Ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етудің жүйелі кезеңдері және олардың сипаттамасы мен бағасы

Этаптылық негізгі- медициналық көмекті ауыл халқына жақындату, соның ішінде денсаулық сақтау республикаларын медициналық көмектің әртүрлі этаптарында рационалды түрде бөлу.

Бірінші этап – ауылдық дәрігерлік алаң (АДА), оның құрамына ауылдық   жергілікті аурухана (АЖА), фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), дәріханалық пункт, балабақша.

Екінші этапаудандық медициналық мекемелер: орталық аудандық аурухана, зоналық аудандық аурухана, аудандық диспансерлер, аудандық СЭС, аудан аралық арнайы бөлімдер (РАП).

Үшінші этап  –  облстық мекемелерден тұрады: облстық аурухана, диспансер, орталықтар, стоматологиялық поликлиникалар және т.б мекемелер, жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді. Ана мен баланы қорғау – мемлекеттік мониципальдық, қоғамдық және жеке сипаттағы шаралар жүйесі, олар ана мен баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және әйелдің негізгі маңызды әлеуметтік қызметі- бала туу мен  тәрбиелікке оптимальды жағдай жасау.

Емдеу-сақтандыру жәрдем дегеніміз тұрғындарды емдеу және сақтандыру жәрдемінің барлық түрімен қамтамасыз ету.
І-ші ерекшелік тобы:
а. Халықтың тығыздығының аздығы
б. Тұрғындардын тұратын мекенінің аудан орталығынан алыстығы
в. Жол сапасының төмендігі
г. аудан орталығына транспорт  қатынасының төмендігі
д.техникалық қатынастың төмендігі

Бұл ерекшеліктер әлеуметтік-экономикалық, географиалық факторларымен тығыз байланысты.

ІІ-ші ерекшелік тобы:
а. Ауылшаруашылығының еңбегінің ерекшелігі
б. Ауылшаруашылығынұйымдастырудың ерекшелігі және өндіріс түрлері
в. Ауылшаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы
ІІІ-ші ерекшелік тобы
а. Қала және ауыл арасында дәрігерлер  санының дұрыс бөлінбеуі

б. Дәрі-дәрмекпен және төсекпен дұрыс қамтамасызетілмеуі

в.жайсыз үйлердің санының көптігі
г. Коммуналдық және мәдениеттік қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі

 

Ауыл тұрғындарына емдеу-сақтандыруды ұйымдастыру кезеңдері

І-ші кезең ауыл тұрғындарына жәрдем көрсететін мекемелердің алғашқы дәрігерлік бөлімі. Құрамы:

  • Ауылдық учаскелік аурухана амбулаториямен бірге
  • ФАП
  • Перезентхана
  • Балабақша
  • Дәріхана
  • Сүт асханасы

ІІ кезең– орталық аудандық аурухана

  1. Емхана
  2. Жедел медициналық жәрдем көрсететін бөлмелер

ІІ кезең– облыстық медицина мекемелері

  1. Облстық аурухана
  2. Емхана
  3. Диспансерлер
  4. Диагностикалық орталықтар