Терато-дермоидты кисталар

Кистозды түзілістердің 3 түрін ажыратады: тері элементтері және оның қосалқылары бар эпидермоидты, дермоидты жәнетератоидты. Киста қуысы кейде шаш, тіс, тері элементтері, сүйектері бар қою май тәрізді сұр түсті сұйықтықпен толтырылған жай өсетін,пісіп-жетілген қатерсіз тератодермоидтыкисталар 80-92% құрайды.Пісіп-жетілмеген тератомалар қатерлі түріне жатады және жылдам өсумен ерекшеленеді. Қатерлі тератомалар құрамында эмбрионалды тіндер және дифференцирленбеген жасушалар болады.

 

 

 

 

 

Клиникалық көріністері.Киста көлемі және өсу қарқынымен анықталады. Кейде кисталар іріңдеп, көрші ағзаларға өтеді, әсіресе, кеңірдек пен бронхқа. Сол кезде науқастарда қысылу белгілерімен ірің, детрит, шаш, шарбы май – жөтелге әкеледі. Перикард қуысымен жыланкөз пайда болғанда, жүрек тампонадасы болады.

Диагностика. Жиі асқынуының бірі – іріңдеу. Негізгі әдіс – КТ, рентгенологиялық зерттеу. Ісіктер алдыңғы, ортаңғы көкірекаралықта орналасады.Пішіні дөңгелек, сопақша, жиегі толқынды.

      Емі. Оперативті – кистаны алу.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!