Қолқа қақпақшаның бұзылу синдромы:жетіспеушілік
Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігі- бұл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын диастола кезінде жаппайды, осының зардабынан қолқадан қан кері сол жақ қарыншаға қайта ағады. Мұндай қлоқа ақауы ревматикалық эндокардитте жиі, ал бактериялдық, мерездік аортритте,атеросклерозда сирек кездеседі. Ревматикалық эндокардиттегі қабыну үдерісі қақпақшаларды бүрістіріп қысқартады, ал мерездік атеросклероздағы потологиялық жағдай тек қолқаны ғана жарақаттандырады, оны …