Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-122 бұйрық (29.08.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19315 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-122
Қабылданған күні
29.08.2019
Актіні өзгерту күні
13.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және/немесе жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
  2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт / учаскелік педиатр дәрігер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
  3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының әлеуметтік қызметкері және тартылған психолог қызметтерінің тізбесі
  4. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгіну себептері
  5. Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11268 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында :

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер:

1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;

2) орны бойынша шығу бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында;

3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, консультативтік-диагностикалық пойыздарда;

4) білім беру ұйымдарында;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспайды.";

16-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

"16. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес адамдар МСАК ұйымына өтініштердің себептері бойынша жүгінеді.

Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес зерттеп-қарау мен тексеру әдістерін айқындайды.

Амбулаториялық емді анықтаған және емдік шараларды тағайындаған жағдайда пациентке "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген) дәрілік заттарға рецепт жазады және МСАК ұйымының емшара кабинетіне жолдама береді. Амбулаториялық емнің тиімділігін және оған түзету енгізуді емдеуге жолдама берген МСАК дәрігері жүргізеді.";

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"20. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер жүргізіледі:

патронаж;

пациентке белсенді бару;

үйге шақырту;

үй жағдайындағы стационар;

3 деңгейдегі медициналық реабилитация;

отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер;

салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар;

медициналық-әлеуметтік қолдау

психологиялық қолдау;

рецепт жазу;

паллиативтік мобильді бригаданың шығуы.";

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"21. Патронаж:

1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;

2) жүкті және босанған әйелдерге;

3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;

4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;

5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.";

38-тармақ алып тасталсын;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"40. Осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді) қоспағанда, МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар беруіне жол берілмейді.";

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларының 6-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі"

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында :

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде медициналық сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін асыратын заңды тұлға.";

10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) сақтандырушы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - ЕМС шарты), оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тұлға ЕМС шарты шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 1-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және/немесе жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі

№ р/сҚызметтердің кодыҚызметтердің атауы
1.A01.008.000Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Фельдшер
2.A01.008.002Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Фельдшер
3.A01.008.003Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Фельдшер
4.A01.008.005Патронаж: Фельдшер
5.A01.008.007Активтер: Фельдшер
6.A01.008.008Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Фельдшер
7.A01.008.009Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Фельдшер
8.A01.008.010Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Фельдшер
9.A01.008.012Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Фельдшер
10.A01.008.013Шұғыл медициналық көмек көрсету: Фельдшер
11.A01.009.000Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер
12.A01.009.002Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер
13.A01.009.003Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер
14.A01.009.005Патронаж: Жоғары білімі бар мейіргер
15.A01.009.007Активтер: Жоғары білімі бар мейіргер
16.A01.009.008Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер
17.A01.009.009Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер
18.A01.009.010Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Жоғары білімі бар мейіргер
19.A01.009.012Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Жоғары білімі бар мейіргер
20.A01.010.000Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер
21.A01.010.002Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Орта білімі бар мейіргер
22.A01.010.003Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Орта білімі бар мейіргер
23.A01.010.005Патронаж: Орта білімі бар мейіргер
24.A01.010.007Активтер: Орта білімі бар мейіргер
25.A01.010.008Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер
26.A01.010.009Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер
27.A01.010.010Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Орта білімі бар мейіргер
28.A01.010.012Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Орта білімі бар мейіргер
29.A01.011.000Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Акушер
30.A01.011.003Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Акушер
31.A01.011.005Патронаж: Акушер
32.A01.011.007Актив: Акушер
33.A01.011.008Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Акушер
34.A01.011.013Жүкті әйелдерді және отбасы мүшелерін босануға дайындау мектебі: Акушер
Зертханалық диагностика (дәрігерге дейінгі көмек)
35.B03.866.003Экспресс әдісімен несептің көрсеткіштерін (pH, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау
36.B03.401.003Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау
37.B03.335.003Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау
38.B03.486.003Экспресс әдісімен бойынша қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау
39.B03.517.003Экспресс әдісімен несептегі адамның хориондық гонадотропинін (ХГА) анықтау (жүктілікке арналған тест)
40.B03.103.003Экспресс әдісімен бойынша нәжістегі жасырын қанды (гемокульт-тест) анықтау
41.B03.860.003Экспресс әдісімен АИТВ-1,2-ға және антиген р24-ке сомалық антиденелерді анықтау
42.B03.861.003Экспресс әдісімен қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерді анықтау (мерезге эксперсс тест)
43.B03.862.003Экспресс әдісімен қан сарысуындағы C вирустық гепатитінің вирусына жиынтық антиденелерді анықтау
44.B03.863.003Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау
45.B03.870.003Экспресс әдісімен ұрықжанындағы судың болуына сүртіндіні зерттеу
Ем-шаралар мен манипуляциялар
46.D99.291.004Аппликациялық анестезия
47.D99.293.012Венадан қан алу
48.D99.296.013Саусақтан қан алу
49.D91.496.106Қынаптың тазалық дәрежесіне сүртінді алу
50.D91.496.105Онкоцитологияға сүртінді алу
51.D91.911.013Микробиологиялық зерттеуге материал алу
52.D99.590.020Манту сынамасын жүргізу
53.D99.590.021Диаскинтест жүргізу
54.D96.330.014Асқазанды шаю
55.D96.390.015Клизма
56.D93.891.018Үлкен жастағы пациентке мейіргер күтімін жасау рәсімдері
57.D93.891.019Пациентті отбасы мүшелерін күтім жасау элементтері мен гигиенаға үйрету
58.D93.891.020Үйде төсекжараның профилактикасы және тазарту
59.D93.891.021Үйде таңу
60.D93.891.022Ауыр пациентті қырындыру, тырнағына және шашына күтім жасау
61.D93.891.023Ауыр пациенттің ауыз қуысына күтім жасау
62.D93.891.024Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сору
63.D93.891.025Оростомалар, эзофагостомаларкезіндегі құрал
64.D93.891.026Трахеостома кезіндегі құрал
65.D93.891.027Назогастралдық сүңгіге, мұрын канюнялары мен катетерге күтім жасау
66.D93.891.028Жоғарғы тыныс алу жолдарынан сілемейді сору
67.D93.891.029Мұрыннан сілемейді сору
68.D93.891.030Фарингостома кезіндегі құрал
69.D93.891.031Интраназалдық дәрілік препараттарды енгізу
70.D93.891.032Гастростома кезіндегі құрал
71.D93.891.033Назогастралдық сүңгіге күтім жасау
72.D93.891.034Ауыр пациентті гастростом арқылы тамақтандыру
73.D93.891.035Илеостома кезіндегі құрал
74.D93.891.036Интестиналдық сүңгіге күтім жасау
75.D93.891.037Ауыр пациентті интестиналдық сүңгі арқылы тамақтандыру
76.D93.891.038Илеостомаға күтім жасауды үйрету
77.D93.891.039Жуан ішектің стомалары кезінде құрал
78.D93.891.040Колостомаға күтім жасауды үйрету
79.D93.891.041Ауыр пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал
80.D93.891.043Газ шығару түтігін қою
81.D93.891.044Копролитті алу
82.D93.891.045Нәжісті ұстамау кезіндегі құрал
83.D93.891.046Сифондық клизманы қою
84.D93.891.047Қынаптың (пессария)қолдау сақинасын қою, алып тастау
85.D93.891.048Сыртқы есту өтісіне күтім жасау
86.D93.891.049Ауыр пациенттің көздеріне күтім жасау
87.D93.891.050Конъюнктивті қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау
88.D93.891.051Ауыр пациент несеп шығарған кездегі құрал
89.D93.891.052Несеп катетеріне күтім жасау
90.D93.891.053Цистостомаға және уростомаға күтім жасау
91.D93.891.054Несепті ұстамаған кездегі құрал
92.D93.891.055Ауыр пациенттің төсегін ауыстыру және/немесе жатқызу
93.D93.891.056Ауыр пациентті мекеменің ішінде тасымалдау
94.D93.891.057Ауыр пациентті ауыз арқылы және/немесе назогастралдық сүңгімен тамақтандыру
95.D93.891.058Ауыр пациенттің төсек-орнын дайындау және ауыстыру
96.D93.891.059Ауыр пациенттің ішкиімін және киімін ауыстыру бойынша құрал
97.D93.891.060Ауыр пациенттің бұтаралық және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау
98.D93.891.061Дренажға күтім жасау
99.D93.891.062Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал
100.D93.891.063Төсекжараның дамуына қауіп дәрежесін бағалау
101.D93.891.064Төсекжараның ауырлық дәрежесін бағалау
102.D93.891.065Ауырсу қарқындылығын бағалау
103.D93.891.066Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және/немесе ауыстыру техникасына үйрету
104.D93.891.067Пациенттің төсекте және/немесе креслода ауысуы кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрену
105.D93.891.068Пациентті балдақпен жүруге үйрету
106.D93.891.069Пациент қосымша тіректердің көмегімен жүруі кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету
107.D99.590.019Препараттың бағасынсыз вакцинациялау
108.D97.311.050Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау
109.D02.001.008Тыныс алу гимнастикасы
110.D02.002.008Топтық ЛФК
111.D02.003.008Жеке ЛФК
112.D04.001.000Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту
113.D04.002.000Науқастар мен олардың отбасыларын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылау, өзін-өзі және өзара көмек көрсетуге үйрету
114.D04.003.000"Қызу желі" телефоны бойынша консультация
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері көрсететін ем-шара кабинеті қызметтердің тізбесі
115.D99.590.022Бұлшықетішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)
116.D99.590.023Венаішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)
117.D99.590.024Теріасты инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 2-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт / учаскелік педиатр дәрігер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі

№ р/сҚызметтердің кодыҚызметтердің атауы
1.A01.001.000Қабылдау: Учаскелік терапевт
2.A01.001.002Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік терапевт
3.A01.001.003Патронаж: Учаскелік терапевт
4.A01.001.004Актив: Учаскелік терапевт
5.A01.001.005Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Учаскелік терапевт
6.A01.001.006Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Учаскелік терапевт
7.A01.001.007Пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік терапевт
8.A01.002.000Қабылдау: Учаскелік педиатр
9.A01.002.002Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік педиатр
10.A01.002.003Патронаж: Учаскелік педиатр
11.A01.002.004Актив: Учаскелік педиатр
12.A01.002.007Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік педиатр
13.A01.003.000Қабылдау: Жалпы практика дәрігері
14.A01.003.002Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Жалпы практика дәрігері
15.A01.003.003Патронаж: Жалпы практика дәрігері
16.A01.003.004Актив: Жалпы практика дәрігері
17.A01.003.005Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Жалпы практика дәрігері
18.A01.003.006Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жалпы практика дәрігері
19.A01.003.007Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Жалпы практика дәрігері
Зертханалық диагностика (білікті көмек)
20.B02.061.002Қол әдісімен қандағы эротроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) Вестерген әдісімен өлшеу
21.B03.864.003Экспресс әдісімен қандағы гемоглобинді анықтау
22.B03.865.003Экспресс әдісімен қандағы лейкоциттерді анықтау
23.B03.867.003Экспресс әдісімен тропонинді анықтау
24.B03.868.003Экспресс әдісімен гликириленген гемоглобинді анықтау
25.B03.869.003Экспресс әдісімен протромбиндік уақытта портативтік талдауышта МНО-ны анықтау
26.B06.672.012АВО жүйесінде стандартты сарысулармен қан тобын анықтау
27.B06.673.012АВО жүйесі бойынша моноклоналдық реагенттермен стандартты сарысумен (цоликлондармен) қан тобын анықтау
28.B06.677.012Қандағы резус-факторды анықтау
Функциялық және аспаптық диагностика
29.C02.001.000Электрокардиографикалық зерттеу (12 жалғамдық)
30.C02.033.000Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі спирография
31.C02.048.000Динамометрия
32.C02.054.000Пульсоксиметрия
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 3-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының әлеуметтік қызметкері және тартылған психолог қызметтерінің тізбесі

№ р/сҚызметтердің кодыҚызметтердің атауы
Психологтың қызметтері
1.A01.005.000Қабылдау: Психолог
2.A01.005.001Бала суицидінің профилактикасы бойынша сабақтар өткізу: Психолог
3.A01.005.002Мінез-құлық және психикалық белсенді бұзылуларға күдіктенген кезде қабылдау: Психолог
4.A01.005.003Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделу мәселелері бойынша консультация беру: Психолог
5.A01.005.004Ұйымдастырылған ұжымдардағы балаларды қабылдау: Психолог
6.A01.005.005Жастар денсаулық орталығында қабылдау: Психолог
7.A01.005.009Созылмалы аурулармен ауыратын пациентті өзіндік менеджментке үйрету: Психолог
8.A01.005.010Актив: Психолог
9.A01.006.000Қабылдау: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
10.A01.006.001Медицаналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
11.A01.006.002Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
12.A01.006.003Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
13.A01.006.004Үйге шақырту: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
14.A01.006.005Актив: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
15.A01.007.000Қабылдау: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
16.A01.007.001Медициналық-әлеуметтік зерттеп-ұйымдастыру және жүргізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
17.A01.007.002Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
18.A01.007.003Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
19.A01.007.004Үйге шақырту: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
20.A01.006.005Актив: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 4-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгіну себептері

№ р/рЖүгіну себептерінің тобыЖүгіну себептерінің атауы
1АуруыЖіті аурулар (жай-күйі)/ Созылмалы аурулардың асқынуы
Әлеуметтік мәні бар ауруға күдіктенгенде
Ауруы бойынша қашықтықтан консультация беру
Актив
Медициналық реабилитация (3 деңгей)
Стоматологиялық көмек
2ЖарақатЖіті жарақат (Травмпункт, АЕҰ)
Жарақаттың салдары (АЕҰ)
3ПрофилактикаПрофилактикалау мақсатындағы жүгіну (скринингтен басқа)
Иммунопрофилактика
Скрининг (профилактикалық қарау)
Патронаж
Отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер
Антенатальді байқау кезінде қабылдау
Постнатальді байқау кезінде қабылдау
Білім алушылардың денсаулығын сақтау бойынша қызметтер (мектеп медицинасы)
Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар
Ақылы медициналық қарау
Стоматологиялық қызметтер
4Динамикалық (диспансерлік) байқауСозылмалы аурулармен ауыратындарды динамикалық байқау (оның ішінде АББ)
5Медициналық әлеуметтік қызметтерМедициналық әлеуметтік қолдау
Психологиялық қолдау
6ӘкімшілікӘкімшілік
Медициналық әлеуметтік сараптамаға құжаттар ресімдеу
Рецепт жазу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 5-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша

Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі

№АХЖ кодының нозологиясыТексеріп-қарау кезеңділігіЗертханалық диагностикалық зерттеулердің минимумыесептен шығару үшін ұзақтығы және өлшемшарттары
ОМҚ тексеріп-қарауыМСАК дәрігерінің тексеріп-қарауыБейінді мамандардың тексеріп-қарауызерттеужиілігі
12345678
1. Инфекциялық және паразиттік аурулар
1.В (B18, B18,0, B18,1, B18,2, B18,8 қоса алғанда) және С және Д созылмалы вирустық гепатит, бауырдың циррозынсыз.3 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет гастроэнтеролог және/немесе инфекционисттромбоциттермен жалпы қан талдауы6 айда 1 ретсозылмалы В, С (F2 фиброзды сатысында) және D вирустық гепатиті кезінде өмір бойы; С созылмалы вирустық гепатиті (F1 кем фиброз сатысында) кезінде вирусты жойғаннан кейін есептен алынады
Қанның биохимиялық талдауы: аланинаминотрансфераза (АЛаТ) аспартатаминотрансфераза (АСаТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, альфа фетопротеині (АФП)6 айда 1 рет
Коагулограмма: халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)6 айда 1 рет
В вирустық гепатитіне (HBV-ДНК) сандық талдауы оң болған жағдайда сапалы В вирустық гепатитінің (HBV-ДНК) полимеразалық тізбектік реакциясы6 айда 1 рет
бауырдың УДЗжылына 1 рет
бауырдың түзу емес пульстік эластометриясы (фиброскан)жылына 2 рет
2. Қанайналым жүйесінің аурулары
2Артериялық гипертензия: 2.1. Эссенциалды (алғашқы) гипертензия, I10; 2.2. Жүректің гипертензиялық ауруы (жүректі басымырақ зақымдайтын гипертониялық ауру), I11; 2.3. Бүйректерді басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру, I12; 2.4. Жүрек пен бүйректі басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру; 2.5. Салдарлық гипертензия, I15;орташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 3 айда 1 рет, жоғары және өте жоғары қаупі бар және емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін айына 1 реторташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 6 айда 1 рет, жоғары және өте жоғары қаупі бар пациенттер мен емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін - 3 айда 1 ретжылына 1 рет кардиологжалпы несеп талдауыжылына 1 ретөмір бойы
қанның биохимиялық талдауы: төмен тығыздықтағы липопротеидтерді анықтаужылына 1 рет
электрокардиограммажылына 1 рет
артериялық қысымды тәуліктік бақылау (24 сағат)жылына 2 рет
эхокардиографияжылына 2 рет
3Жүректің ишемиялық ауруы: 3.1. Жүрек қыспасы, I20.0 **; 3.2. Жүрек қыспасының басқа түрлері, I.20.8; 3.3. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I253 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет кардиологтөменгі тығыздықтағы липопротеидтерді анықтау6 айда 1 рет;өмір бойы
эхокардиография6 айда 1 рет;
электрокардиограмманың холтерлік мониторингі (24 сағат)жылына 1 рет
тредмил тестжылына 1 рет
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50;3 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет кардиологкреатининжылы 1 ретөмір бойы
электрокардиограммажылы 1 рет
эхокардиографияжылы 1 рет
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50 механикалық қондырғы имплантациядан кейінгі жай-күйі, Z 95.83 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет кардиологХалықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)Нысаналы нәтижеге қол жеткізгізгенге дейін аптасына 1 рет, кейін айына 1 ретөмір бойы
Қанның биохимиялық талдауы: креатинин, аланинаминотрансфераза (АЛаТ) аспартатаминотрансфераза (АСаТ), лактатдегирогеназа (ЛДГ), бос гемоглобин, жалпы билирубин, қандағы глюкоза, калий,натрийалғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет
тромбоциттермен жалпы қан талдауы, қан ағу, қан ұю, ұзақтығы6 айда 1 рет
Натриуретикалық гормон, Виллебранд факторы6 айда 1 рет
эхокардиографияалғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет
электрокардиография3 айда 1 рет
кеуде клеткасы органдарының рентгенографиясыжылына 1 рет
эзофагогастродуоденоскопияжылына 1 рет
брахиоцефалды тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясыжылына 1 рет
4Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық ауруы: 4.1. Цереброваскулярлық аурулар, I65-I69 ***; 4.2. Ми инфаргін тудырмайтын прецеребралдық артерияның бітелуі мен тарылуы, I65 4.3. Ми инфаргіне әкелмейтін ми артерияларының бітелуі мен тарылуы, I66 4.4. Ми-тамырлық басқа аурулар, I67 4.5. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысында ми тамырлырының зақымданулары, I68 4.6. Ми-тамырлық аурулардың салдарлары, I69 4.7. Қол артерияларының эмболиясы және тромбозы, I74.2; 4.8. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы қолқаның қабынуы, I79.1брахиоцефалдық бағанның ультрадыбыстық доплерографиясы6 айда 1 ретөмір бойы
4.9. Мидың торлы қабығы астына қан құйылу, I60 Мидың ішіне қан құйылу, I61 Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқа қан құйылу, I62 Ми инфаргі, I63 Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу, I64тромбоциттер есебімен жалпы қан талдауы6 айда 1 ретөмір бойы
халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)6 айда 1 рет
қанның биохимиялық талдауы: липидті спектр, қан глюкозасы6 айда 1 рет
Инсульт алған науқастарға брахиоцефалдық артерияның ультрадыбыстық допплерографиясы6 айда 1 рет
электрокардиограммакөрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін
кардиоэмболиялық инсульт алған науқастарға эхокардиографиясыкөрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін
Миішілік қан құюлары бар науқастардың артериялық қысымды тәуліктік бақылауы (АҚТБ)көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін
5Жүрек қақпақшасының зақымдануы: 5.1. Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, I05-I09; Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары, I05 Қолқа қақпақшасының ревматикалық аурулары, I06 Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары, I07 Бірнеше қақпақшалардың зақымдалуы, I08 Жүректің ревматикалық басқа аурулары, I09 5.2. Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес зақымдануы I34-I39 Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық емес Зақымданулары, I34 Қолқа қақпақшасының ревматикалық емес зақымданулары, I35 Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары, I36 Өкпе артериясы қақпақшасының зақымданулары, I37 Эндокардит, қақпақша анықталмаған, I38 Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы эндокардит пен қақпақшалардың зақымданулары, I393 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет кардиологэлектрокардиография6 айда 1 ретөмір бойы
эхокардиографияжылына 1 рет
Холтер бойынша электрокардиографияжылына 1 рет
6Көкірек ортасының фибрилляциясы және трепетаниясы, I483 айда 1 рет6 айда 1 рет. Көрсетілімдер бойынша жиілігі ұлғаюы мүмкінжылына 1 рет кардиологэлектрокардиография6 айда 1 ретөмір бойы
Холтер бойынша электрокардиографияжылына 1 рет
эхокардиографияжылына 1 рет
3. Қан және қан шығару ағзаларының аурулары
7.VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы, (D66); IX фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы, (D67); Виллебранд ауруы (D68.0); Қан ұйытатын басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы (D68.2)6 айда 1 рет6 айда 1 ретЖылына 2 рет гематологТромбоциттерді есептеумен қанның жалпы толық талдауы, қан кетудің ұзақтығы, қанның ұюыЖылына 2 ретӨмір бойы
4. Тыныс алу жүйесінің ауруы
8Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы: 7.1. Өкпенің созылмалы обструктивті өкпе ауруы, J44;6 айда 1 рет (A, B, жеңіл, орташа) 3 айда 1 рет (C, D, ауыр және өте ауыр)жылына бір рет (A, B түрі, жеңіл, орташа дәрежедегі); 6 айда 1 рет (C, D түрі, ауыр және өте ауыр)Жылына бір рет, пульмонологспирографияжылына 1 ретөмір бойы
пульсоксиметрияжылына 1 рет
эхокардиографияжылына 1 рет
7.2. Бронхиалды астма, J45жылына 1 рет (жеңіл дәреже) 6 айда 1 рет (орташа) 3 айда 1 рет (ауыр)жылына 1 рет (жеңіл дәреже) 6 айда 1 рет (орташа және ауыр)жылына бір рет, пульмонологспирография6 айда 1 ретөмір бойы
эхокардиографияжылына 1 рет
5. Ас қорыту жүйесінің ауруы
9Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы: 8.1. Эзофагитпен гастроэзофагеалды рефлюкс, K21.0; 8.2. Асқазанның және ұлтабардың ұлпасы, K25-K27; Асқазанның ойық жарасы, K25 Он екі елі ішектің ойық жарасы, K26 Орналасуы анықталмаған пептикалық ойық жара, K27 8.3. Созылмалы атрофиялық және көпфокальды гастрит, K29.4; 8.4. Асқазанның полипозы (полипозы), K31.7;3 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына бір рет, гастроэнтерологэзофагабаструдодиоскопияжылына 1 ретклиникалық және аспаптық құралдардың болмауы 3 жыл ішінде ауру белгілері
гистологиялық зерттеу - 3 комплекстік категориядағы жедел-биопсиялық материалдарды дайындаужылына 1 рет
10Инфекциялық емес энтерит және колит: 9.1. Крон ауруы, К50 9.2. Жаралы колит, K51 9.3. Инфекциялық емес гастроэнтерит және колит, K526 айда 1 рет1 жылда 1 ретжылына 1 рет, гастроэнтерологкүрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеумен эзофагабастродуоденоскопия дайындау,жылына 1 ретөмір бойы
күрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок препаратын гистологиялық зерттеумен фибреэктосигмойдоскопияжылына 1 рет
11Бауыр циррозы, K70-K76 Бауырдың уыттық зақымдануы, K71 Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі, K72 Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит, K73 Бауыр фиброзы мен циррозы, K74 Бауырдың басқа қабынба аурулары, K75 Бауырдың басқа аурулары, K763 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет, гастроэнтерологтромбоцитпен жалпы қан талдауы3 айда 1 ретөмір бойы
қанның биохимиялық талдауы: аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) анықтау, аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) анықтау, қан сарысуындағы билирубинді, креатининді, альбуминді анықтау3 айда 1 рет
халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ)6 айда 1 рет
бауыр мен көкбауырдың УДЗ6 айда 1 рет
2 см дейін өспесі бар жағдайда ГЦК диагнозын қою қиын кезінде:
бауырдың УДЗ3-4 айда 1 рет
альфафетопротеинді анықтау (АФА)3-4 айда 1 рет
бауырдың түзу емес пульстік эластометриясыжылына 1 рет
эзофагогастродуоденоскопия (көрсетілімдер болмаған жағдайда)6 айда 1 рет
6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы
12Артропатиялар, дорсопатиялар: 11.1. Ревматоидты артрит, М 06 – М05; 11.2. Анкилоздаушы спондилит (Бехтерев ауруы), M45; 11.3. Жасөспірімдердің (ювенилдік) идиопатиялық артриті, M086 айда 1 ретжылына 1 ретжылына 1 рет ревматолог, офтальмологжалпы қан талдауыжылына 2 ретөмір бойы
қанның биохимиялық талдауы: "С" реактивті ақуызының (CРА), қан креатининін, қан глюкозасын (глюкортикостероид қабылдайтын пациенттер үшін) анықтау, аланинаминотрансферазаны (АЛаТ), аспартатаминотрансферазаны (АСаТ), қан сарысуындағы билирубинді (цитостатиктерді қабылдайтын пациенттер үшін) анықтау
В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау6 айда 1 рет
зақымданған сегменттің рентгенографиясыжылына 1 рет
жамбас сүйектің рентгенографиясы (жамбас сүйек басының асептикалық некрозы анықталғанда)жылына 1 рет
эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін)жылына 1 рет
13Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы: 12.1. Түйінді полиартерит пен сол тектес жағдайлар, M30 12.2. Басқа өлі еттендіруші васкулопатиялар, M31 12.3. Жүйелі қызыл жегі, M32-32.9 12.4. Дерматоплимиозит, M33-M33.9 12.5. Жүйелік беріштену (жүйелі склеродермия), M.34-M34.9 12.6. Дәнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы, M.353 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына бір рет ревматологқан креатинині6 айда 1 ретөмір бойы
жалпы қан талдауы6 айда 1 рет
жалпы несеп талдауы6 айда 1 рет
қан сарысуында "С" реактивті ақуызды жартылай санды/сапалы анықтау6 айда 1 рет
қан глюкозасы (глюкортикостероидтар қабылдайтын пациенттер үшін)6 айда 1 рет
В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау6 айда 1 рет
жылына 2 рет кеуде қуысы органдарын кешенді рентгенографиясы (цитостатиктер қабылдайтын пациенттер үшін)6 айда 1 рет
Эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін)6 айда 1 рет
7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасы бұзылулары
14Балалардағы 1 типті қант диабеті, E 10Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 ретДиабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 ретДиабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет эндокринологқандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау3 айда 1 ретөмір бойы
Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатининіжылына1 рет
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопияжылына1 рет
электромиографияжылына1 рет
Ересектердегі 1 типті қант диабеті, E 103 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына бір рет эндокринологқандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині, липидті спектр3 айда 1 ретөмір бойы
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопияжылына1 рет
электромиографияжылына1 рет
Қант диабеті E11 - E11.9,3 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына бір рет эндокринологқандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині3 айда 1 ретөмір бойы
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия липидті спектржылына1 рет
15Қалқанша безі ауруы: 14.1. Диффузды токсикалық зоб. Тиреотоксикоз, Е05 – Е05.9 14.2. Гипотиреоз, Е02;6 айда 1 ретжылына 1 ретжылына бір рет эндокринологиммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы бос тироксинді (Т4), тиреотроптық гормонды (TТГ), жалпы трииодотиронинді (Т3) анықтаужылына 1 ретөмір бойы
8. Жүйке жүйесінің ауруы
16Эпилепсия, G 406 айда 1 ретЖылына 1 рет. Көрсетілім бойынша жиілік ұлғаюы мүмкінжылына 1 рет неврологэлектроэнцефалографияжылына1 ретөмір бойы
17Балалардың сал ауруы, G 803 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет неврологGMFCS шкаласы – балалардың сал ауруы бар балалардың қозғалыс мүмкіндігін анықтау6 айда 1 ретөмір бойы
Бартел күнделікті өмірдегі белсенділік индексі6 айда 1 рет
9. Жыныс жолдарының ауруы
18Гломерулалық аурулар: 17.1. Бүйректің созылмалы қабыну синдромы, N03; 17.2. Нефроздық синдром, N04;3 айда 1 рет6 айда 1 ретжылына 1 рет нефрологнесептегі ақуызды анықтау6 айда 1 ретөмір бойы
қанның биохимиялық талдауы: креатининді, мочевинаны, жалпы холестеринді, жалпы ақуызды, қан сарысуындағы глюкозаны анықтау6 айда 1 рет
Созылмалы бүйрекжеткіліксіздігі (N18), бүйрек зақымдануының терминалдық сатысы(N18.0), Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің басқа да белгілері (N18.8)6 айда 1 ретЖылына 1 ретНефролог жылына 2 рет, қажет болған жағдайда, басқа мамандар айғақтар бойыншаҚанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы (несептегі ақуызды анықтау)3 айда 1 ретӨмір бойы
Қанның биохимиялық талдауы: креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, калий,натрий, холестерин, глюкоза6 айда 1 рет
Бүйрек УДЗайғақтар бойынша
19Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы, N116 айда 1 ретЖылына 1 ретжылына 1 рет нефрологжалпы клиникалық зәр талдауы (жалпы зәр талдауы)жылына1 рет3 жыл ішінде рецидивтің болмауы
20Қуық асты безінің гиперплазиясы, N406 айда 1 ретЖылына 1 ретжылына 1 рет урологиммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы жалпы қуықасты безі ерекше антигенді (PSA) анықтаужылына1 рет3 жыл ішінде рецидивтің болмауы
21Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы, N606 айда 1 ретЖылына 1 ретжылына 1 рет гинеколог, маммологмаммография (4 сурет), сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуіжылына1 ретөмір бойы
22Әйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес ауруы: 21.1. Эндометрия, N80; 21.2. Әйелдер жыныс ағзаларының түймешігі, N84; 21.3. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы, N85.0; 21.4. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы, N 85.1; 21.5. Жатыр мойнының жалақ жарасы мен эктропионы, N86; 21.6. Жатыр мойны сілемейлі қабықтарындағы ақшыл дақтар, N88.0;6 айда 1 ретЖылына 1 ретжылына 1 рет гинекологонкоцитологияға жағынды жинаужылына1 ретПроцестің шешімінен кейін 6 айдан соң
Анабездің қатерсіз өспесі, D276 айда 1 ретЖылына 1 ретжылына 1 рет гинекологкіші жамбастың ультрадыбыстық зерттеуіжылына1 рет3 жыл ішінде рецидивтің болмауы
10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар
23Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы, P.2.11 жасқа дейін Айына 1 рет, Бұдан әрі 6 айда 1 ретЖеңіл дәрежеде 1 жасқа дейін 6 айда 1 рет Бұдан әрі қажеттілкке қарай; Орташа және ауыр дәрежеде 1 жасқа дейін 3 айда 1 рет Бұдан әрі 3 жасқа дейін 6 айда 1 рет, одан соң жылына 1 ретБірінші жылы байқауда 3 айда 1 рет, балалар пульмонологыКеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзалардың компьютерлік томографиясыжылына1 ретөмір бойы
эхокардиографияжылына1 рет
11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар)
24Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары: 24.1. Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q20; 24.2. Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q21; 24.3. Өкпе және үш жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q22; 24.4. Қолқа және қос жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q23; 24.5. Жүректің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q24; 24.6. Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері), Q25;3 айда 1 рет6 айда 1 ретБайқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет құрамында балалар кардиологымен, бұдан әрі көрсетілімдер бойыншаэхокардиография, электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық)Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет2 жыл, бірақ өкпенің гипертониясын, қалдық шунды және клапанның жетіспеушілігін сақтауға – өмір бойы
электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық)Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет
25Туа біткен ақаулары: 25.1. Өңештің туа біткен ауытқулары, Q39 25.2. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген туа біткен ауытқулары, Q791-ші 6 ай ішінде айына 1 рет. Содан кейін 1 жылға дейін 3 айға 1 рет. 2 жастан бастап 6 айда 1 рет1 жыл ішінде 3 айда айына 1 рет. 2 жастан бастап 6 айда 1 ретЖылына 1 рет құрамында балалар хирургыменQ39-мен эзофагагастродуоденоскопияжылына 1 рет3 жасқа дейін байқау
Q79-де кеуде қуысы ағзалардың рентгенографиясы
25.3. Тоқ ішектің туа біткен жоқтығы, атрезиясы мен тарылуы, Q42Q42-де диагностикалық калибрленген неоанус бужированиесы неоанус (көрсеткіштер бойынша)

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-122 бұйрық, ҚР ДСМ-122-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-122, жүз жиырма екінші бұйрық, ҚР ДСМ-122 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.