Отбасылық жерортатеңіздік қызба (кезеңдік ауру)

Отбасылық жерортатеңіздік қызба (кезеңдік ауру) — Таяу Шығыс елдерінде тұратын арабтарда, түріктерде, армяндарда және еврей-сефардтарда кеңінен таралған. Олардың 25%-да бүйрек амилоидозы — негізгі аурудың қолайсыз салдарының басты себебі болып табылады. Кезеңдік ауру — бұл аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайтын ауру, ол 20 жасқа дейінгі жастарда байқалады. Кезеңдік аурудың генетикасы 16-шы хромосоманың қысқа иығында орналасқан MEFV (Mediterranian …