Нерв тінінің ісіктері

Жиі артқы көкірекаралықта қабырға – омыртқалық жылғада орналасады. Ең жиі кездесетіні: ганглио-невромалар, олар симпатикалық бағанадан түзіліп, ганглиозды жасушалардан құрылады. Ісік баяу өседі және қатерсіз ағыммен ерекшеленеді. Бұл түрдің басқа ісіктері (ганглиневробластомалар, симпатогониомалар, невробластомалар) қатерлі болып табылады және балалық шақта жиі дамиды. Ісікке тән клиникалық белгі бел тұсындағы үнемі ауру сезімі, себебі, әрбір үшінші жас науқастарда жұлынның компрессия симптомдарыанықталады. Сонымен қатар, жиі омыртқааралық түйіннің қабықтарынан және қабырға аралық нервтен түзілетін невриномалар (нейрилеммомалар) кездеседі. Оларбаяу өседі және мардымсыз симптоматика тән. Ісіктер үлкен мөлшерге жеткенде, белде ауру сезімі пайда болады. Кейде ісіктің бір бөлігі омыртқа каналына өтіп, жұлынның компрессия белгілері пайда болады, ісіктің түрі «құмсағат» тәрізді болады.  Параганглиома. Бұл хромоффинді тінмен түзелетін неврогенді ісік жиі артқы көкірекаралықта, кейде жүрекше аймағында, қолқа доғасы және оның тармақтарында, аорта-өкпелік кеңістікте орналасады. Ісіктердің көбісі гормонактивті болып табылады. Қанға норадреналин бөледі.

Клиникалық көріністері. Клиникада тұрақты жәнепараксизмалды артериялық гипертониямен көрініс береді. Кате-холаминдердіңкатаболикалық әсері гипергидрозбен дене салмағының төмендеуімен сипатталады.

Диагностикасы. Кеуде торының полипозициялық рентгено-графиясы және КТ. Рентгенологияда оларқабырға- – омыртқалық жылғадаорналасқан айқын жиектері бар, дөңгелек пішінді қарқынды көлеңкелер түрінде көрінеді. Үлкен ісіктерде нерв түбіршегі шығып тұратын омыртқа тесігінде өрнекбайқалады. КТ ісіктің нақты мөлшерін анықтауға және қоршаған тіндер мен ағзағақатынасын анықтауға мүмкіндік береді.Диагностикада қандағы катехоламиндер деңгейін зерттеу нақты мәлімет береді.

      Емі. Хирургиялық. Қатерсіз ісіктерде болжам қолайлы. Таралған қатерлі ісіктерде оперативті емге қоса, химиотерапия жасалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!