Ұрықтың биофизикалық профильн анықтау.
Қазіргі уақыттағы ультрадыбыстық құрылғылар тек қана ұрықтың анатомиялық ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, ұрықтың функционалды жағдайы жайлы толықтай ақпарат алуға мүмкіндік береді. Дәл осылай ұрықтың нақты жағдайын анықтауға «биофизикалық профильін» анықтау арқылы көз жеткізуге болады. Бұған негізінен 6 параметрді кіргізеді: стресстік емес тест (кардиотокография кезіндегі), ұрықтың тыныс алу қозғалысы, ұрықтың қозғалу белсенділігі, ұрық тонусы, ұрық маңындағы су көлемі, плацентаның жетілу дәрежесі. Максималды 12 бал болады.
Параметр | 2 бал | 1 балл | 0 балл |
Стресстік емес тест | 5 акцелерация және одан да көп амплитудада 15 соқ/мин. ұзақтығы 15 с аз емес. 20 мин бойы ұрықты бақылу кезіндегі қозғалысымен байланысты. | 2-4 акцелерация, амплитудасы 15 соқ/мин. аз емес. Ұзақтығы 15 с. аз емес. 20 мин бойы ұрықты бақылу кезіндегі қозғалысымен байланысты. | 1 акцелерация немесе оның жоқ болуы. 20 мин.бойы ұрықты бақылау кезінде |
Ұрықтың тыныс алу қозғалысы | 30 мин.бақылағанда 1 эпизод, ұзақтығы 60 сек. н/е одан көп. | 30 мин.бақылағанда 1 эпизод, ұзақтығы 30-60 с. | 30 мин.бақылағанда 30 сек. аз қозғалыс немесе жоқ болу. |
Ұрықтың қозғалу белсенділігі | 30 мин. бақылағанда 3 қозғалысы | 30 мин. бақылағанда 1-2 қозғалысы. | қозғалыстың болмауы. |
Ұрық тонусы | 30 мин. бақылауда омыртқа және аяқ қолдың 1 бүгіп жазу эпизоды | 30 мин. бақылауда аяқ қолдың жазып бүгуінің 1 эпизоды | Аяқ қолдары жазылған жағдайда |
Ұрық маңы судың жағдайы | Су жатырда айқын анықталады. Судан бос аумақтың вертикальді өлшемі 2 см. және одан көп | Судан бос аумақтың вертикальді өлшемі 1 см. бірақ 2 көп емес | Ұрықтың ұсақ бөліктерінің жақын орналасуы. Судан бос аумақтың вертикальді өлшемі 1 см. аз. |
Плацентаның жетілу деңгейі | 1-2 жетілу сатысы | Плацентаның орналасу жатырдың артқы қабырғасында. Зерттеу қиын. | 3 жетілу сатысы. |
- 8-12 аралығындағы балл, ұрық жағдайының қалыпты екенін көрсетеді.
- 6-7 аралығындағы балл, ұрық жағдайының күмәнді екенін, асқынулардың дамуы мүмкін екенін көрсетеді.
- 4-5 балл ұрықта айқын түрдегі гипоксия және перинаталды асқынулардың жоғары қауіпін көрсетеді.
Ұрықтың биофизикалық параметрін анықтау жүктіліктің 3 триместрі басталысымен жүргізуге болады.