Клеткалық және гуморальді жауап түзетін, клетка аралық механизмдер мен иммунды компонентті клеткалардың дифференцировкасын зерттеген кезде, белокты медиаторларының үлкен тобы ашылды, олар цитокиндер деп аталады. Олардың 30-дан астам түрлері белгілі.
Цистокиндердің негізгі биологиялық белсенділігі- иммунды жауапты барлық даму сатыларында реттеу: функциональді белсенді иммунокомпонентті клеткалардың пролиферациясы мен дифференцировкасы, антигенді өңдеу және макрофагтардың бетіңде иммуногенді түрде ұсыну, антиген сезімтал лимфоциттердің пролиферациясы, иммуноглобулиндер продуценттеріне дейін В- клеткалардың дифференцировкасы, бір изотоптан басқасына иммуноглобулиндер синтезін ауыстыру, цитотоксикалық Т- клеткалардың ізашаларының эффекторларға дейін пісіп жетілуін қамтамасыз ету, макрофагтардың цитотоксикалық әсерін индукциялау. Кейбір цитокиндер қабыну реакциясына және ісік клеткаларының элиминациясында айқындала түсетін жедел фазалы жауапқа белсенді түрде қатысады.
Құрылыс ерекшеліктері мен биологиялық әсеріне қарай барлық цитокиндер бірнеше өзіндік топтарға бөлінеді: гемопоэтиндер, интерферондар, иммуноглобулиндердің супер топтық цитокиндері, ФНО- тобы цитокиндері, хемокиндер.
Цитокиндер өзара 5 топқа бөлінеді.
1-ші топ – Гемопоэтикалық цитокиндер.
- ГМ-КСФ – гранулоцитарлы моноцитарлы клеткалардың ізашарларын стимулдейді.
- М-КСФ – моноциттердің ізашарларын стимулдейді.
- Г-КСФ – гранулоциттердің ізашарларын стимулдейді.
- ИЛ-3 – мульти КСФ
- ИЛ-5 – эозинофилдерге арналған КСФ
- ИЛ-7 – лимфоциттерге арналған КСФ
- ИЛ-1 – ең ерте қан түзуші клеткалардың ізашарларын стимулдейді.
2-ші топ – Иммундыққа дейінгі қабынудың цитокиндері:
а) біріншілік про-қабыну цитокиндер – ИЛ-1, ТНФ-α, ИЛ-6. Макрофагтармен және дендритті клеткалармен бөлінеді. ИЛ-1-ші мен ТНФ-α жергілікті әсер етеді, ал ИЛ-6 жетілік фаза белоктардың синтезін бауырда стимулдейді.
Б) екіншілік қабыну цитокиндер – ол лейкоциттер мен лимфоциттердің локоматорлы жылжуын қамтамасыз етеді.
3-ші топ – Лимфоцитарлы иммунды жауаптың ұйымдастырушылары.
Т- және В-, НК-клеткаларының пролиферациясымен дифференцировкасын реттейді. Бұл цитокиндерді антиген АТК клеткалар және лимфоциттер бөледі. Оларға жататындар: ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-12, ИЛ-15 және ИФН-γ жатады.
4-ші топ – Иммунды қабынудың медиаторлары. Т-лимфоциттермен бөлінеді, лейкоциттерді қабынуға активтейді: ИФН-γ (макрофагтармен НК-клеткалардың активаторы), ИЛ-5 (эозинофилдердің индукторымен активаторы), LT (нейтрофилдердің активаторы), LT-α (қабынулық гранулалардың пайда болуын қамтамасыз етеді).
5-ші топ – Қабынуға қарсы цитокиндер.
ИЛ-10 – макрофагтармен бөлінеді және оларды тежейді.
TGF-β – иммунды СД4 Т-лимфоциттермен бөлінеді және лимфоциттердің ары қарай пролиферациясын тежейді. Сонымен қатар ИЛ-4 пен ИЛ-13 макрофагтармен ингибирлеуші әсер етеді.