Тамыр ішіне дәріні тамшылатып енгізу

Система қою алгоритімі

Дәрілік заттарды тамыр ішіне ағынды және тамшылатып енгізу

  • Науқаспен сенімді қарым қатынас орнату. Іс-шараның мақсаты мен жүргізілуін түсіндіру. Науқас пен оның ата-анасынан іс-шараның жүргізілуіне рұқсат алу.
  • Қолды дұрыстап жуу. Халатты, масканы, қолғапты кию. Қолғапты киер алдында қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу.
  • Инфузияға бір реттік жүйені дайындау. Бір реттік жүйенің жарамдылық мерзімін, бүтіндігін тексеру. Салфетка, пинцет, мақталы шариктер салынған лотокты дайындау. Дәрілік заты бар құтыны дайындау.
  • Құтының қақпағын спиртке малынған залалсызданған мақталы шарикпен өңдеп, оны залалсызданған пинцетпен немесе қайшымен шешіп алу. Құтының тығынын спиртпен екі рет өңдеу.
  • Жүйенің қысқа жағынан иненің қақпақшасын шешіп, сол инені құтының тығынына түбіне дейін енгізу. Құтыны төңкеріп, штативке ілу. Ауа камерасын ашу. Инесі мен қақпақшасын шешіп, залалсызданған лотокқа салу.
  • Жүйені толтырып, ішінен ауаны шығару үшін, канюлясы бар түтікшені шетін тамшылатқыштан биігірек төңкерілген күйінде ұстап тұру қажет. Тамшылатқыштың 2/1 бөлігін сұйықтықпен толтыру керек (фильтр толығымен енгізілетін сұйықтық ішінде болу керек). Қысқышты ашып, жүйенің төменгі бөлігін канюлядан ерітінді шыққанша баяу толтыру. Жүйенің ішінде ауа көпіршіктерінің қалмауын қадағалау. Қысқышты жабу қақпашасы мен инені кигізу.

система қою алгоритімі

  • Науқасты ыңғайлы етіп жатқызу. Шынтағының астына клеенкалы жастықша салу. Тамырды табу. Иықты сүлгімен орау, иықтың ортаңғы 3/1 бөлігіне тамырлық жгут салу. Науқасты жұдырығын бірнеше рет түюін сұрау. Тамырды зерттеу.
  • Пункция орнын екі рет әртүрлі шариктермен 700 спиртпен өңдеу. Мақталы шариктерді залалсыздандыратын ерітіндіге тастау
  • Иненің қақпақшасын шешу. Инені енгізетін жерден төменірек тамырды сол қолдың сұқ саусағымен бекіту.  Дәл осы кезде жүйенің инесі бар  ұшын оң қолда ұстау.
  • Науқасты жұдырығын түюін сұрау. Тесуді екі кезеңде немесе сол екі кезеңді бір сәтте өткізеді: алдымен тамыр маңындағы теріні, ал сосын тамырдың  қабырғасын теседі; бір сәтте – инені қиығын жлғары қаратып алады да, үшкір бұрыш жасап бір сәтте тері мен тамыр қабырғасын теседі. Ине ұзындығының  3/1 бөлігін тамырдың ішіне енгізу. Жгутты шешу. Науқасты жұдырығын жіберуін сұрау.
  • Жүйедегі қысқышты ашу. Инені лейкопластырьмен бекітіп, енгізу орнын залалсыздандырылған салфеткамен жауып қою. Сұйықтықты тамшылатып енгізудің жылдамдығын реттеу.
  • Тамыр ішілік енгізу кезінде науқастың  жағдайын қадағалау.
  • Енгізу аяқталған соң, жүйенің қысқышы жабылады, инъекция орнына терілік антисептикке малынған мақталы шарикты басу, инені алып шығу. Науқасты қолын шынтақ буынынан бүгуді сұрау. Қолданылған жүйені жою.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!