Токсикалық аденома

Түйінді және полинадозды зобтарда тиреотоксикоз, әдетте, зоб пайда
болғаннан кейін белгілі бір уақыт аралығында дамиды. Тиреоциттер гипофиздің
тиреотропты гормондарына тәуелсіз йодты ұстап тироксин синтездейтін
патологиялық жағдайды қалқанша безінің функционалды автономиясы деп
атайды. Функционалды автономияның үш түрін ажыратады: унифокалды
(тиреотоксикалық аденома), мультифокалды (көп түйінді токсикалық зоб),
диссеминерленген(автономды қызмет атқаратын тиреоциттердің ұсақ түйінді
ареалдар түрінде диффузды жайылуы. Осылайша, түйінді және көп түйінді
зобтардытиреоидты гормондардың артық мөлшерін автономды синтездейтін
қатерсіз түзілістерге жатқызады. Пламмер тирео-токсикалық аденоманы жеке
ауру ретінде бөлді, себебі, оның дәлелдеуі бойынша, бұнда токсикоз біріншілік
болады және ол тиреоидтыгормондардың артық мөлшерінсинтездейтін түйін
тінінің гиперфункциясымен байланысты. Көптеген авторлардың айтуы
бойынша, түйінді зобта, диффузды зобпен салыстырғанда, тиреотоксикоз
соншалықты ауыр емес, алайда кей жағдайларды тиреотоксикоздың клиникасы
айқын болады.

 

 

 

 

Этиологиясы. Ауру себебі және механизмі, қазіргі уақытқа дейін, белгісіз
болып қалуда. Басты себеп ТТГ-рецепторларының генініңжәне G-ақуыз генінің
мутациясында деп есептелуде, бұлар жеке фолликулярлы жасушалардың
функционалды белсенділігін жоғарылатады.
Патогенезі. ТТГ әсерінен дамитын йод жетіспеушілігінде, қалқанша без үнемі
ынталандырылу жағдайында болады. Осының әсерінен тиреоциттер үнемі
бөлініп, өсіп, гипербелсенді зоналар түзеді.
Клиникалық көрінісі. Диагностикасы диффузды-токсикалық зобқа ұқсас, бірақ
кейбір сылбыр өтетін түрлерін да ескеру керек. Токсикалық аденомада
эндокринді офтальмопатия және претибиалды микседема болмайды. Жиі
эндемиялық зоб дамитын аймақтарда тұратын әйелдер ауырады. Пальпаторлы
без ішінде домалақ иілгіш немесе тығыз-иілгіш консистенциялы, айқын

шекаралары бар, біртегіс, ауру сезімсіз, онша үлкен емес, шамамен 2–-2,5 см-ге
дейін түйіндерді анықтауға болады. Бұл кезде без бөліктерінің біреуінен түйін
анықталса, басқа бөліктері ұлғаймаған болады.
Диагностикасы. Қанда Т3-тің жоғарылауы, ал Т4 шамалы жоғарылаған және
ТТГ-ның мөлшері төмендеген немесе анықталмайды.
Скенографиялық түйіндер үнемі «ыстық», ал бездің басқа бөлімі йодты мүлдем
ұстамайды, не шамалы ұстайды.
Қалқанша бездің түйінді түзілістерін диагностикалауда негізгі орында УДЗ және
жіңішке инелі аспирационды пункционды биопсия болып табылады. УДЗ-де
біртекті, гиперэхогенді құрылымды домалақ түйін анықталады. КТ және МРТ
бағасының жоғары болуына байланысты көп қолданылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

Емі. Тиреотоксикозда операция алдындағы дайындық ретіндетиреостатиктер
(тиамазол, пропилтиоурацил) тағайындалады. О.В.Николаев токсикалық және
токсикалық емес зобтарда, әсіресе, полинадозды зобтарда қалыпты тінді
қорғауды ұстанады. Ол ұсынған субфасциалды тамырларды байлау ұстанымы
зобқа байланысты операциялардың барлық түрінде мүлтіксіз болып табылуда.
С.Зографский (1977ж) сау тін шекарасында безді резекциялауды, ал бір ғана
«суық» түйінде супрафасциалды лобэктомияны ұсынды.
Бұрын түйінді зобтарда негізгі операция ретінде қолданылған энуклеация
қазіргі кезде радикалды емес деп табылды. Резекциядан айырмашылығы –
энуклеация кезінде түйін үстіндегі тін кесіліп, астындағы түйін капсуласымен
бірге алынып тасталынады. Қазіргі кезде операция көлемі аденоманың
көлемімен, оның орналасуымен анықталады (жиі бөлік резекциясы немесе
гемитиреоидэктомия). Аденома алынғаннан кейін экстранодулярлы тін қызметі
толық қалпына келеді.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!