Интерстициальды пневмония

1946 жылы Р. Ленк жедел ағымды пневмониялар арасынан төмендегі рентгендік сипатарымен ерекшелінетін пневмонияларды бөліп шығарды:

  1. Өкпе суретінің өзгерісі кеңейген түбірден ұршық тәріздес тарайтын, тұрпайы немесе нәзік жолақтардан тұрады. Бұлардың негізінде бронх-төңіректік инфильтрация және, мүмкін, бронхтардың экссудатпен толуы жатады.
  2. Пневмония бар өкпе суреті ұялары әртүрлі көлемді тор тәрізді болады. Осы екі түрлі өзгерістердің үстіне кішілеу ателектаз ошақтары пайда болса, ұсақ дақтар көрінеді.

Интерстициальды пневмония Интерстициальды пневмония

  1. Жайылмалы керілген жіп тәріздес айқын көрінетін көлеңкелер бронхтар қысылуының белгілерімен бейнеленеді (ателектаз бөліктері). Осы пневмонияларды ол интерстициальдық деп атады. Шартты патогенді қарапайымдылар, Карина пневмоцистасы себеп болатын пневмонияның бұл түрі, соңғы жылдары жиі кездесетін болып жүр. Ол жаңа туған сәбилерде, қырқынан шықпаған (бірінші айдағы) балаларда көп кездеседі, ЖРА мен жиі ауырған, алдында ауруханада емделген, қарқынды ем палаталарында және реанимация бөлімшелерінде болған ересек балаларда да кездеседі. Интерстициалды пневмонияны себептері – вирустар, пневмоцистер, патогенді саңырауқұлақтар, стрептококктар болып табылады.

Клиникасы бойынша екі түрге бөлінеді: Манифесті жедел түрі. Аллергиялық диатез құбылысы бар ерте жастағы және мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Ауру ауыр басталады: нейротоксикоз және тыныс жетіспеушілік белгілері болады. Өте қатты ентігіп, тыныс алу жиілігі минутына 80-100-ге дейін жетеді, мұрын-ерін үшбұрышының, тырнақтардың цианозы, мазаланған кезде генерализацияланған цианоз, танаудың кернеулігі, қабырға аралықтардың тартылуы байқалады, қалтырайды, ал, кейінірек жиі және қинайтын жөтел пайда болады. Өкпеде бірең-сараң тұрақсыз жоғары ырғақты құрғақ сырыл, сирек жағдайда крепитация, бактериальды инфекция қосылған кезде, ылғалды сырыл естіледі. Перкуссияланғанда, шартылдақ (тимпаникалық) дыбыс анықталып, өкпенің төменгі шеттерінің төмендегені, жүректің салыстырмалы тұйықтығын шекарасының тарылғаны, өкпе түбірінің кеңейтіндігі байқалады. Аз белгілі жеделдеу түрі. Мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Жедел респираторлы аурудан кейін болады әлсіздік, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, субфебрильді дене қызуы, бас ауруы, солбырлық, жөтел болады. Бұндай науқастарда физикальды мәліметтер өте аз болады: орташа токсикоз белгілері, кішкене күш түскенде, ентігу, бірең-сараң құрғақ жөтел байқалады. Рентгенологиялық көрінісі. Кеңейген түбірден шашырап тұрған өкпе сүреті дөрекі, торлы, кейіннен “мақта тәріздес өкпе” болып келеді.

Интерстициальды пневмония Интерстициальды пневмония

Балаларға диагноз қойған кезде тыныс жетіспеушілігін (ТЖ) 4 дәрежеге бөледі:

ТЖ І дәрежесі – тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатынаспайды, ентігу, тыныс жиілігі 10-20% өседі. Тыныштық кезеңінде пульс жиілігінің дем алу санына қатынасы 3,5- 2,5:1. Цианоз болмайды немесе өз білінеді, мазаланған кезде күшейеді. Артериялық қысым қалыпты жағдайда болады.

ТЖ ІІ дәрежесі – тыныштық жағдайда ентігу байқалады: тыныс алу, жасына байланысты көрсеткіштермен салыстырғанда, 50-60% жиіледі, тыныс алуға бұлшық еттер қатысады, кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің ішіне қарай тартылғаны байқалады. Пульс жиілігінің тыныс алу санына қатынасы 2:2,5 болып, тұрақты акроцианоз (ауыздың кілегей қабатына, мұрын-ерін үшбұрыш аймағында, құлақ, саусақ ұштарында) байқалады, терінің генерализацияланған бозаруы, тершеңдік, АҚ жоғары, енжарлық қозумен алмасады.

ІІІ дәрежелі ТЖ – өте айқын ентігумен сипатталады (дем алу саны жасқа байланысты көрсеткіштерден 100-150% асады. Ол тыныс орталығының қызметін тежеп, тыныс алудың Биот, Чейнс-Стокс, Куссмауль тыныстары сияқты патологиялық кезеңді тыныс алулардың, брадипноэының, тыныс алу қимылдарының ырғақсыздығының, қосымша бұлшық еттерінің белсенді қатысуының пайда болуына әсерін тигізеді. Пульс жиілігінің тыныс алу санына қатынасы 2-1,5:1 болады. Пульс күрт жиілейді. АҚ – төмендейді. Терінің жайылған көгеруі немесе жайылып бозарған және “мрамор” түстес теріні акроцианозы байқалады, есі қарауытып, ұстамалы түрде шыдамсызданады.

ІV дәрежелі ТЖ – өте ауыр кезең және гипоксиялық кома белгілерімен сипатталады. Тыныс алу ретсіз, ұстамалы түрде, кейде апноэ немесе күрт кезеңдік белгілері пайда болып, алмасып тұрады. Пульс пен тыныс алу қатынасы 8-9:1. Жер түстес тері жамылғысының генерализацияланған цианоз байқалады, кейде денеде, аяқ-қолда көгерген дақтар білінеді. Кейбір аурулардың терісі өліктің боз тәрізді түстеніп, күрт акроцианоз одан әрі құрысулар пайда болады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

AdminNaz

0
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 14-11-2018
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...