Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігі- бұл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын диастола кезінде жаппайды, осының зардабынан қолқадан қан кері сол жақ қарыншаға қайта ағады. Мұндай қлоқа ақауы ревматикалық эндокардитте жиі, ал бактериялдық, мерездік аортритте,атеросклерозда сирек кездеседі. Ревматикалық эндокардиттегі қабыну үдерісі қақпақшаларды бүрістіріп қысқартады, ал мерездік атеросклероздағы потологиялық жағдай тек қолқаны ғана жарақаттандырады, оны кеңітіп қақпақшалардың жармасын тартады немсе тіннің дәнекерленуі қақпақшаларға тарап,оның пішінін өзгертеді. Ойық жаралы эндокардиттер сепсисте қақпақшаларды ыдыратып, тыртықтандырып,олардың қысқаруына әкеп соғады.
Гемодинамикасы: сол жақ қарыншаға диастола кезінде жүрекшеден келетін қан қолқадан да кері ағады. Осының зардабынан сол жақ қарынша қан мөлшерінің көбеюінен диастола кезінде керіледі. Систола кезінде сол жақ қарыншаға үлкен күшпен жиырылудың қажетінен қанды қолқаға үлкен көлеммен айдауға мәжбүр етеді. Сол жақ қарыншаға қатты күштің қажеттілігінен сол жақ қарыншаның бұлшықетінің қалыңдауы , ал систолалық қан көлемінің қолқада көбейгенінен сол жақ қарыншаның іші кеңейеді. Қолқа қызметіндегі жетіспеушілікке өте бір тән белгі, ол артериялдық қан қысымының қолқадағы систола және диастола кезіндегі өзгерістерің болуы. Қалыпты жағдаймен салытырғанда қан көлемінің систола кезіндегі көтерілуі, систоликалық қысымды жоғарылатады, ал диастола кезінде қанның азын-аулақ көлемі кері қарыншаға қайта ағады,сондықтан диастолалық қысым жылдам төмендеп кетеды.
Симптомдары:науқастың хал-жағдайы ұзақ уақыт қалыпты жағадайда болады, ауру білінбейді, бұл сол қарыншаның теңелту қасиетіне байланысты. Жүрек аймағының ұстамалы ауру сезімі (стенокардия тәрізді) сол жақ қарыншаның қалыңдауынан диастолалық қысымның төмендігінен тәжді қан тамырларындағы қан көлемінің аздығынан жүрек бұлщықетінің қоректенуі нашарлайды. Мидың қоректенуінің нашарлағанынан басы айналып,көзі қарауытады. Сол жақ қарыншаның жиырылу үдерісінің төмендеуінің зардабынан кіші қан айналымында іркіліс пайда болады,сондақтан ентігу, жүректің соғуы және әлсіздік сезіледі.
Науқастың терісінің бозаруы, артерияда систолалық және диастолалық қысымның өзгерістерінің зардабынан шеткей артерияларда тербеліс пайда болады- ұйқы артериясының (каротидтер биі) бұғана қабырғасы артериясы, самай артериясында т.б бір қалыпты ырғақ қан тамыр тербелісімен бастың тербелісі ( Мюссе симптомы). Ақырын тырнақ басып,ұсақ капиллярлардың солқылын байқауға болады (Квинке симптомы). Жүрек аймағында жүрек ұшының түрткісі төмен солға қарай ығысады. Бұның бәрі сол жақ қарыншаның ұлғайғанын бұлшық етінің қалыңдағанын және қарынша ішінің кеңейгенін көрсетеді.
Диагностикасы: рентгенде жүректің қолқалық пішімі не «отырған үйрек» пішінді көрініс,жүрек мықыны айқындалған,жүрек пульсациясы күшейген, қолқа кеңіген, әсіресе оның өрлеу бөлігі кеңіген. Экг-да левограмма,сол қарынша гипертрофиясы. эхоКГ тексеруі ақау диагностикасын жақсартады,жеңілдетеді.