Жыныстық қатынас

Жыныстық қатынас, секс ұғымы

Жыныстық өмір — бұл тек қана жыныстық қатынас емес, бұл ер мен әйел арасындағы терең түсінушілік, сезімдердің жоғары шыңғы, ерлі –зайыптылар арасындағы жылы сезім.

Жыныстық қатынас («коитус» — қосылу, от латыншадан «coire» — қосылу) ер мен әйел жыныс ағзалары қосылу кезіндегі, ләззатқа толы шақ. Жыныстық қатынас болғанға дейін бірнеше дайындықтан өтетін физиологиялық, соматикалық және психикалық процесстер жүреді.

Жыныстық қатынас алдында біраз уақытқа созылған жыныстық доминанта байқала бастайды. Бұл жыныстық құмарлықтың өсуімен, жақындап келе жатқан секс жайлы ойлардың күшеюімен байқалады. Осы уақытта алда болатын секс мақсаты анық ойда тұрады. Ер ағзада андрогендер жоғарылап, қан тамырлардың кеңейтіп, жыныс ағзасының эрекциясы туындайды.

жыныстық қатынас туралы

Жыныстық қатынас теориялық тұрғыдан күрделі, бірнеше кезеңнен тұратын процесс. Дені сау еркекте жыныстық ойларсыз эрекция туындамайды, ал эрекциясыз фрикция мүмкін емес, ал фрикция және эякуляция болмаса мүлдем оргазм да секс те болмайды. Көріп отырғанымыздай бір бірімен тығыз байланысты бірнеше сатылар ауысып отырады. Жаңа саты басталғанда, өткен саты жоғалып кетпей, оны қолдап отырады. Осының әсерінен эмоциялар мен ағза қозуы барған сайын саты тәрізді жоғарылай түсіп, ағзаның барлық физиологиялық жүйесіне әсерін беретін эякуляция туындайды. Организмінің барлық функциялары мобилизацияланып, жыныстық функцияны орындауға бағытталып, жыныстық доминанта орнайды: иіс, есту, көру, тактильді және нейрогуморальды тітіркендіргіштер сезімталдығы бірнеше есе жоғарылай түседі. Ең соңғы этап болып, ер мен әйел оргазмға жетуі орнайды. Бұдан кейін бірден эмоционалды разрядталу келіп, белсенді қимылдар тоқтайды.

Осы кезде көбіесе ерлерде жыныстық құмарлық бірден төмендеп кетеді. Бірақ, ерлі зайыптылар арасында бір біріне немқұрайлық тумайды, керісінше бір біріне қанағаттану, махаббат жылуы, ризалық тәрізді сезімге толы болады.

Жыныстық қатынас кезінде ерлерде барлық физиологиялық реакциялар жылдам өтіп, жылдам тоқтап қалады. Ал әйелдерде болса, секске дайындалу уақыты да, жыныстық қанағаттануға жетуі де баяу әрі ұзаққа созылады. Егер әйел өз ерін сүйсе, және оған сенім артса, онда әйел психикасы онымен жақындасқанда өзін қорғанышта сезініп, жылдам әрі, ұзақ қанағаттану сезімін ала алады. Еркектің оргазмге жетуі мұндай жағдайда әйелді одан сайын қоздыра түспек.

Көпшілік неке құрған жастарда, ұзақ уақыт периодта жыныстық қатынас жағынан бір біріне үйреніп алуы пайда болады. Олар бір бірін сөзсіз ақ түсініп, ағзаларын жатқа білетіндей жағдай туындап, бір уақытта оргазмге жетіп үйренеді.

Қалыпты жыныстық қатынаста және онанизмдік түрінде де жыныс сұйықтығы шығуы жүрек жұмысының күшеюіне, қан айналым жылдамдауына, бас миындағы тамырлар тарылу және кеңеюінің жылдамдауына, жамбас бұлшықеттерінің жиырылуына және терлеуге алып келеді. Бұл өз алдына адамда біраз болса да шаршау, бұлшықет әлсіздігіне алып келеді.

Жыныстық қатынас кезінде қан қысымы жоғарылап, оргазм кезінде пульс 120-180 рет минутына және тыныс алу жиілігі 40 ретке дейін жетуі мүмкін. Яғни ең интенсивті спорттық жаттығу деңгейіндегі көрсеткіштер байқалады. Қан келудің әсерінен көз конъюнктивасы, бет және құлақ терісі қызарады, көз қарашығы кеңейеді. Тыныс алу жылдам әрі тоқтаусыз болады, тек оргазм соңында ғана бірнеше терең тыныс алулар байқалады. Жоғарыда айтқандай, қан келу көбейгендіктен әйелдерде де ерлерде де жыныс ағзаларының температурасы жоғарылай түседі. Жыныстық қатынас кезінде ер адамдарда аталық без шатаралыққа, яғни жыныс ағзасына қарай тартылып, жақындай түседі. Кейбір ерлерде оргазм кезінде уақытша емізікшелер қатая түсуі мүмкін. Бұл жыныстық рефлекстер белгілі эмоционалды көрініспен және бет мимикасының өзгеруімен байқалады. Бұдан шығатын қорытынды белсенді жыныстық қатынас Орталық жүйке жүйесіне және жүрек қантамырлар апаратына айтарлықтай күш түсіреді.

Кейбір жұптар, жыныстық қатынас кезінде ұрық сұйықтығын әйел қынап ішіне жібермесе, жүкті болмайды деп ойлап, аяқталмаған жыныстық қатынасқа түспекші болады. Бірақ көп жағдайда секс тәтті сезіміне беріліп, бұл ойын іске асыра алмай қалады. Нәтижесінде екі жақты өкініш туады. Бұған медицина оңай жауап береді. Себебі: жыныстық қарым қатынас кезінде бас ми қыртысының қызметі тежелу және шартсызрефлекторлы орталықтардың белсенуі фрикционды кезеңде байқалады. Сондықтан бұл кезде партнерлер қимылы санаға бағынбайтында кездері болуы мүмкін.  Кейбір бұлшықеттерді басқара алмау мүмкіндігі туады.

Ерлердегі жыныстық қатынас қалай өтеді? Эрекция механизімі

Эрекция жыныс ағзасына қан келудің көбеюіммен жүреді деп жоғарыда атап өттік: жыныс ағзадағы кеуекті және үңгірлі денесінде орналасқан бос веналарға қан толып, пенис көлемі және жуандығы үлкейеді. Қанға толу ағза толықтай қатайғанға дейін жүреді. Сонымен бір уақытта ишиокавернозды бұлшық еттер жиырылып, пенис түбінен қысып, эрекция қаттылығын қамтамасыз етеді.  Бұл уақытта зәр шығару қиындайды, пениске қан келу болмайды. Жыныстық қатынас жүріп жатып, аяқталатын кезде, эякуляция (жыныс сұйықтығының сыртқа шығуы). Эякуляция аталық без маңындағы және шәует шығарушы түтіктегі бұлшық еттер мен простата жиырылу әсерінен қысыммен уретраға шығарылады. Осы уақытта қуық мойыны жиырылу нәтижесінде жабылып, жыныс сұйықтығынң кері кетуіне жолды жабады, кейін жылдам және ритімді түрде жыныс мүшесінің бұлышқеттері жиырылып сыртқа 2-5 см3 жыныс сұйықтығын әйел қынабына лақтырып отырп шығарады. Дәл осы уақытта ер адамдар ең тәтті сезімді бастан өткізеді, яғни оргазмде болады.

жыныс ағзасы
Жыныс ағзасының көлденең кесіндісі

 

еркек жыныс ағзасы
Тыныштық кезінде және эрекция кезіндегі жыныс ағзаның қанмен толуының көрінісі

Одан кейін жыныс ағзасының бұлшықеті босаңсып, қан кері кетіп, эрекция босайды. Ер адам қанағаттанып, жыныстық қатынасқатан көңіл күйі кетеді. Біраз уақытқа дейін қайта эрекция жасап, жыныстық қатынасқа түсу мүмкін болмайды. Мұндай демалыс уақыта бірнеше минутқа дейін созылады. Ер адам жасы қаншалықты көп болған сайын, бұл кезең созыла түседі.

Осыған сай  «импотенция» термині бар, бұл дегеніміз  («күштің болмауы, қаттылық болмауы» мағындасында), жыныс ағзасының эрекцияға мүмкіндігі болмай, немесе болса да өте әлсіз, жыныстық қатынасқа түсуге шамасы болмауын айтады. Медицинада бұл термин «эректильді дисфункция» терминімен байланысты.

Әйелдердгі жыныстық қатынас фазалары

Қозу фазасы

Жыныстық қатынасқа дайындық кезінде қозу сатысы өтеді. Бұл кезде жыныс азғаларына қан келу күшейе түседі. Кіші жыныс еріндері ісініп, үлкейеді, ашық қызғылт түске ие болады. Кейбір әйелдерде клитор үлкейе түседі. Сыртқы жыныс еріндері ылғалданып, бартолин бездері бөлетін сұйықтықпен ылғалдана бастайды.

Қазіргі уақытта әйелдерде жыныстық қатынас кезінде тәтті сезімді күшейту үшін препараттар шыға бастады. Бұлардың барлығының әсер ету механизімі бір. Олар Жыныс ағзасына қан келуді күшейтіп, жыныс ағзаларын сезімтал етеді. Атышулы “ВиаГра” препараты да осы механизімде қызмет етеді. Сондықтан тек қан келуі жақсартып, ал жыныстық қатынасқа көңілі болмаса, мұндай препараттар еш әсер бермейді, ол тек онсыз қозған әйелдің жыныс ағзасын сезімтал етіп, жылдам қозуға ғана көмек бере алады. Жарнаманы дұрыс түсіну керек.

Плато фазасы немесе белсенді қимылдар фазасы

Келесі сатыда жыныс азғасы қынап қуысына кіріп, ритмімді түрде қозғалыс басталады. Осы ритмімді қозғалыс әсерінен әйел жыныс ағзасындағы жүйке тармақтары тітіркеніп, одан сайын жыныстық қозуды күшейте түседі.

Осы фазада қынаптың ер адам жыныс ағзасына үйрену жүріп, партнерлер бір-бірін жақсы сезіне бастайды. Қынаптың сыртқы 1/3 бөлігінде шартты түрде айтқанда органикалық манжета түзіле бастайды. Ол дегеніміз жыныс ағзасына қан келу күшейгенде, қынап кіреберісіндегі аумақ ісініп, көлемі үлкейіп, қынап кіреберісі тарыла түседі. Бұл өз алдына ер адам жыныс мүшесін қысып, оны барлық аумағынан қоршап алады.  Дәл осы кезде ер адамдарда көп жағдайда эякуляция (оргазм) туындайды, себебі қынап кіреберісі жыныс ағзасын қатты қысып, орап ұстауы ер адамда тәтті сезімді күшейте түседі де көпшілігі осы кезде оргазмге жетеді. Ал әйелдерге бұл жыныстық қатынас жылдам аяқталып қойған секілді көрініп қалуы мүмкін.

Қынап кіреберісі тарылып, органикалық манжета түзілуі  — өте маңызды этап. Бір жағынан бұл қынап ішіне енген жыныс сұйықтығының (сперма) сыртқа шығуын болдырмаса, екінші жағынан әйел ағзалары оргазмге дайындығы болып табылады.

G нүктесі

G нүктесі — бұл қынап ішіндегі орналасқан, тітіркендіру кезінде әйелдерде тәтті сезім күшейе түсетін жер. Бұл нүктені табу оңай. Саусақпен қынап кіреберісіне енгенде, алдыңғы қабырғасы бойымен сырғып жүргенде басқа аумақтан қарағанда беті кедір бұдыр бір көлемі кіші аумақ сезіледі. Бұл сол G нүктесі.

Әйел жыныс ағзасы
Әйел жыныс ағзасындағы G нүктесінің орналасуы.

Есте ұстайтын жайт, бұл G нүктесі әр қызда әрқалай орналасуы мүмкін. Кейбіреуде оңға қарай, ал басқада солға қарай деген секілді, сондықтан индивидуалдылық заңын ұмытпау керек.

Бұл аумақ симуляциясы ерекше – сұқ немесе ортаңғы саусақпен біреуді өзіңізге шақырып тұрған секілді қозғалыс жасау жақсы әсер береді. Бұл тітіркендіру әрдайым емес, бірақ арасына пауза қойылып жасалуы керек.

Жалпы жайтқанда G нүктесі айналасында өте сезіммтал тіндер орналасқан: клитор днесі, клиторды және уретра (зәршығарушы аумақ) маңын интервациялаушы негізгі нерв.

Әйел қозбаған кезде G нүктесін стимуляциялау тек аздаған ауырсыну сезіміне және зәр шығарғысы келу тәрізді сезімді тудыруы мүмкін, себебі бұл нүкте зәршығарушы каналға тікелей жақын орналасқан.

G нүктесін тітіркендіру (стимуляция) кезінде ол дұрыс эффект беру үшін, әйел қозған күйде болуы тиіс. Қозған кезде әйел жыныс ағзаларына қан молынан келіп, сезімтал болуы керек.

Енді жыныстық қатынас өзіне келейік. Бағана органикалық манжета түзіліп, қынап кіреберісі тарылады деп айтып кеткен болатынбыз. Органикалық манжет түзілгенде G нүктесі орналасқан аумақта болатынын естен шығармау керек. Веналық қан осы аумаққа толып, қынап кіреберісі, әсіресе қынап алдыңғы қабырғасы жыныс ағзасына тығыз жансып, G нүктесі белсенді түрде стимуляциясы жүреді (алдыңғы фазаларда мұндай болмайтын). Бұған қоса айналадағы тіндер қанға толып, аса сезімтал болып тұрғанда, жыныстық қатынас әйел үшін нағыз рахат сезімге бөленіп, кейіннен оргазм туындайды.

Кейбір әйелдер қынап бұлшықетіне жаттығу жасап жаттықтырады, олар бір оқпен екі қоянды атады. Себебі мұндай жаттығулар ер адамға рахат силап қана қоймай, жыныстық қатынас кезінде қынап тарылып, G нүктесін жыныс ағзасына ерте тиіп, оның стимуляциясын ерте бастатып, нәтижесінде өздері де ләззат сезім алуына себеп болады. Яғни бұл арқылы органикалық манжета эффектісін қолдан жасап, екі есе ләззатты өздері ғана алып қоймай, ер адамға да сыйлайды.

Оргазм фазасы

Тағы бір маңызды сұрақ, әйелдер оргазм кезінде не сезінеді? Бұл фаза кезінде қынап және жатыр бұлшықетінің, ритімді түрде жиырылуы пайда болады. Кейбір әйелдер қысқа уақытқа тежелу тәрізді жағдайға, есінің болмауына ұқсас жағдайға түсуі мүмкін. Одан кейін барлық денесіне таралған жылу байқалады, ол жыныс ағзасы маңындағы ритімді түрде жиырылумен білінеді. Бұл көріністер айтарлықсыз экстаз, басқарылуға келмейтін тәтті ләззат сезіммен, терең тыныс алумен, ыңқылдау (стон) және дірілге толы қозғалыспен байқалады.

оргазм қазақша

Әйелдер көп реттік оргазм сезіне алады. Әдетте бірінші оргазмнен кейін қайта белсенді жыныстық қатынасқа ауысса (плато фазасы) қайтадан оргазм сезінеді, сөйтіп көп рет бола алады.

Кері қайту фазасы

Бұл фазада жыныс ағзаларында көптеп жиналған қан кері қайтып,, жыныс азғлар сезімталдылығы азая бастайды. Бұл кезең әдетте 10-20 минутқа созылады.

Егер әйел оргазм сезінбесе, онда жыныс ағзасындағы жиналған қан баяу кері қайтады. (кей жағдайда 1 сағтақа дейін). Мұндай жағдай азға үшін онша пайдалы емес.

Жалпы қорытындылай келе, жыныстық қатынас немесе секс күрделі бірнеше сатыдан тұратын, екі жанның қосылуын талап ететін табиғи процесс. Егер осы материалда түсінбеген жайттар болса, төмендегі коментарий жазу орны сіздер үшін әрдайым ашық. Қосар ойларыңыз болса жаза кетіңіз. . .

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қыздық перде
  2. Жыныстық әуестіктің бұзылу формалары
  3. Жыныстық жолмен берілетін аурулар
  4. Контрацепция әдістері
  5. Гормональды контрацепция

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!