Стафилококктар (Staphуlococcus туыстығы)
Стафилококтар – Micrococcacеae тұқымдастығына, Staphilococcus туыстастығына жатады, бактериялардың 31 түрі бар. Соның ішінде адам патологиясында роль атқаратын:
- aureus – алтын түсті
- epidermidis – эпидермальды
- saprоphуticus – сапрофитті.
Стафилококктарды 1880 ж. Л. Пастер мен бір-біріне қатыссыз Огстон ашты. 1884 ж. Розенбах толықтай сипаттап анықтаманы берді.
Стафилококктар грам оң, шар тәрізді жасушалар, диаметрі 0,5-1,5 мкм, қалыпты жағдайда жұғындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады, талшықтары болмайды, спора түзбейді, S.аureus-тің көптеген штаммдары капсула түзеді. Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитихой және глицеринтейхой қышқылы болып табылады .
Негізгі қоректік орталары сары-уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.
Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.
Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді. Қалыпты жағдайда 15% NaCl қатысуымен 45°С-да өседі.
Пигмент түзу түріне қарай бөлінеді:
- Staphуlococcus aureus – алтын түсті пигмент.
- Staphуlococcus albus – ақ түсті пигмент.
- Staphуlococcus citreus – лимон сары түсті пигмент.
Адамдарда жиі патогенді – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары түсті стафилококк.
Патогенділік белгісі болып магнитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.
Стафилококктар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.
Стафилококктардың биохимиялық активтілігімен антигендік қасиеттері
Стафилококктардың биохимимялық активтілігі жоғары: Каталазопозитивті, нитраттарды нитритке айналдырады, Фогеса-Проскауэра реакциясы оң, ақ уызбен майларды белсенді гидролиздейді, анаэробты жағдайда глюкозаны газсыз қышқылға дейін ашытады газсыз қышқылға дейін глицеринді, глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, маннитті ферменттейді, әр түрлі ферменттер түзеді (плазмокоагулаза, фибринолизин, лецитиназа, лизоцим, сілтілі фосфатаза, ДНК-аза, гиалуронидаза, теллуритредуктаза, протеиназа, желатиназа және тағы басқалар). Аталған ферменттер стафилококктардың метаболизіміне қатысып, оның патогенділігін айқындайды. Фибринолизин мен гиалуронидаза стафилококктардың инвазивтілігін жоғарлатады, плазмокоагулаза фагоцитоздан қорғап протромбинді тромбинге айналдырады фибриногеннің ұюына алып келеді, нәтижесінде стафилококктың әр жасушасы фагоцитоздан қорғалынатын ақ уыздан тұратын қабықшамен қоршалады. (Стафилококктардың түрлерінің негізгі дифференциальды белгілері).
Стафилококктарда 50 астам антигендердің типі анықталған, оның әрқайсысына қарсы антиденелер түзіледі. Осы антигендердің көпшілігі аллергиялық қасиеттерге ие. Талғампаздығы бойынша антигендерді туыстық антигендер (жалпы Staphylococcus туыстығы үшін); адамның эритроциттерінің, терісінің, бүйрегінің изоантигендерімен ортақ, қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (аутоиммунды аурулар осылармен байланысты); түрлік және типтіспецификалық антигендері болады. Түрлікспецификалық антигендерге S.аureus түзетін А – ақ уызы антиген жатады. А – ақ уызы антигенның иммуноглобулиндермен әрекеттесуі, науқастың ағзасындағы комплемент жүйесімен фагоцитоздың қызметінің бұзылуына алып келеді.
Стафилококктардың патогенділік факторлары
Патогенділік факторлар қатарына комплемент байланыстыратын, фагоцитозға кедергi жасайтын капсула, сонымен қатар опсонизацияны тоқтатып және комплементтердi инактивацияландыратын А – белоктың жатқызуға болады.
Алтын түстес стафилококктар фагоцитоздаушы жасушаларды бұзатын токсиндердi, соның iшiнде лейкоцитиндi бөлiп шығарады. Гемолизиндер (a, y, c) адам және жануар эритроциттерiн лизиске ұшыратады. Стафилоккок бөлiп шығаратын энтеротоксиндердiң (А, В, С, Д, Е, F) әсерi тағамнан улану процесстерін шақырады.
Жаңадан туылған нәрестелерде эксфолиативтi токсиндер орныққан, олар импетито, жалпылама скарлатина тәрiздi бөртпе тудырады.
Стафилококк инфекциясы патогенезiнде экзоферменттердiң алатын орны ерекше: плазмакоагулаза-қанды ұйытады, гиалуринадаза-ұлпада стафилококктың таралуын қамтамасыз етедi, лецитиназа-лецитиндi бұзып, лейкопения жағдайын тудырады, фибринолизин-жергiлiктi қабыну ошағана, қарсы тұратын фибриндi ерiтедi.
Стафилококктардың түрлерінің негізгі дифференциальды белгілері:
Белгілері | Түрлері | |||
S.аureus | S.epidermidis | S.saprophyticus | S.intermedius | |
Плазмокоагулаза ДНК-аза Гемолиз Алтын түсті пигмент Маннитті ұйытуы Гиалуронидаза Фосфатаза Тотығуы манниттің трегалозаның Новобиоцинге тұрақтылығы | + + (-) + + (-) + + +
+ + – | – – – – – ? +
– – – | – – – – – ? +
+ + +
| + + + – – – ?
+ ? – |
Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсиндер бөліп шығарады:
- гемотоксиндік қасиет – эритроциттерді лизиске алып келеді.
- Лейкоцидин – лейкоциттерді жоюшы
- некротоксин – ұлпаны некрозға алып келеді
- летальді токсин – жануарларды өлтіру қасиеті
- энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Стафилококктардың эпидемиологиясы мен резистенттілігі
Стафилококктар адам организмiнiң қалыпты микрофлорасына кiредi. Олар өсiмдiктерде, жерде, ауада, күнделiктi қолдануда жүрген заттарда болуы мүмкiн. Бактериотасымалдағыш қасиетi: А – ақ уызының мөлшерiнiң азаю салдарынан пайда болады.
Емханаларда iрiңдi қабыну процесстерi көрiнiс беретiн науқастар стафилококктардың негiзгi ошағы болып табылады. Стафилококктар қоршаған ортада көп уақытқа дейiн тұрақты болу салдарынан қарым-қатынас (контакт) арқылы жұғады. Стафилококктар құрғатуға өте тұрақты, оларда күн сәулесiнiң зор әсерiне қарсы арнайы пигмент бар. Қайнатсаң 70-80°С 20 минут ішiнде жойылады. Дезинфекциялаушы заттар 15-20 минут 3% (фенол) немесе 2-5 мин. 1% (хлорамин ерiтiндiсi) стафилококктарды жояды. Бриллиант жасылына: нитрофуранға сезiмталдығы жоғары.
Стафилококктардың патогенезі, клиникасы инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Стафилококктар ағзаға терімен, шырышты қабаттың жарақатынан кіріп әр түрлі аурулар тудыруы мүмкін, жас өспірімдердің безеулерінен бастап (acne) ауыр, летальдығы 80%- жететін перитонитке, эндокардитке, сепсиске және септикопиемияға алып келуі мүмкін. Стафилококктар сыздауықтардың, гидроадениттердің, абсцесстердің, флегмоналалардың, остеомиелиттердің; соғыс уақытында-жарақаттардың іріңді асқынулардың себебі болып табылады. Аллергиялық қасиеттері болғандықтан псориаздың, геморрагиялық васкулиттің, тілменің, бей арнайы полиартриттің себебі болады. Стафилококктармен инфицирленген ас тағамдармен уланулардың жиі кездесетін себептері болады. Стафилококктар – жаңа туылған балалалардың сепсисінің негізгі себепшісі, сепсистің (септицемия-іріңді қан) негізінде ретикулоэндотелиальды жүйенің ағзалардың жарақатына алып келеді. Септикопиемия – қоздырғыштар әр түрлі ағзалармен ұлпаларда іріңді ошақтарды шақырады, яғни бұл іріңді метотұздармен асқынған сепсис. Сау адамдардың ағзасы стафилококктарға тұрақты. Стафилококкты инфекциялардан кейін антитоксиндер пайда болады, ол стафилококктарға қарсы тұрақты иммунитет тудырады. Шырышты қабаттың жергілікті иммунитерін IgA – қамтамасыз етеді.
Стафилококкты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы
Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: iрiң, экссудат, жарақат бөлiндiлерi, таңу материалдары, сепсиске күдiк туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кiлегейiнен алу.
Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды, микроскоп арқылы көреміз. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды және сарысу-газды агарға (СГА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береміз.
Сары уызды газды ортаның бетiнде дөңгелекше келген, пигменттелген (алтын түстес, лимон сияқты сары, ақ) шеттерi тегіс колониялар түзедi, ал сұйық ортада тек шектелген лайлануды тудырады. қанды агарда гемолиздiң бар немесе жоқтығы байқалады. Лецитиназды активтiлiкке ие стафилококтардың колониялары шетiне күлгiн жылтыр түспен шектелген лайлануды тудырады.
Плазмокоагулаза реакциясы: Екi немесе араластырылған қан плазмасын 0,4 мл мөлшерiнде шыны түтiкшеге құйып, стафилококк дақылынан бiр бактериологиялық бұғаудан енгiзiп термостатқа 37°С – мен 2,4 және 24 сағаттан кейiн тәжiрбие нәтижесi ретiнде плазмокоагулазалық қою тұнба түсетiнiн байқаймыз.
Ауруханалық инфекция ошағын анықтау үшiн науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөлiп алады, кейiн арнайы стафилофагтар жиынтығының көмегiмен фаготипирлеуді жүргiзедi. Фагтарды этикеткада белгiленген титрге дейiн араластырып, зерттелетiн дақылдарды Петри табақшасына қоректiк ортаға газонмен егеді, кептiрiп, кейiн Петри табақшасында алдын ала белгiленген квадраттарға сайма сай келетiн фагтар тамшысын бұғаудың көмегiмен тамызады. Нәтижесiн лизис дақылының бар жоғын анықтау арқылы бақылайды.
Медициналық қызметкерлер мен перзентханалардағы стафилококк тасымалдаушыларды анықтауда санация – алдын алу шаралары негiзгi бағыты б.т. Стафилококкты инфекцияны антибиотик және сульфаниламидтi препараттармен емдейдi. Септикалық процестерде стафилококқа қарсы иммуноглобулин енгiзiледi. Созылмалы түрiн емдеу үшiн антимикробты және антитоксиндi антиденелердiң синтезiн реттейтiн стафилококкты анатоксин және антивакцина қолданылады. Жаңа туылған балалардағы стафилококкты инфекциялалардың алдын алу ерекше проблема болып табылады. Жүкті әйелдерге стафилококкты анатоксин егеді, туған әйелдердің сүтін тексереді, егер ол сүтте стафилококк болса, балаға сүтті қайнатып беру керек.
Стафилококкты инфекциялалардың емдеуі мен алдын алу
Стафилококкты инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде стафилококктардың антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін біріншіден бетта-лактамды антибиотиктерді қолданамыз. Стафилококкты инфекциялалардың ауыр және созылмалы түрлерінде аутовакцина, анатоксин, стафилококктарға қарсы (адамның) иммуноглобулин, антистафилококкты плазма қолданады. Стафилококктарға қарсы жасанды иммунитет тудыру үшін стафилококкты анатоксин және (таблетка немесе сұйық), өлі стафилококктардан дайындаған вакцина қолданады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: