Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ)

Жүктілік кезіндегі БЖЗ-ның себептері. Ерте мерзімінде:

  • жүктіліктің Ι жартысындағы токсикоз кезіндегі құсу салдарынан дамитын гиповолемия;
  • сепсиспен асқынатын аборттың салдары.

Кеш мерзімінде:

  • плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жатырдың жыртылуы;
  • HELLP-синдром;
  • ГУС/ТТП;
  • бауырдың жедел майлы дистрофиясы;
  • жедел пиелонефрит;
  • НТА (несеп тас ауруы) кезіндегі зәр жолдарының обструкциясы.

Жүктіліктің өзі ГУС/ТТП дамуының қауіп қатер тобы болып табылады. Эстрогендер ADAMTS 13 төмендеуін шақырады. Жүктілік комплементтің альтернативті жолымен белсенуіне триггер болып табылады. Кейбір жағдайда АФС-пен байланысы болуы мүмкін (жегілік антикоагулянт және антикардиолипиндік антиденелер анықталады). ГУС/ТТП-ны HELLP-синдромнан ажырату қажет. ГУС/ТТП, HELLP-синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының арасында ұқсайтын да және дифференциалды-диагностикалық айырмашылықтары да бар.

HELLP-синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясы арасындағы айырмашылық мынада: HELLP-синдромға АСТ жоғары болған кезде, билирубиннің жоғарылауы тән емес, ал бауырдың жедел майлы дистрофиясы кезінде гипербилирубинемия мен АСТ-ның жоғарылауы тән. Бірақ гемолитикалық анемия, тромбоцитопения және преэклампсияның симптомдары АГ мен протеинурия айқын емес немесе болмауы да мүмкін.

 

ГУС/ТТП көбінесе босанудан кейінгі кезеңде кездеседі және ауыр БЖЗ дамиды. Себебіне байланысты БЖЗ-ның емі әр түрлі болуы мүмкін. HELLPсиндром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының негізгі емі жедел босандыру болып табылады. ГУС/ТТП дамыған кезде қанға плазма құю немесе плазма алмастыру қажет. БЖЗ-ның емі жүкті емес әйелдердегі сияқты жүргізіледі. Гемодиализ немесе перитонеалды диализ жүргізіледі. Әйел организмінен көп көлемді сұйықтықты бірден шығарудан сақтану қажет. Ұрықтың жағдайын бақылау ұсынылады.