Тромболитикалық препараттар – қан тамыр ішкі құрылымында пайда болған тромбты еріту арқылы жүзеге асыратын фармакологиялық терапияның түрі.
Әсер етуі: Қанның фибрионолитикалық белсенділігін активациялау арқылы плазминогенді оның белсенді формасына плазминге айналуымен байланысты. Тромболитикалық терапияны тромб түзілгеннен кейін алғашқы 5-6 сағат аралығында аса эфективті болып табылады.
Тромболитикалық препараттар жіктеледі
- Плазмалық табиғаты бар заттар-тікелей протеолитикалық және фибринге спецификалық әсер етеді.
- Агенттер- негізінен плазминоген активаторлары болып табылады.Олар тікелей фибринге әсер етпейді,бірақ фибринолизді белсендіреді.Оны проактивті плазминоген арқылы жүзеге асырады.
- Белсендіргіш және плазмин комбинациясынан құрылған заттар
Қазіргі кезде келесі препараттар жиі қолданылады
I қатардағы: Стрептокиназа «бастапқы мөлшері 250 000 ЕД 50мл Натрий хлоридімен 30 мин бойы» ЖМИ кезінде бастапқы 20 000 ЕД, қолдаушы 2000-4000 ЕД. Көктамырға тамшылатып беріледі
урокиназа «1000-2000 ЕД»
II қатардағы.
- Альтеплаза 10 мг мөлшерінде 1-2 мин к/т болюсті, кейін тамшылатып 90 мг тамшылатып
- Проурокиназа к/т 100мг «20мг болюсті 80мг тамшылатып 1сағ бойы» 0,9%Натрий ерітіндісінде
III қатардағы
- Тенектеплаза 50 мг к/т
- Ретаплаза. к/т 10ЕД 2 мин бойы кейін 30 мин қайталау
Қолдануға көрсеткіштер:
- Жіті тәждік (коронарлы) синдром «ST сегментімен
- Ишемиялық инсульт
- ТЭЛА
- Төменгі веналардың тромбозы т.б
Қарсы көрсеткіштері:
- Жоғары АҚ
- Қан жоғалту ірі көлемде
- Геморрагиялық инсульт
- Бауыр аурулары
- Ойық жарадан қан кету