Тромболизис. Тромболизистік терапия.

Тромболизис. Жедел тромболитикалық терапия.

Тромболитикалық препараттар – түзілген тромбтарды лизиске  әкеледі, қан сары суында фибриногеннің жоғарлауы нәтижесінде және  холестерин жоғарлауы кезінде түзілген тромбқа тормболитикалық терапияны жүргізу қиындайды. Миокард инфарктының негізгі емінде бірінші кезекте  тромболитикалық препараттар қолданылады. Егер тромб коронарлы артерияда болса, тромболитикалық препараттар енгізу 2-4 сағат аралығында, ал өкпе артериясында болса 8-10 сағатта жасалады.

Абсолютті қарсы көрсеткіштер:

  • Геморрагиялық инсульт
  • ОЖЖ ісіктері
  • Асқазан – ішек жолдарынан қан кету
  • Хирургиялық араласулар, босану
  • Геморрагиялық диатездер
  • Пункция

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер:

  • Антикоагулянттарды қолдану
  • Босанудан кейінгі 1 аптада, жүктілік
  • Рефрактерлі артериалды гипертензия (систолалық қан қысымы 180 мм.сын. бағ немесе диастолалық қан қысымы 110 мм.сын.бағ)
  • Бауыр аурулары, өршу сатысында
  • Инфекциялық эндокардит
  • Асқазан- ойық жара ауруының өршуі
  • Ауыр артериялық гипертензия ( 180/110 мм.сын.бағ)
  • Ауыр ангиоретинопатиямен бірге қант диабеті
  • Ұзақ уақыттық реанимация (10 минуттан астам)
  • Анамнезінде стрептокиназаға аллергияның болуы (ақырғы 2 жыл)

Тромболитикалық препарат түрлері:

  • Стрептокиназа гетерогенді плазминоген активаторы (стрептокиназа, стрептаза, авелизин, кабикиназа))
  • Плазминогеннің тіндік активаторы (актелизе, альтераза, активаза)
  • Урокиназа (проурокиназа, сарулаза, аббокиназа, бір тізбекті урокиназа)
  • Стрептокиназа және плазминогеннің ацирленген кешені АПСАК (анистреплаза, эминаза)

Стрептокиназа 1 500 000 бірлік  100 мл 5% глюкоза немесе  0,9% натрий хлорид ерітіндісімен қосып 30 – 60 мин аралығында енгізу қажет.

Тромболизисті терапия

Альтеплаза 15 мг көк тамыр ішілік болюсті, 0,75 мг/кг 1 сағат ішінде 30 минут енгізу, 0,5 мг/кг 1 сағат ішінде; жалпы мөлшері 100 мг. Гепаринді көк тамыр ішіне 48 сағат ішінде енгізеді.

Урокиназа 2 000 000 бірлік болюсті немесе  1 500 000 бірлік болюсті 1 сағат ішінде енгізу қажет.

5 күн және 2 жыл аралығында қайтадан стрептокиназаны қолдануға болмайды. Стрептокиназаға антиденелер 2 жыл аралығында сақталды. Ал альтеплазаны және  урокиназаны қолдану антиденелердің түзілуіне әкелмейді.

Тромболитикалық терапияны жүргізу көрсеткіші:

  • Нитраттарға басылмайтын 12 сағатқа созылатын кеуде тұсында ауырсыну
  • ЭКГ өзгерістері ST интервалының 1 мм-ге жоғарылауы  (алдыңғы миокард инфарктісіне күдік болған кезде) немесе 2 – 3 шықпаларында аяқ –қолдық,  II, III, avF (төменгі миокард инфарктісіне күдік болған кезде)
  • Миокард инфарктісінің алғашқы 6 сағаты, ал егер ауырсыну болмай, ST сегменті жоғары және Q тісшесі болмаса алғашқы 12 сағат ішінде жасалу қажет

Асқынуы:

  • Реперфузионды аритмия – ең жиі кездесетін асқынуы. Жиі идиовентрикулярлы ырғақ, қарыншалық экстрасистола, қарыншалық тахикардия, АВ блокада, қарынша фибрилляциясы.
  • Коронарлы артерияның реоклюзиясы 15-20% жағдайда кездеседі. Ангинозды ауырсыну, гемодинамика өзгерістерімен жүреді. Бұл асқынудың емінде нитроглицерин және гепарин көк тамыр ішілік енгізу қажет.
  • Аллергиялық реакция
  • Бас сүйек ішілік қан кету

Тормболитикалық терапияның тиімділігін бағалау:

  • Тромболизистік терапияны жүргізген соң 1-4 сағат ішінде ST сегменті стандартты тіркемелерде  төмендейді.
  • Ангинозды ауырсынудың болмауы

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тромбо АСС
  2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)
  3. Жедел жәрдемдегі тромболитикалық препараттар
  4. Тромбоз
  5. Магистральді артерия тромбозы және эмболиясы
  6. Стенокардия

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!