Энтерогенды кисталар біріншілік ішектік түтіктің дорсалды бөлімінен дамиды және артқы көкірекаралықта өңешке жақын орналасады. Олардың қабырғасы қалың, ішінде ақшыл шырышты сұйықтығы болады. Ішкі беті ішектік, асқазандық немесе өңештік эпителиймен қапталған.
Симптомдары. Клиникалық көріністері тек кистаның көлемі үлкен болған жағдайда пайда болады. Өңештің немесе тыныс жолдарының қысылуы симптомдары көрінеді.
Асқынулары – егер ішкі қабаты асқазандық эпителиймен жабылған болса, кистаның қабырғасының іріңдеуі және жаралануы мүмкін.
Диагностика. Диагностиканың негізгі әдістері кеуде торыныңрентгенографиясыжәне КТ болып табылады.
Емі. Хирургиялық. Болжамы жақсы.