Үлкен ұршық сынығы. Кіші ұршық сынығы

Жарақат механизмі тура. Кей жағдайларда бөксе бұлшықеттерінің тез жиырылуынан жұлынған сынықтар болуы мүмкін. Ығысумен болған сынықтарда ұршық жоғары және артқа немесе кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттерінің тракциясы әсерінен сыртқа ығысады.

Үлкен ұршығы сынығы бар науқастар жүруге қабылетті. Аздаған ауырсыну үлкен ұршық аймағында локализденеді. Обьективті түрде сынық аймағында ісіну және ауырсыну анықталады. Әкету шектелген және ауырсынумен жүреді. Пассивті қозғалыстар, әсіресе ротационды, сынық аймағындағы аырсынудың күшеюіне әкеледі.Алдыңғы артқы проекциядағы рентгенограмма бойынша интерпретация жасау оңай.

Емханаға дейінгі этапта сынықты жансыздандыру онша қажет емес. Артынан, сынық орнына 2% тік 20мл новокаин ерітіндісін енгізіп және екі үш аптаға Белер шинасымен иммобилизация жасау керек. Ығысумен болған сынықтарда аяққа шинаны әкетілген және сыртқы ротация жағдайында салады. Үлкен ығысумен болған сынықтарда хирургиялық емге жүгінеді. Ұршықты ойығына шуруптар, сүйек штифі немесе сым көмегімен фиксациялайды. Еңбекке жарамдылық 1.5 айдан кейін қалпына келеді.

 

Кіші ұршық сынығы.

Механизмі бойынша бұл санды тез бүгу мен жазу немесе мықын бел бұлшықетінің қатаюы кезінде пайда болатын жұлынған сынық.

Санның ішкі бетінде және жоғарғы үшен бір бөлігінде кейде айқын білінетін ауырсыну болады. Санды тік бұрышқа дейін бүккенде ауырсыну азаяды. Кіші ұршық аймағын пальпациялағанда ауырсыну бар. Рентгнограмма анализі кезінде сынықты кіші ұршық аймағындағы өсу зонасынан айыру қажет. Күмән туған жағдайларда сау жақтың да рентгенограммасын жасайды.

 

Емханаға дейінгі көмек: Ауырсынуды азайту үшін аяқты тізе және жамбассан буынында бүгеді, айқын ауырсынуда және науқасты ауруханаға транспортировака жасау керек болса сынық орнына 2% тік 20мл новокаин ерітіндісін енгізеді. Науқастарды деңбілдерде транспортирлейді. Аяққа аз әкетілген және тізе, жамбассан буынында бүгілген жағдайында 10-12 күнге шина салынады. Үшінші аптасында аяқты жазып жүруге рұқсат беріледі.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!