Сан зақымдалуы.

Санның проксимальды бөлігінің сынықтары. Анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. Санның проксимальды бөлігі ерекше анатомо-физиологиялық жағдайларда орналақан:

  1. Сан сүйегінің мойыны сүйек қабымен қапталмаған, ол ұршықтар аймығында жақсы қапталған.
  2. Жамбас-сан буын капсуласы санға ұршықаралық сызық (алдынан) және ұршықаралық қырынан (артынан) біршама проксимальды мойын негізінде бекітіледі.
  3. Сан сүйегі басы мен мойны келесі артериялармен қанмен қамтамасыз етіледі:

 

 

 

Санның проксимальды бөлігінің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.

А) Домалақ байлам артериясы (кәрі адамдарда бұл артерия облитирленген.)

Б) Капсула бекитін орнынан мойынға ентін артериялар: жартысы синовиальды қабық астымен тікелей сан мойнымен өтеді және сүйекті бөлігінің шеміршектіге ауысатын жерінен басына кіреді.

В) Сүйекке ұршықаралық аймақтан енетін артериялар.

Сонымен, жамбас-сан буыны капсуласының санға бекитін орнынан сынық неғұрлым проксимальды болса, басының қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Сан ұршықтарының аймағы бұлшықеттерден келетін артериялар арқасында жақсы қанмен қамтамасыз етіледі.

 

  1. Сан диафизі мен мойын осьтерінен құралған мойын-диафизарлық бұрыш орта есеппен 120 0с – қа тең. (1150с-тан 1350с-қа дейін.) Осы бұрыш неғұрлым кіші болса, сан сүйегі мойнына жүктеме соғұрлым көп түседі, яғни жиі сынады. Егде жаста мойын-диафизарлық бұрыштың азаюы сан сүйегі мойнының сынығына әкелетінфактор болып есептеледі.

 

 

Қалыпты мойын-диафизарлық бұрыш (а) және оның варусты  (б) және вальгусты сан мойынының сынықтарындағы өзгерістері.

Анатомиялық құрылымына сай санның проксимальды бөлігінің трабекулярлы құрылымының бұзылысына байланысты мықтылығы төмендейді. Сондықтан жүйелі остеопороз осы аймақтағы сынықтың негізгі себебі болып табылады.

Осыған байланыст жүйелі остеопорозы бар егде адамдарда травмалық агенттің минимальды әсерінен сынық пайда болуы мүмкін. Жас жәнеорта жастағы адамдарда да санның проксимальды бөлігінің сынықтары әртүрлі этиологиялы остеопороз әсерінен жиі дамиды.

Классификациясы.

І. Сан сүйегі басының сынықтары;

ІІ. Сан сүйегі мойнының сынықтары:

  1. Локализациясы бойынша:

– Субкапитальды

– Трансцервикальды

  1. Ығысуларға байланысты:

– Варусты;

– Вальгусты;

ІІІ. Ұршық аймағы сынықтары:

–   Сан сүйегі мойнының базальды сынығы;

  • Изолирленген сынық/ үлкен немесе кіші ұршықтың ығысуымен немесе ығысуынсыз жұлынып сынуы;
  • Ұршық арқылы сынығы;
  • Ұршықаралық сынығы;
  • Ұршық асты сынығы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санның проксимальды бөлігінің сынықтарының локализациясы бойынша жіктелуі. Сан сүйегі мойнының сынықтары жарақат кезіндегі аяқтың орналасуына байланысты абдукционды және аддукционды деп бөлінеді.

Абдукционды сынықтар жамбас-сан буынында әкетілген аяққа құлағанда пайда болады. Бұл кезде мойын-диафизарлық бұрыш үлкейеді, сондықтан мұндай сынықтарды вальгусты деп атайды. Вальгусты сынықтар көбіне енген (вколоченные) сынықтар болады.

Әкелінген аяққа құлағанда мойын-диафизарлық бұрыш азаяды (аддукционды немесе варусты сынықтар). Варусты сынықтар 4-5 есе жиі кездеседі.

Ұршық сынықтары енген және енбеген де болуы мүмкін. Айқын сүйек қабына және жарғышақтардың жиналу аймағының үлкен болуына байланысты қанмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен бұл сынықтар жақсы бітіседі.

Диагностика. Ауырсыну шап аймағында немесе ұршық аймағында пайда болады (артынан сираққа иррадирленуі мүмкін) және тыныштық жағдайында ауырсыну айқын емес. Жамбас-сан буынында қозғалыс жасағанда ауырсыну үдейе түседі.

Аяқ тірегі енген сынықтарда әртүрлі дәрежеде бұзылған, енбеген сынықтарда – мүмкін емес.

Аяқтың сыртқы ротациясы тізе үсті сүйегі мен табан сүйегінің орналасуына байланысты жеңіл анықталады және ұршық сынықтарында айқын білінеді.  Сынықтың айқын белгісі болып сынық аймағында активті ішкі ротация жасай алмауы болып есептеледі. Бұл екі симптом енген сынықтарда болмауы мүмкін.

Енген және енбеген сынықтарда сан осі бойымен және үлкен ұршыққа  жүктеме түсіргенде зақымдалған аймақта ауырсыну байқалады. Осы симптом үлкен ұршықты және түзу жатқан аяқтың өкшесін соққылағанда анықталады.

«Жабысқан өкше» симптомы енбеген сынықтарға көбірек тән. Науқас түзу аяғын арқасына жатқан қалпында көтере алмайды. Санды бүккенде табан тірек бойынша сырғиды. Сондықтан, бұл симптомды «сырғымалы өкше» деп атаған дұрыс.

Мойнының  варусты сынықтарында үлкен ұршық жоғары ығысады, бұл үлкен ұршықтың жоғары орналасу симптомдар топтарының пайда болуын шарттайды. Сынықтарда жиі, үлкен ұршық төбесінен мықын сүйегінің алдыңғы-жоғары осінен іштің ортаңғы сызығына дейін өтетін, Шумахер сызығының жағдайын бағалайды.(Қалыптыда Шумахер сызығы кіндіктен жоғары немесе кіндік маңында өтеді, үлкен ұршық жоғары тұрса- кіндіктен төмен.)

Сан сүйегі мойнының  варусты сынығына 2-3 см-ге аяқтың салыстрмалы қысқаруы тән.  Аталған симптомокомплекс мойын және ұршық сынықтарын анықтауда маңызды.

Енген сынықтарды диагностикалауда белгілі бір қиындықтар туады.  Мұндай сынықтарда көптеген симптомдар айқн емес немесе тіпті болмауы да мүмкін. Кейде пациенттер өздері зақымдалған аяққа жүктеме түсіріп қосымша тірексіз де жүре беруі мүмкін, ал бұл сынықтың ыдыруына әкеледі. Алайда, бұл науқастарда жүргенде шап аймағында, сынық аймағында үлкен ұршықты соққылағанда ауырсыну пайда болуы міндетті белгілер.

Егер, остеопорозы бар пациентте жарақат механизміне тән (құлау немесе үлкен ұршық  аймағындағы соққы) шап аймағында және үлкен ұршық  аймағында аяқ осі бойынша жүктеме түсіргенде ауырсыну пайда болады. Диагностикалық қателіктің алдын-алу үшін рентгенологиялық зерттеу жасау қажет.

Радиологиялық зерттеу. Ығысумен болатн сынықтарда тура және бүйір проекцияларда рентгенограмма жасау жеткілікті. Енген және «стресстік» сынықтарда  рентгенограммалар интерпретациясын анықтауда қиындықтар пайда болуы мүмкін. Диагностикаға функциональды рентгенограммалар (тура проекцияда) әкелінген және әкетілген аяқ жағдайында, 10-14 күннен соң динамикадағы рентгенограммалар, КТ және МРТ көмектесуі мүмкін.

Емханаға дейінгі көмек. Емханаға дейінгі көмек этапындағы емге жансыздандыру мен шинасыз иммобилизация кіруі керек. Осы этаптардағы сынықтарға жергілікті жансыздандыру жасап қажеті жоқ. Себебі, стерильді емес жағдай, ауырсыну синдромының айқын еместігі.

Жансыздандыруды анальгетиктерді парентеральды жолмен енгізу көмегімен де жетуге болады. Тізе астына аяқтың сыртқы ротациясын шектеу үшін валик салады. Осы жағдайда науқастарды теңбілдермен (носилкалар) транспортирлейді.

Сан сүйегі мойнының сынықтарының емі. Сан сүйегі мойнының сынығымен науқастарды оперативті емдейді, ал енген вальгусты сынықтарды және хирургиялық емге жалпы қарсы көрсеткіштері науқастарды консервативті емдейді.

Стационарда сынықтарға жергілікті анестезия жасайды, новокаин немесе лидокаиннің 2% 20,0 мл ерітіндісі көмегімен. Мойын сынықтарында анестетиктерді буын қуысына енгізеді, сан артериясынан 2 көлденең саусаққа

үлкен ұршықтан жұмыр байламның ішкі және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасынан сыртқа қарай пунктирлер арқылы.  Егер, операцияны бірінші күндері жасамаса, аяқтың  200 әкетілген күйінде, үлкен сан сүйегінің төмпешігіне қаңқадан тарту салынады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!