы. Асқазаны ауыратындар да сол жақпен ұйықтағаны дұрыс, себебі осылайша қызыл өңешке ағып кіретін қышқыл сөлін азайтуға болады. Ал созылмалы ішек қабыну ауруы бар адамдар оң қырымен жатуы керек және оң жақ қырымен жатып ұйықтағанда, жүрекке түсетін қысым жеңілдейді.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 месяца

Жасұлан

13

Қазақ елінің ұлымын!

Пікірлер: 0Материалдары: 16Блог ашу: 11-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: