Жүкті емес әйелдердегі асқынбаған жедел пиелонефрит

Дене қызуының көтерілуі, белде ауру сезімінің пайда болуы және лабораториялық зерттеулер кезінде қабыну белгілерінің пайда болуы НШЖИ-ның несептің шығару жолынан ары қарай паренхиматозды ағза, яғни, бүйрекке таралуын көрсетеді. Жедел пиелонефрит клиникалық көріністері цистит кезіндегідей бел аймағындағы шамалы ауру сезімінен грам-теріс септицемияға дейін болуы мүмкін. Науқастың дене қызуының көтерілуі, бел аймағының ауруы және дизуриялық белгілерден басқа жалпы жағдайы нашарлай түседі.

Бактериемия 10% жағдайда ғана анықталады, ол кезде қызуы көтеріледі және гипотониямен бірге жүреді. Жиі қоздырғышы уропатогенді Р-фимбриясы бар E. coli, ол өрлемелі жолмен еніп бүйрек паренхимасына бекиді. Пиелонефрит кезінде фокалды немесе диффузды, жиі бір бүйректе жедел гранулоцитарлы интерстициалды нефрит дамиды. Пиелонефритке күдік туған кезде несепке микробиологиялық зерттеу жасау қажет. Пиелонефриттің классикалық лабораториялық критерияларына жатады: лейкоцитурия және 1 мл несепте бактериурия ≥105 микроб денесінің анықталуы. Сонымен қатар, жүйелі қабыну белгілері анықталады: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, С-реактивті нәруыздың өсуі. Септикалық асқыну кезінде қан сарысуында прокальцитонин деңгейі жоғарылайды. Кей жағдайда бүйректің УДЗ жасау керек болады, ол арқылы несеп шығару жолында несептің іркілуін (бүйрек тостағаншаларының >1,5 см), пери- немесе интрареналды абсцессті, анатомиялық аномалияларды көруге болады. Асқынбаған жедел пиелонефрит кезінде әрі қарай КТ және урография сияқты зерттеу әдістері тек антибактериалды емге 72 сағат ішінде нәтиже болмаған жағдайда жасалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!