ОЖЖ зақымдалуы (эклампсия) преэклампсияның үдеуі нәтижесінде дамиды, әдетте преэклампсия босану алдында немесе босанғаннан кейінгі аптада болады. Эклампсияның даму мүмкіндігін көрсететін белгілер: •қорқу, қобалжу сезім, бет терісінің қышуы;
- бас ауруы, көрудің нашарлауы («жарық жарқылы», бейнелерді бұлыңғыр көруі);
- эпигастрий аймағындағы ауру сезімі;
- гиперрефлексия; •протеинурияның жоғарылауы.
Эклампсия эпилептикалық ұстамаларды еске түсіретін клонико-тоникалық тырысулармен көрінеді және міндетті түрде артериялық гипертензиямен қосарласады, АГ ауыр болмауы да мүмкін.
Эклампсия ОЖЖ-нің ишемиялық зақымдалу белгісі болып табылады, ол ми қан тамырларының тарылуымен және тамырішілік гиперкоагуляциямен байланысты. Сирек жағдайда созылмалы АГ және преэклампсия бірге қосылса, геморрагиялық инсульт болуы мүмкін. Босандыру эклампсияның алдын алу болып табылады.
Преэклампсияның ауыр түрлерінің бірі — HELLP-синдром (Hemolysis, Elevated Liver enzymes, Low platelet count). Бұл кезде жайылмалы қан тамырлық дисфункция және коагулопатия нәтижесінде симптомды кешен түрінде: гемолиз, аминотрансферазалардың жоғарылауы және тромбоцитопения көрінеді. Бұл кезде АГ және протеинурия аз ғана болуы мүмкін. HELLP-синдром қайта жүктілік болғанда, 2 есе жиі көрінеді. HELLP-синдром белгілері жедел босандыруға көрсеткіш болып табылады. Көптеген жағдайларда бұл синдром босанар алдында дамиды. Өте сирек жағдайда HELLP-синдром босанғаннан кейін алғашқы күндері дамиды.