TRAPS-синдром (TNF Receptor-Associated Periodic Syndrome)
Бұл — кезеңдік аурумен сырқат науқастардағы амилоидоздың сирек кездесетін аутосомды-доминантты түрі. Аурудың дамуы ісік некрозы факторының рецепторының 1-типін кодтайтын TNFRSF1A генінің мутациясымен байланысты. TRAPS-синдромының клиникасы. Ауру қызбаның, іш ауыруының және жергілікті миалгиялардың ұстамаларымен сипатталады. Осы патологияның клиникасында сондай-ақ эпизодтық эритематоздық зақымдалулар, лимфаденопатия, конъюнктивит, бір жақты периорбиталды ісіну, ұманың ісінуі, олигоартралгия көріністерінің болғандығы сипатталып жазылған. Өршулердің …