Несеп шығару жолдары инфекциясының клиникасы мен диагностикасы
НШЖИ негізгі диагностикалық әдістеріне: мұқият жиналған анамнез, науқастың шағымы, клиникалық қарау және ауруға тән симптомдарды бөлу жатады. Төменгі НШЖИ бар науқастар жиі несеп шығарудың жиілеуіне (поллакиурия), несеп шығару кезінде ауру сезімінің пайда болуына (дизурия) және шат үстінен ауру сезіміне шағымданады. Ал пиелонефритке қызу, улану сияқты жалпы улану белгілері тән. Фибрилды дене қызуы бар науқастардың бел …