Мақала
Бұйрықтар

№ 136 бұйрық (07.10.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қазанда № 40125 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
136
Қабылданған күні
07.10.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт
  2. Анатомиялық сыйды беруді және түсуді есепке алу журналы 20__ жылғы "__" ________ басталды

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21520 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарында :

1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 155-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды:";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 тіркелді) бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес жеке басы анықталмаған және айналасындағылары үшін қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ кемшілікті анықтау бөлігіне қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілген тұлғалардың ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) биомедициналық зерттеу жүргізу үшін анатомиялық сый ретінде беруге жатпайды.";

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Комиссияның құрамына анатомиялық сый беретін және анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымдарының, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптаманы жүргізген органның басшылары кіреді.";

көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы Ғылым

және жоғары білім министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 7 қазандағы № 136 Бұйрыққа 1-қосымша Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидаларына 1-қосымша

Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт

20__ жылғы "___"________________

_____________________________________________________________________

(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының басшысы бұйрығының

күні мен №) бұйрығымен

______________________________________________________________________

(шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық сыйды жасаған адамның тегі,

аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі немесе мәйіт табылған күнінен

бастап жиырма күннен бұрын емес мерзімде талап етілмеген мәйітті тіркеген нөмірі

мен күні көрсетіледі) негізінде құрылған мынадай құрамдағы комиссия

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(анатомиялық сыйды жасаған адамның ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе)

тіндері (тіннің бөлігі) және Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе жынысын, жасын,

нәсілін, денесінің көлемін және басқа да жеке ерекшеліктерін көрсете отырып, талап

етілмеген мәйіт көрсетіледі)

_________________________________________________________________________

(қайтыс болу себебі) анатомиялық сый деп таныды және "Халық денсаулығы және

денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының

негізінде осы акт арқылы ағзалары (ағзаның бөлігі) тіндерді (тіннің бөлігі) және

(немесе) талап етілмеген мәйітті (қажеттігінің астын сызу)

________________________________________________________________________

(анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы)

биомедициналық зерттеулер жүргізу және (немесе) оқу мақсаттары үшін ғылыми,

ғылыми-практикалық мақсаттарда пайдалану үшін.

___________________________________________________________________-дан

(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы)

_____________________________________________________________________

______________________________________________________________ -ға береді.

Осы акт 2 данада жасалды.

Комиссия мүшелерінің тегі,аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы

_________________________________________________________________________

______________________________________________________________ (күні)

Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының М.О. (ол болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 7 қазандағы № 136 Бұйрыққа 2-қосымша Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидаларына 2-қосымша

Анатомиялық сыйды беруді және түсуді есепке алу журналы 20__ жылғы "__" ________ басталды

Р/с №Анатомиялық сыйды жасаған адамның немесе талап етілмеген мәйіттің сипаттамалары*Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні**Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні**Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің нөмірі мен күні**Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауыБерілген күні (талап етілмеген мәйітті берген жағдайда оның табылған күні көрсетіледі)**Анатомияық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауыАнатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолыАнатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және қолы
12345678910

Ескертпе:

* талап етілмеген мәйіттің жынысы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да ерекше белгілері көрсетіледі.

** күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Іздеу атаулары: №136 бұйрық, 136-бұйрық, приказ 136, жүз отыз алтыншы бұйрық, 136 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.